Зоология пәнінен оқу-дала практикасын жүргізуге арналған әдістемелік



бет5/28
Дата07.01.2022
өлшемі5,84 Mb.
#20880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Зоология Ботаника отчет

Зақымданған (жарақаттанған) жерден қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем
Қан кету капиллярлық, артериалдық және веноздық болып бөлінеді. Капиллярлық қан кету тері жеңіл жарақаттанғанда болады. Бұл кезде қан тамшылап ағады. Артериалдық қан кету тері терең жарақаттанғанда пайда болады, қанның түсі алқызыл, жарақаттанған жерден қан шапшып ағады. Веноздық қан кету тері терең жарақаттанғаннан болады, қанның түсі қара қошқыл, ол үздіксіз және біркелкі ағады. Шамалы жарақаттанғанда ол жерді сутектің асқын тотығымен өңдейді. Кірді тазалайды, сонан соң йод (не зеленка) жағады немесе стрептоцид ұнтағын себеді, таңғышпен байлайды. Веноздық қан кеткенде ол жерді стерильді таңғышпен орап, бинтпен қатты тартып тастайды. Аяқ-қол зақымданса, оны жоғары көтеріп қояды. Артериалдық қан кеткенде оны қанаған жерден жоғары бұрау салып тоқтатады. Есте ұстайтын нәрсе бұрауды бір сағаттан артық салуға болмайды.
Уланғанда және күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем

Кездейсоқ, байқаусызда улы заттарды ішіп қойып уланған жағдайда зардап шегушінің басы ауырады, лоқсиды, басы айналады, жүрек соғуы әлсірейді, есін жоғалтады. Бұл жағдайда оны құстырып, оған активтенген көмір береді. Өз бетімен құспаған жағдайда ас содасы қосылған жылы су беру қажет. Тамақ және су беруге болмайды. Уланған адам ұйықтаған жағдайда оны сол бүйіріне жатқызу керек.

Күю жоғары температура (ыстық температуралы заттан күю) немесе күн сәулесінен (күннен күю) және де химиялық заттардан (химиялық күю) болуы мүмкін. Күю кезінде негізінен тері және теріасты ұлпа зақымданады, ал оның зардабы бүкіл организмге әсер етеді.

Температуралық күйіктерге шамадан тыс дене қызуы, ыстық ұру, күн өту жатады. Ыстықта ұзақ уақыт жұмыс жасаудан шамадан тыс дене қызады. Оның белгілеріне жалпы әлсіздік, бас айналуды сезіну, бас ауруы, тәбеттің болмауы, лоқсу, терінің сұрлануы, суықтауы және жабысқақ болуы жатады. Аяқ-қолы сырқырап ауырады. Ыстық ұру кезінде тер бөлінуінің бұзылуы нәтижесінде адам есінен танады, денесі ысиды және құрғайды.

Күн өту жағдайында жалаңбас жүргеннен бастан күн өтіп, қан басқа шапшиды, құлақ шыңылдайды, әлсіздік пайда болады, бас айналады, шөлдейді, жүрек әлсіз қағады, көзі қарауытады, асқазаны аурып, іші өтеді. Күн қатты өтіп кетсе, аяқ-қол тартылады, лоқсиды, есінен айырылады. Денесі ысып, қызарады, қарашығы ұлғаяды.

Ыстық ұрудың барлық түрлерінде зардап шегушіні салқын жерге апарады, мойны мен кеудесін босатады, басына, мойнына және кеудесіне салқын компресс қойып, дене температурасын төмендетеді.
Кенелер және насекомдар шаққанда көрсетілетін көмек
Практика кезінде студенттер көп уақытын табиғатта өткізеді. Осыған орай олар кенелермен, жабайы аралармен және басқа да шағатын насекомдармен тұрақты түрде кездеседі. Сол себепті экскурсияға шығар алдында түрлі дезодранттар, су сабындар және басқа да иіс шығаратын заттарды пайдаланбау керек. Егер аталған омыртқасыздар шаққан жағдайда дененің шағылған жерін мұқият қарап, олардың теріде қалып қойған шағатын аппаратының ұшын алып тастауға тырысу керек. Одан соң қызарған не іскен жерді сұйытылған аммиак спиртімен (нашатырный спирт) немесе марганцовканың әлсіз ерітіндісімен өңдеу керек (бұл заттар жетекшіде болуы міндетті). Егер лагерге жақын жерде шақса, онда айтылған заттардан басқа қолда бар жалбыз, ментол немесе басқа бір зат қосылған тіс пастасын (геллді емес) пайдалануға болады. Халық медицинасында пайдаланатын жалбыздың, бақбақтың, жолжелкеннің,ақжелкеннің немесе пияздың жаңадан үзіп алынған жапырақтарын да қолдануға болады. Ол үшін жапырақты майдалап турайды және шаққан жерге таңып, мезгіл-мезгіл алмастырып отырады.

Экскурсия кезінде кене жабыспас үшін ағаш көлеңкесінде көп отырып демалуға болмайтынын есте ұстаған абзал. Экскурсиядан, әсіресе орман-тоғайдан қайтып келген соң киімді шешіп, қарапжәне сілку керек. Сонан соң денені толық қарап шығу қажет. Егер кене жабысқан жағдайда оны тартып алуға болмайды. Ең дұрысы шаққан жерге май, вазелин немесе басқа бір қоймалжың сұйықтық не крем жақса болады. Кене тұншығып, өзінен өзі түсіп қалуы керек. Бірақ бұл әдіс тәжірибе көрсеткендей 30-50 минутке созылады. Кене немесе басқа шағатын насекомдардың шаққан жерін қасуға болмайды!!!



Оқу-дала практикасы өтетін ауданның қысқаша сипаттамасы

Қазіргі таңда, яғни XXI-ғасырдың алғашқы онжылдықтарында оқу-дала практикасы өтетін негізгі аудан – Іле өзенінің төменгі ағысының оң жағалауындағы шөлді аймақ. Дәлірек айтсақ Қапшағай бөгетінен 40-50 км төмен орналасқан Кербұлақ жазығының тұсындағы алуантүрлі биотопты территория (сурет 1).



Сурет 1. Оқу-дала практикасы өтетін территориядағы студенттік лагерь

Оқу-дала практикасы өтетін аудан Іле өзенінің аңғарында орналасқан. Бұл аңғар – көптеген жануарлар мен жәндіктердің тіршілік етуіне өте қолайлы орын. Өйткені бұл жерді жылдың барлық маусымдарында су көзіне деген тапшылық байқалмайды және табиғи биотоптар кезектесіп алмасып орналасады. Өсімдік өнімділігі нағыз шөлді аудандармен салыстырғанда біршама жоғары болып келеді. Өзен аңғарындағы жайылма тоғайларда өскен қаншие (селитрянка), жиде, жүзгін, шеңғел және т.б. да шөптесін өсімдіктердің жемістері мен тұқымдары қорек қоры ретінде пайдалануымен қатар, жыртқыштардан (жауларынан) қорғанатын пана да болып табылады. Студенттік лагерь орналасқан шоқ-шоқ жайылма тоғайлардағы биік ағаштар мен бұталарды ұялайтын құстардың түрі баршылық. Олардың кейбіреклері ағаштарда ұялап, қоректену үшін ашық алаңдар мен құмдарға ұшып барады. Елді мекендерде тіршілік ететін түрлер де қоректену үшін басқа биотоптарға барады. Осыған орай экскурсиялар кезінде студенттер түрлі биотоптардан бір түрдің өкілдерін кездестіре алады. Практика өтетін аудан кешенді құмды шөлді аймақ, шөлді кешен жартылай бекінген, аласа биікті жалды құмдардан, ашық жазықтардан, түрлі ағаштар өскен тоғайлардан, тасты жарлардан тұрады. Шағын шаруашылық қожалықтар орналасқан елді мекендер, өзен бойында сазды жерлер де баршылық. Осы айтылғандардың барлығы Қазақстанның шөлді аймақтарының фаунасымен студенттерді алғашқы зоологиялық нысандармен таныстыруға біршама жеткілікті деп ойлаймыз.

Практика өтетін территорияда жануарлардың тіршілігіне қажетті барлық жағдайлар бар. Жоғарыда айтылғандай жиде, тал, жыңғыл, шеңгел, тораңғы және басқа да сүректі ағаштар, шөптесін өсімдіктер жеткілікті. Бұлар ұялауға, баспана салуға, қорегін табуға көмектеседі, қорғаныштық қызмет атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет