Үзіліссіз практика


Студент- практикантқа есіне



бет32/35
Дата31.12.2021
өлшемі263,5 Kb.
#21740
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
зіліссіз практика

Студент- практикантқа есіне
Студент міндеті: Мектептің жұмыс мерзімін, кестесін сақтау. Өзінің сыныбына сабақтың басталуына дейін келу, ерекше жағдайлар болмаса (сынып сабағы, қосымша сабақ, есеп беру т.с.с.) сабақ аяқталғаннан кейін шығу; өз сыныбының балаларын тосып алып, шығарып салу. Өз сыныбындағы істердің жағдайларымен таныс болу (балалардың сабақ босату себебі, қоңырау кезіндегі жағдайлар).

Мұғалімдерге, студент-практиканттарға аты-жөнін атап сөйлесу, ізет білдіру.

Оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен, студенттермен қайырымды, сыпайы болу.

Практика бойынша барлық тапсырмаларды орындау. Жоспар бойынша барлық тапсырмаларды орындау. Жоспар бойынша белгіленген уақыт мерзімінде оқытушыға есеп беру.

Жоспарда көрсетілген барлық қосымша кеңеске, сыныптық шараларға, сабақтарға қатысу.

Сабаққа келе алмай қалған жағдайда (ауырып қалу, басқа себепті жағдайлар), кешігіп қалған жағдайда алдын- ала оқытушыға студенттер арқылы мектепке хабарлау, келісімен практиканың басқарушысына себептерін түсіндіру. Өзінің сабақтағы барысы жөнінде мұғалімге ескерту.

Сынып жетекшісімен бірге мектепте болған кезде оқушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жауап беру.

Студент практиканттың соңғы күні – соңғы есеп беру күні екенін есте сақтау.

Талаптарды бұзу, тапсырманың орындалу сапасының төмендігі, практика жоспарын орындамау практиканың бағасын төмендетеді.

Студент:

- мектепте сырт және бас киіммен жүрмеу керек;



  • сыныпқа қоңыраудан кейін кірмеу;

  • сабақ кезінде сыныптан шықпау;

  • сабақта сөйлеспеу;

  • мектептен тыс шаралар (саяхат т.с.с.) кезінде балаларға басшылық жасау;

  • оқушылардың күнделіктері мен дәптерлерін тексеру;

  • мектепте немесе оның айналасында шылым шекпеу;

  • дөрекі қылықтар мен жат мінездер көрсетпеу;

  • кезекші мектеп басшылығына ескертпей сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру;

  • жұмыс дәптерін жоғалтпау немесе басқа біреуге бермеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет