Этил спирті (этанол) жақсы консервілеуші сұйықтық болып табылады. Фиксатор ретінде 96%-қ және абсолютті (100%) этанол қолданылады. Майда буынаяқтыларды, гельминттерді фиксациялау үшін 70%-қ этанол пайдаланылады. Спирттің формалиннен артықшылығы: 1-жануарлар ұлпасы өзінің серпімділігін сақтайды; 2-спирттің исі адамға зиянды емес; 3-спирт өте төменгі температурада қатады; 4-сынамаларды қараңғы жерде сақтаса, олардың түсі бұзылмайды және т.т. Сонымен қатар спирт бұрыннан фиксацияланған нысандар үшін жақсы консервант болып табылады, ұлпаларды ешқандай өзгерістерге ұшыратпайды және ары қарай бояу процесіне әсерін тигізбейді.
Әдетте фиксациялауды бөлме температурасында жүргізеді. Температураны көтеру, бір жағынан, фиксация процесін жылдамдатады, ал екінші жағынан ұлпа құрылысын бұзады. Осыған орай температуралық режим тәжірибе арқылы таңдалып алынады.
Спирттің қажетті концентрациясын дайындау үшін мына кестені пайдалануға болады (кесте 1).
Кесте 1.
Қажетті концентрацияға дейін спирті сұйылтутәсілдері
100 мл ( %-қ)
спирт алу үшін
|
Спирт пен су қатынасы, мл
|
96%
|
90%
|
80%
|
70%
|
40%
|
42:58
|
44:56
|
50:50
|
57:43
|
45%
|
47:53
|
50:50
|
56:44
|
64:36
|
50%
|
52:48
|
56:44
|
63:37
|
71:29
|
60%
|
63:37
|
67:33
|
75:25
|
86:14
|
70%
|
73:27
|
78:22
|
88:12
|
-
|
80%
|
83:17
|
89:11
|
-
|
-
|
90%
|
94:6
|
-
|
-
|
-
|
Кей жағдайларда қайнаған ыстық сұйықтықтарды (мысалы, жалпақ құрттарды фиксациялау үшін ыстық Ценкер сұйықтығын, ал жұмыр құрттарды фиксациялау үшін қайнап тұрған Барбагалло сұйықтығын) пайдаланады.
Егер жиналған материал фиксациядан кейін бірден өңделмесе, онда оны, ең жақсысы, 70 %-қ этанолда сақтайды.
Фиксациялаушы сұйықтықтарды пайдалануға дайындық кезінде мына жалпы ережелерді сақтаған дұрыс:
1-фиксация үшін тап-таза шыны ыдысты-ең жақсысы ауызы кең және тығыны кедір-бұдырлы ыдысты-пайдалану керек;
2-фиксациялаушы ерітіндіге материалды салар алдында, оны жууға болмайды. Материалды қаннан, сілемейден және басқа да ластардан тазарту және тегістеу үшін оны жылы физиологиялық ертіндігне салған дұрыс;
3-фиксациялайтын ертіндінің көлемі фиксацияланатын материалдың көлемінен 20-40 есе артық болуы керек;
4-егер материалды салғаннан кейін фиксациялаушы ерітінді түрін өзгертсе немесе ол лайланса, онда оны тез арада ауыстыру керек;
5-пайдаланылған фиксациялаушы ерітіндіні екінші қайтара пайдалануға болмайды;
6-улы фиксациялаушы ерітінділермен, мысалы, формалинмен жұмыс жасағанда, фиксатордың буын иіскеуден сақ болу керек, сонымен қатар фиксаторлардың теріге тимеуін, тамаққа түспеуін қадағалаған жөн.
Енді формалин мен спирттен басқа фиксациялаушы ертінділердің құрамына тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |