Зоология пәнінен оқу-дала практикасын жүргізуге арналған әдістемелік



бет6/28
Дата07.01.2022
өлшемі5,84 Mb.
#20880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Зоология Ботаника отчет

Далалық экскурсия жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру
Практика алдында техникалық қауіпсіздық жайында инструктаж өткізіп, студенттерді лагерде, практика өтетін жердегі табиғатта, орман-тоғайда, суда өзін ұстау ережелерімен таныстырады. Техникалық қауіпсіздық ережелері типтік болып саналады және оныУниверситет ректоры бекітеді

Инструктаж жүргізілген соң студенттерге практиканы өткізу тәртібін түсіндіреді, оған күн тәртібі, экскурсиялық, зертханалық сағаттар саны және өзіндік жұмыстарға бөлінетін уақыт көрсетіледі.

Далалық практика кезінде күнделікті сабақ таңертеңгі жиналыстан басталады. Бұл жиналыста жетекші оқытушы сол күнгі және алдағы күндері болатын түрлі жұмыстармен таныстырады. Практика өтетін студенттердің бар-жоғымен және олардың денсаулықтарымен танысады.Таңертеңгі ұйымдастыру сабағынан кейін экскурсияға немесе зертханалық сабақтарға дайындалу үшін уақыт (15-20 минут) беріледі. Олар ауа-райының жағдайына сәйкес киінеді. Экскурсияға шығар алдында студенттер көмекші қызметкерден (лаборанттан) дүрбі, қауға, анықтағыштар және басқа құралдарды алады. Сонан соң студенттер белгіленген орынға айтылған уақытта жиналады.
Экскурсияны өткізудің максимум тиімділігіне қол жеткізу үшін оқытушы күні бұрын дайындық жұмыстарын жүргізеді. Яғни оқытушы алдын-ала территориямен танысады, түрлі құстардың ұяларын, қоректенетін жерлерін табады, сүтқоректілердің тіршілік әрекеттерінің орнын (іздерін, індерін, қорек қалдықтарын, сүйкенетін жерлерін және т.б.) анықтайды. Осылайша жиналған мәліметтер экскурсия маршрутын дұрыс анықтауға көмектеседі.
Экскурсияға қатысатын студенттердің саны 10-12, ары кеткенде 16-18-ден аспауы керек. Одан көп болған жағдайда экскурсия өз мақсатына толықтай жетпейді. Экскурсияға шығатын әр студентте қарындаш және жазу кітапшасы болуы керек. Оған экскурсия кезіндегі бақылаулар екжей-текжейлі жазылады. Экскурсиядан келген соң студенттер жазылған материалдарын толықтай талдап, далалық бақылау күнделігіне жазады. Бақылау күнделігі студенттің практиканы өткізгені жайындағы есеп берудің негізгі формасы болып табылады. Ол белгілі тәртіппен жазылады. Бұл студентке алғашқы ғылыми құжаттарды дұрыс жүргізуге және жазуға көмектеседі.

Далалық материалды фиксациялау (сақтау)

Далалық жағдайда жиналған материалдарды ары қарай пайдалану үшін оларды сақтау керек. Ол үшін арнайы сақтаушы сұйықтықтар немесе фиксаторлар пайдаланылады. Майда омыртқалы жануарларды (бақалар, құрбақалар, қаптесерлер, егеуқұйрықтар, құмтышқандары, қосаяқтар және т.т.) тұтастай, ал ірі жануарлардың жекеленген органдарын немесе олардың майда бөліктерін фиксациялайды. Бұлардан басқа далалық оқу практикасы кезінде омыртқалы жануарларда кездесетін көптеген экто- және эндопаразиттерді ары қарай зертханада зерттеу үшін жинайды және түрлі фиксаторларда сақтайды.

Фиксациялаушы сұйықтардың типтері

Формалин кең тараған фиксаторлардың бірі болып саналады. Ол 40%-қ формальдегидтің құмырысқа қышқылы, метил спирті және ацетонмен қоспасы. Жануарларды фиксациялау үшін 10-,15-, 20%-қ формалин ерітіндісі қолданылады, ол 4-, 6-, 8%-қ формальдегид ерітіндісіне сәйкес келеді. Тұщысу жануарларын фиксациялау үшін формалинді су құбырынан алынған сумен араластырады, ал құрлық омыртқасыздарын, омыртқалыларын, паразиттерді физиологиялық ертіндімен (мысалы, Барбагалло сұйығы – физиологиялық ерітіндідегі 3%-қ формалин ерітіндісі) араластырады. Фиксатор дайындау үшін тазартылған (дистиллденген) суды пайдалануға болмайды, өйткені гипотоникалық ертіндінің әсерінен жануарлардың ұлпалары ісінеді.

Материалдарды 24-48 сағат бойы фиксациялайды, одан кейін оларды ұзақ мерзімге сақтауға болады. Ал ары қарай жұмыс жасау үшін оларды 1-2 тәулік бойы ағынды суда ұстау керек.

Формалинде қатырудың артықшылықтары мынандай: 1-ұлпаға формалиннің тез және біркелкі өтуі; 2-басқа фиксатормен материалды қайтадан қатыруға мүмкіндіктің болуы; 3-далалық жағдайда оны қолдану оңай және мүмкіндігі мол. Кемшіліктері – ұлпаларды бояғанда (әсіресе гематоксилин қатарындағы бояғыштар) бояу түсінің нашарлауы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет