Оқу-дала практикасының құрылымы:1-оқытушының басқаруымен экскурсияға шығу - бұл оқу-дала практикасы кезінде атқарылатын жұмыстың негізгі формасы болып табылады(бұл кезде белгі маршрутта кездескен биотоптардың мекендеушілерінің алуантүрлілігімен танысады). Оқытушы кездескен жануарлардың қандай отрядқа жататыны айтады, ал оның түрін студенттер көзбен не дүрбі арқылы қарап, ерекше белгілерін (дене пішінін, түсін, мінез-құлқын және т.т.) сипаттайды және жұмыс дәптеріне жазады. Кездескен нысандардың суреттерін, мысалы, құстың ұясы, жануардың іні мен ізін және т.т. салып алуға болады (бұл бөлім университет қабырғасында оқылатын дәрістің кішкентай көшірмесі болып табылады); 2-экскурсияда көрген, бақылаған, ұстаған омыртқалыларды далалық лабораториялық жағдайда түрлі анықтағыш құралдардың көмегімен және өздерінің бақылаулары бойыншка анықтайды (бұны лабораториялық не практикалық сабақтардың альтернативі деп білерсіз); 3-студенттердің өзбетінше жұмысы. Бұл дегеніміз далалық лаборатория жағдайында оқытушының көмегімен анықтау принципін меңгерген соң студент қалғандарын өз бетінше (не жеке, не шағын топ болып) анықтау (бұл әрине СӨЖ және СӨОЖ-ге сәйкес құрылым). 4- қорытынды есеп беру (практикада алған біліміңізді қорғау деп есептесеңіз болады, яғни университеттегі қабылданатын қорытынды бақылау деген сөз).
Оқу-дала практикасында және зертханада қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері
Кез-келген жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтауеңбек қорғау саласының басты қағидасы болып табылады. Оқу-дала практикасында да қауіпсіздік ережелерін сақтау, ең алдымен экскурсияда, әрбір білім алушының міндеті болып саналады. Олар: 1-студентэкскурсия кезінде жетекшінің нұсқауларын мұқият тыңдап, оларды бұлжытпай орындау керек; 2-экскурсия кезінде қозғалыс оқытушы белгілеген маршрут бойынша жүргізіледі. Маршруттан өз бетінше ауытқуға, негізгі топтан қалып қоюға немесе топты жөнсіз тоқтатуға рұқсат етілмейді; 3-жетекшінің рұқсатынсыз білмейтін, танымайтын жәндіктерді ұстауға, құстың ұясын, сүтқоректілер мен жорғалаушылардың індерін тексеруге, жануарлар мен жәндіктерді аулауға не үркітуге, өсімдіктерді таптап, жоюға рұқсат етілмейді; 4-экскурсия кезінде таныс емес өсімдіктерді және олардың бөлімдерін (гүлі, сабағы, жапырағы, жемісі және т.т.), сонымен қатар басқа нысандарды да тағам ретінде пайдалануға тыйым салынады; 5-экскурсия кезінде ас ішуге болмайды; 6-экскурсиядан оралған соң міндетті түрде қолды жуу, палаткағы кірмей тұрып сырт киімді қағу керек. Палатканың ішінде шешініп бір-бірінің үстін тексеріп, жабысқан кене не басқа жәндіктер болса, алып тастау керек; 7-бірден суға шомылуға болмайды, шомылу алдында аяқ-қолды салқын сумен шаю керегін ұмытпаған жөн.
Егер практика қалалық жағдайда өтсе, онда 1-зертханада жиналған материалдармен (тұлып, тері, омыртқасыздардың жиынтықтары (коллекциялары), ылғал материалдармен-балықтар, амфибиялар, жыландар мен кесірткелер және кесірттер-жұмыс жасағанда міндетті түрде резина қолғап кию керек; жұмыс аяқталған соң қолғаптар тасталады, құрал-жабдықтар жуылады және кептіріледі; 2-зертханада тамақ жеуге, сусын ішуге, темекі шегуге және т.б. рұқсат етілмейді; 3-зертханада жүгіруге және секіруге, оқыс қимыл-қозғалыс жасауға болмайды, өйткені материалдарды өңдейтін заттардың шашылуына, төгілуіне себепші болады. Жиналған материалдармен және коллекциялармен өте абайлап жұмыс жасау керек.
Практиканы өткізу кезінде әртүрлі төтенше жағдайлар болуы мүмкін. Ең көп кездесетіні – терінің зақымдануы болып табылады. Ыңғайсыз (тар) аяқкиім кигенде тері қажалады. Бұл жағдайда (тері қызарған жағдайда) қажалған жерге жұмсартқыш крем жағады. Ал «сулы» көпіршік пайда болса, ол жерді иодпен өңдеп, бактерицидті пластырь жапсырған жөн. Ешуақытта оны инемен тесуге болмайды. Терінің зақымдануымен қатар буындардың созылуы да жиі кездеседі. Аяқты дұрыс баспағанда, сүрінгенде, тайып кеткендебуындар созылады. Бұл кезде зақымдаған жерге суық су басу керек немесе эластик бинтпен орап тастаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |