Барбагалло сұйықтығы:
Ас тұзы – 8 г, формалин – 30 мл. Осындай қоспаға көлемі 1 л –ге жеткенше дистиллденген су қосады.
Ценкер сұйықтығы:
Сулема (қаныққан ерітіндісі) – 5 мл, калий бихроматы – 2,5 мл, күкіртқышқыл натрий – 1 г, дистиллденген су 100 мл-ге дейін, қаныққан сірке қышқылы – 5 мл (қолданар алдында қосады).
I-бөлім
«Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінен оқу-дала практикасын жүргізуге әдістемелік нұсқаулар
1.1.Керекті құрал-жабдықтар және оларды дайындау
a) Энтомологқа қажетті негізгі далалық құрал-жабдықтар:
1-дәкеден не бөзден тігілген қауға (қаққыш); 2-тұншықтырғыштар (2-3); 3-хлороформ немесе эфир құйылған кішірек құтылар; 4-далалық күнделік, қарындаш, этикеткалар жазу үшін қағаз; 5-насекомдарды ұстауға ыңғайлы пинцет; 6-далалық сөмке; 7- 3-10 есе ұлғайтып көрсететін лупалар. Лупаны, пинцетті және қарындашты ұзын жіпке байлап, мойынға асып жүру керек; 8-экскурсиялық пробиркалар, қораптар, мақта; 9-эксгаустернемесе сорғыш.
Омыртқасыз жануарларды жинау үшін ең қажетті құрал - қауға, оның көмегінсіз ұшатын насекомдарды ұстау өте қиын; табылған жәндіктердің шағып немесе тістеп алмауы үшін қысқыш және ұсталғандарды салып сақтау үшін бірнеше шыны ыдыстар мен қораптар керек. Жәндіктерді тірі сақтау үшін ыдыстарға жеке-жеке салған жөн. Егер бірге салынатын болса, бір түрдің жәндіктері болса да, бір-бірін зақымдауы (немесе әлсіздерін жеп қоюы) мүмкін. Осы мақсатқа жәндіктерді бөлек қораптарға жинаған ыңғайлы. Жұмсақ денелі жануарларды (моллюскаларды, су буынаяқтыларын, құрлық насекомдарының көпшілігінің дернәсілдерін) жинауға арналған арнаулы сұйықтығы бар бір ыдыс болу керек. Арнаулы сұйықтық ретінде -70% этил спирті немесе 4% формалин қолданылады. Формалин біршама арзан, өте жақсы консервант, бірақ ондағы жануарлар сынғыш келеді. Мұндай жануарларды басқа жолмен сақтау өте қиын. «Жұмсақ денелі» омыртқасыздарды аз уақытқа сақтау үшін ең болмағанда ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдануға болады. Ал жалпы, омыртқасыздарды (негізінен насекомдарды) тез жансыздандыруға арналған ең қажетті уландырғыш ыдыс - «тұншықтырғыш» (сурет 2).
2 сурет. Тұншықтырғыштар және жабдықтарды салатын белдік:
А.Тұншықтырғыштардың түрлі үлгілері;
Б.Жабдықтарға арналған белдік
Кейін оларды құрғақ күйінде матрасшада (мақталы төсенiште) сақтайды (сурет 3).
3-сурет. Насекомдарды сақтайтын матрасша мен көбелектерді жансыздандыру тәсілі:
1-құрғақ насекомдары бар матрасша мен этикеткалы қағаз парағы;
2-күндізгі көбелектерді жансыздандыру әдісі;
3,4-көбелектерді сақтауға арналған қалталарды дайындау;
5-матрасшалары бар қорап
Ұшатын насекомдарды аулау үшін қауғаны ауаны жеңіл өткізетін қандай-да бір мөлдір матадан тіккен жөн. Ал, насекомдарды «ору» әдісімен жинау үшін, дорбаны біршама мықты матадан тіккен дұрыс. Оны түгелімен бөзден жасауға болады. Ал су жәндіктері мен жануарларын аулайтын сүзгілер капрон материалдарынан дайындалады (сурет 4).
Тұншықтырғышқа ең дұрысы металды қақпағы тығыз бұралып жабылатын, аузы кең, шыны ыдысты алған жөн. Жәндіктердің мөлшеріне қарай ыдыстардың көлемі де алуантүрлі болуы мүмкін. Көпшілік Қазақстандық түрлер үшін 200 грамдық ыдыстар жарай береді. Жиналған жәндіктерді бір-бірін зақымдамас үшін және олар бөлген ылғалды сіңіру үшін, тұншықтырғышқа қатпарланып бүктелген жолақ сорғыш қағаздар толтырылады. Енді ыдысқа бірнеше тамшы уды тамызу немесе у тамызылған мақтаны салу керек. Ағаштан жасалған тығынға улы мақтаны инемен қыстыруға да немесе тығынға еніп тұратын шыны ыдысқа салуға да болады.
У ретінде эфир, хлороформ, бензол, этилацетат, ең болмағанда бензинді қолдануға (бірақ одан жәндіктер сынғыш келеді) не тұншықтырғышқа инсектицид аэрозолін бүркуге болады. Ұсталған жәндіктер тұншықтырғышқа салынады, оны аз уақытқа ашуға тырысу керек - өйткені оны әр ашқан сайын міндетті түрде у буланып отырады.
4-сурет. Энтомологиялық қауға:
1-қаптың дұрыс формасы;
2-3-қаптың бұрыс формалары;
4-қауғаның сабына бекіту үлгісінің бір тәсілі;
5-энтомологиялық қауғаның пішілу үлгісі.
Танымайтын жәндіктерді қорықпай ұстау үшін, кем дегенде бір қысқышыңыз болуы керек. Қысқыштар дәріханаларда сатылады немесе оны қолдан жасап алуға болады. Экскурсия кезінде қысқыш жоғалып қалмас үшін, ең дұрысы жұмыс сөмкесіне, не белдікке байлап қою керек.
Ұсақ әрі тез қозғалатын насекомдарды жинау үшін эксгаустер дайындау қажет. Оны кішілеу шыны ыдыстан жасауға болады (сурет 5 ).
5-cурет. 1-3 эксгаустерлердің үлгілері (Г.В.Николаевтан алынған, 2001)
Достарыңызбен бөлісу: |