Зоология пәнінен оқу-дала практикасын жүргізуге арналған әдістемелік



бет27/28
Дата07.01.2022
өлшемі5,84 Mb.
#20880
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Зоология Ботаника отчет

Балықтарды әдетте майда торлы аулармен, қармақпен аулайды. Ауланған балықтардың өлшемдерін алады. Этикетканы толтырып, оны балықтың ауыз қуысына немесе желбезек қақпағының астына тығады да, фиксациялайтын ерітіндіге салады.

Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардыаулаған соң оларды жансыздандырып, өлшеп, этикетка жазып, оны ауыз қуысына салып, құрсағын тіліп, реңін (түсін) жазып, арнайы ыдыстардағыконсерванттарға салады. Ескере кететін жағдай – кез-келген жыланды алдымен құйрығымен төмен қарай қапшыққа не банкаға түсіріп, сонан соң өте тез басын «лақтырып» тастау керек.

Құстарды жансыздандырған соң олардың өлшемдерін алады (сурет 21).

Сурет 21 . Құстарды өлшеу сызба-нұсқасы:


А-Б –жалпы ұзындығы;

Г-Д қанатының ұзындығы;

А-В –құйрығының ұзындығы;

а-б-қанатының құлаш ұзындығы


Өлшемдерін алып болған соң, құсты арнайы өңдейді және тұлыбын жасайды (сурет 22).

Сурет 22. Құстың дұрыс жасалған тұлыбы


Сүтқоректілерді ұстаған соң, оның денесінен эктопаразиттерді жинайды, оларды фиксациялаушы ерітіндіге салып, қандай жануардан алынғаны жайында этикетка жазып, оны пробиркаға салады. Сонан соң жануардың өлшемдерін алады (сурет 23).







Сурет 23 .Сүтқоректілерден өлшемдер алудың сызба-нұсқасы:

1-дене ұзындығы;

2-құйрығының ұзындығы;

3-құлағының биіктігі;

4-табанының ұзындығы


Журналға алынған деректер жазылады. Сойып, терісін сыпырады, оны шелдейді, яғни тері асты майынан тазалайды. Сыпырылған терісін мышьяк ерітіндісімен өңдейді. Терісін мақтамен толтырып, оған табиғи пішін беріп, тігеді (сурет 24).




Сурет 24. Майда сүтқоректілердің дұрыс жасалған тұлыптары
Этикетка жазылып бассүйегімен бірге аяғына мықтап байланады. Мұндай коллекциялық материалдар ұзақ уақыт өзінің ғылыми құндылығын жоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет