«Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік рәміздерім – ұлттық мақтанышым»



бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#142116
  1   2

«Қ.Дәрімбаев атындағы № 41 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Мемлекеттік рәміздерім – ұлттық мақтанышым»
(ашық тәрбие сағаты)

Сынып жетекші: Муханова А.Ж.
2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздерім – ұлттық мақтанышым».
Мақсаты:

  1. білімділік – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;

  2. дамытушылық – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;

  3. тәрбиелік – қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, нақыл сөздер, авторлар суреті, видеороликтер, презентациялар.
Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы (ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады)
1 - жүргізуші: Абылай: Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Гимн, Елтаңба, Ту.
Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
2-жүргізуші:Нұрдәулет: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн қабылданды.
1 - жүргізуші: Абылай: Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер. Олар көне замандардан бері бар. Жиырмасыншы ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.

Ержігіт:
Туымның түсі көк аспан,


Қыраны көкте самғайды
Бақытты күнге жол ашқан
Үмітті мәңгі жалғайды
Аспаннан биік бар ма өлшем
Биіктік басқа болмайды
Ол жайлы мүлде білмеген
Түбінде өзі сорлайды
Қазақтың туы желбіреп
Жеңістің болсын куәсі
Қуаныш жасы мөлдіреп
Жазыла бергей құлашы

Абылай:
Елтаңба мәңгі тұмарым


Оятқан намыс-жігерді
Қиындықтарға шыдадым
Сәтсіздік, алыс тұр енді.
Ұлылар ұрпағымыз ғой
Сескенбей қарар дұшпанға
Көзінің ағы, қарасымыз ғой
Шаршамас бойда күш барда.
Әнұран – сөзім жүрегімдегі
Жүректің сөзі жалған болмайды
Жетелер алға тілегім мені
Осыдан асқан арман болмайды
Нұрасыл:
Көк туым, көк аспан көгілдір
Жанымды жұбатар желбіреп.
Ілесіп солармен көңіл жүр,
Сүйсінген жан-жүрек елжіреп.
Шаттыққа толғанда шаңрағым
Ошақтан от маздар алаулап
Жатса егер қолпаштап жан-жағым,
Мінгендей желпінем жараулы ат.
Нұрдәулет:
Арайлы елімнің таңбасын
Құлпыртса тұлпарлар жегіліп
Қалайша мейірім қанбасын
Қалайша жыламан егіліп
Тәңірдей – Алып күн орныққан
Қолымда қуатты байрағым
Еңселі ел болдық біз толыққан
Үстем боп қыран құс айбарым.
Алып күн, шаңырақ, қыран құс
Қанатты тұлпарлар – Елтаңбам
Келген жан сәлем бер, аттан түс
Елді көр кешегі шер толған.
1-жүргізуші Абылай:
Байтақ елдің бақыты да көпке айғақ
Бас иемін сәл аялдап, тоқтай қап,
Жеңнен тартып жетелеген жеміске
Жүрегімде желбіреген көк байрақ.
Әлсіз болсаң әр нәрсеңді ап қоймақ
Әлді әке әрбір сөзі ақ қаймақ
Намыстардың жиынтығынан жаралған
Арыстардың көзіндей ме көк байрақ.
Өлі сөзі өміріме нақ қайрақ,
Өсиеттер апарар алға қақпайлап
Еркін ескен жел тербеген жеңісім
Егеменді ел тербеген көк байрақ.
2-жүргізуші Нұрдәулет:
Келбетті, сымбатты сыр айтып тұрғандай,
Бар игі, ізгілік салтанат құрғандай
Арайы төгіліп Күн кетпес көгінен,
Қырағы қыраны қонбаған шыңды алмай!
Көк туым – намысым, ділімнің айғағы,
Оюым-өрнегім – ұлттықтың қаймағы!
Алтындай үш белгі – зерделі тарихым,
Жасасын, қазақтың көгілдір байрағы!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет