Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет64/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
Абай поэтика

Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы, болсаңыз
Здравомыслящий,
Ақыл айтпай ма ағасы.

Абай поэзиясының ұлылығы «генеративті» (терминді ғылыми негіздеп ұсынған профессор Золотова Г.А. Композиция и грамматика. Мына сайтта: danefae.org/pprs/grigor/zoloto.htm) сипатында. Өлең мәтіні тек Семей интернатында оқығандарға арналғанымен, мәні әмбебап өмірлік тәжірибені анықтайды.


Абай өлеңдерінің жаны да мәні де - генеративтілігінде. Тұжырымды ой, толымды пікір, түйінді сөз, дара әрекеттен жалпы мән тану. Сондықтан да ол уақытқа, мекенге яғни мекеншаққа бағынбайды. Мәтін динамикалық ойлау процесінде бір тезбен жазылып, еркін де менталды ойлау әрекетін айқындай түседі. Бір қарағанда, «Интернатта оқып жүр» өлеңі «осында және қазір» болған әрекетті айтып тұрғандай болғанымен, ол «әр жерде және үнемі» болған, болады, бола бермек. Оқудың бәрі бір оқу емес, нені оқу және не мақсатпен оқу деген сұрақ әрқашанда, әркімді де мазалауы керек.
Көркем мәтіннің эстетикалық табиғаты!
Алғаш А.А. Потебня еңбектерінде жазылып, кейін кеңес кезеңіндегі ғылыми зерттеулерде терең қарастырылған тақырып бұл. Мәтіннің эстетикалық табиғатын қасиетті сөзден іздегендігімен де бұл зерттеу біз үшін құнды. «Бейнеліліктің негізі сөздің ішкі формасында, ал сөздің өзі осы түсінігінде көркем шығарманың өзі, яғни поэтикалық құрылыс, әрбір сөздің қызметі – көркем шығармада» [Потебня 1976].
Қазақ тіл білімінде жазылған зерттеулерде поэтикалық тілдің ерекшеліктері нақты деректермен талданып жазылған. Дей тұрғанмен, поэтикалық тілдің теориялық қисындары түгелденді ме, білмеймін. Қазақ сөзінің сыры тек, біздің ғалымдар тізбелеп жүргендей, қолданыстағы метафоралармен, метонимиялармен ғана өлшенбесе керек. Әртүрлі бейнелі қолданыстар сөздің ішкі мерейін өсіріп, ойдың көркемдігін ашатыны рас, әйткенмен, көркем мәтіннің эстетикалық табиғаты – түзу ойды тиянақты таңбалауында жатса керек. Поэтикалық сұлулық – сөздің сұлу қолданысында ғана емес, сұлу ойда. Түзу ойды таңбалау үшін, поэтикалық құрылымға сіңген сөзде ғана поэтикалық қасиет болады. Ал сөз қолданысының басты шарты сол – ол белгілі бір конструктивті қызмет атқаруы қажет [Бахтин 2006].
Ақын поэзиясына көңіл аударалық:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
Мені” мен “менікінің” айрылғанын
Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
Мәтіннің мәдени-рухани кеңістігіне назар аударыңыз! Мұнда ақын дүниетанымының сыры бар, қазақ мәдени-рухани болмысының сарыны бар, «дүние шіркінді» түсінуге арналған әмбебап қалып бар. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» - философиясы арқылы ақын он сегіз мың ғаламның арасынан Адамға берілген Санамен биіктеген «МЕННІҢ» мәңгілігін берісі ұлттық, арысы адамзаттық Ойға саңылау түсіре айғақтайды.
Мәтіндегі әрбір сөз терең ойды анықтауда өзіне артылған жүкті сезініп тұрғандай, серпіле қалғандай. Самарқау тұрған, селкеу тұрған сөз жоқ, әрқайсысы белгіленген концептік ұғымды анықтауға, ақын қолына түскен құралдық қызметіне барынша адал қызмет ету үшін, мағынасын толық ашып, көп валенттілігін, мағыналық тереңдігі мен жоғары аксиологиялық мәнін таныту үшін «жанын» салатындай. Өлеңнен боялған тіркес, бояма мағына, теңеу, эпитет таба алмадым. Сонда? Сонда, біздіңше, көркем мәтіннің эстетикалық табиғаты тек ондағы әдемі тіркестермен өлшенбек емес! Өлеңдегі эстетикалық талғам мен поэтикалық ОЛ – МӘНДЕ!!! Өлеңнің ішкі мәнінде! Өлеңдегі нақты семантикалық толығу мен эмоционалды-экспрессиялық бағалау – автордың суреткерлігіне ғана қатысты емес, сонымен бірге, сөз қолданысына да байланысты.
Сөзді ерекше шебер қолдану, әрі бұл шеберлік тұнып тұрған эпитетпен, троппен арқандалмайды, қарапайым сөзбен шегеленеді. Мәселе – мәнде. Өлеңнің бірінші шумағына назар аударалық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет