Қ. ЖҰбанов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата17.09.2023
өлшемі0,65 Mb.
#108248
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
A.Baitursinov



1

 
 
 
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ 
АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ 
ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА
 
 
 
 
 
 «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы»
 
биоблиографиялық көрсеткіш 
 
 
 
 
 
Ақтөбе – 2022 
 


2
 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 
 
 
Ғылыми кітапхана 
 
 
Ақпараттық - библиографиялық үрдістерді 
автоматтандыру бөлімі 
 
 
 
 
 
 
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» 
 
биоблиографиялық көрсеткіш
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтөбе – 2022 
 


3
ӘОЖ 821 
КБЖ 84(5Қаз) 
Б 38 
 
 
 
 
 
 
А.Байтұрсынұлының 
150 
жылдық 
мерейтойына 
арналған биобиблиографиялық көрсеткіш 

бас. 
жауапты Мазылбекова И.У., құраст.: Шаншарова Г.И. 
– Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 
ғылыми кітапханасы. 2022. – 39 бет.
 
 


4
АЛҒЫ СӨЗ 
 
ХХ ғасырдың басындағы iрi саяси тұлға, көрнектi 
қоғам қайраткерi, аса iрi əдебиет теоретигi, ғұлама 
түрколог, жаңа қазақ тiлi бiлiмiнiң негiзiн қалаушы Ахмет 
Байтұрсынұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының əлеуметтiк 
өмiрi мен мəдениетiне аянбай адал қызмет еткен iрi 
қайраткер, үлкен талант иесi, тарихта орны айрықша зор 
тұлға. 
А. Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың басында 
демократиялық 
бағыттағы 
зиялылардың 
көшiн 
бастаушылардың бiрi, сондай-ақ Алаш партиясы мен Алаш 
автономиясын құруда басты рольдi атқарушылардың 
бiрегейi болды десек артық айтқанымыз болмас. 
Бiр сөзбен айтқанда, ол өзiнiң барлық саналы 
ғұмырын қазақ қоғамында бiлiм мен ғылымның дамуына, 
ағартушылық iсiне арнады. 
Көрсеткіште 
А.Байтұрсынұлының 
өмірі 
мен 
шығармашылығы жайындағы материалдар енгізілді. 
Мұнда ақын шығармасын зерттеуге арналған еңбектер 
жəне ақынның өмірі мен шығармашылығы жайындағы 
жалпы əдебиеттер, естеліктер мен көркем туындылардың 
əдебиеттер тізімі берілген. 
Көрсеткіштегі мəлімет хронологиялық тəртіппен 
орналасқан, ал əр жыл көлемінде – алфавит бойынша 
берілген. 
Биобиблиографиялық 
көрсеткіш 
университет 
студенттеріне, 
магистранттарға, 
аспирантар 
мен 
оқытушыларға арналған. 


5
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
Үлкен ағартушы, iрi ғалым-лингвист, қоғам 
қайраткерi. Сарытүбек деген жерде, қазiргi Торғай облысы, 
Жанкелдин ауданында 1872 жылы 5 қыркүйек айында 
туған. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебiнде, кейiннен 
Торғайдағы екi сыныптық орыс-қазақ училищесiнде 
оқиды. Одан соң Орынбордағы мұғалiмдер мектебiне 
түсiп, оны 1895 жылы бiтiредi. 1895-1909 ж. Ақтөбе, 
Қостанай жəне Қарқаралы уездерiндегi мектептерде, орыс-
қазақ училищелерiнде мұғалiм болып қызмет атқарады. 
Патша өкiметiнiң отаршылық саясатына қарсы күрестi тым 
ерте бастаған Ахмет Байтұрсынұлы осы үшiн 1909 жылы 
Семей түрмесiне қамалады. Кейiн қазақ жерiнен тысқары 
жерлерге жер аударуға үкiм шығарылып, ұзақ жылдар 
бойы “саяси сенiмсiз” адам ретiнде патшалық күзет 
қызметiнiң бақылауында болды. 
1913 жылдан бастап “Қазақ” атты апталық газет 
ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегiне дейiн оның 
редакторы болады. Ол қазақ мемлекетiн қалпына келтiру 
үшiн күрескен “Алаш” партиясы көсемдерiнiң бiрi ретiнде 
де белгiлi. Қазан төңкерiсiнiң жеңiсiнен кейiн А. 
Байтұрсынұлы бiраз уақыт алашордашылар қатарында 
қалды, ал 1919 жылы бiрқатар ғалым-зиялыларымен бiрге 
Кеңес өкiметi жағына өтуге мəжбүр болды. Осы жылдың 
маусым айында Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ өлкесiн 
басқару жөнiндегi əскери революциялық комитеттiң (ВРК) 
мүшесi болып сайланады. 1922-1925 ж. Халық ағарту 


6
комиссариатына қарасты ғылыми-əдеби комиссияның 
төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып 
сайланды, Бүкiлресейлiк Орталық Атқару Комитетiнiң 
Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң мүшесi болып жұмыс 
iстедi, одан соң Түркiстан Компартиясы Орталық 
Комитетiнiң газетi “Ақ жолда” еңбек еттi. 1925-1929 ж. 
Қазақ халық ағарту институтында дəрiс оқыды, сабақ 
бердi. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ əдебиетi мен сөз 
өнерiнiң дамуына айрықша еңбек сiңiрдi. 1909 жəне 1911 
жылдары оның көпке белгiлi “Қырық мысал” жəне “Маса” 
жинақтары жарияланды. Ахаң халықтық көркем сөз 
өнерiнiң қорын жинаушы, зерттеп, бастырушы ретiнде де 
көптеген құнды жұмыстар iстедi. Ол 1923 жылы 
жарияланған “Ер Сайын” эпостық жырының кiрiспе 
мақаласын жəне түсiндiрмесiн жазды, сондай-ақ “Жоқтау” 
деп аталатын жинақ (1926), “Əдебиет танытқыш” деп 
аталатын оқу құралын шығарды. Соңғы еңбек - əдебиеттiң 
тарихы мен теориясы туралы қазақ тiлiндегi тұңғыш 
көлемдi де толымды еңбек. 
Ахаң қазақ балаларын ана тiлiнде оқыту iсiне арнап 
тұңғыш оқулықтар жазды. Олардың арасында: “Оқу 
құралы” (1912), “Тiл құралы” (1914), “Əлiпби” (1914), 
“Жаңа əлiппе” (1926-1928) жəне “Баяншы” (1926) деп 
аталатын əдiстемелiк оқу құралдары балаларды оқыту iсi 
барысында маңызды рөл атқарды. Бүкiл бiр халықтың 
ұлттық тiлiн түрлеп, əдебиетiн жасап, ғылымын жетiлдiрiп, 
қоғамдық санасын қалыптастырып, ойын оятқан Ахаң 
секiлдi алып тұлғалар сирек. 


7
ХХ ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялыларын жаппай 
қуғындаудың басталғаны мəлiм. Сталиндiк жазалау 
машинасының қармағына iлiккендердiң бiрi де А. 
Байтұрсынұлы болды. 1938 жылы ол əуелi тұтқындалып, 
кейiннен атылды. 
1988 жылы ақталды. 
Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басындағы 
қазақ зиялыларының үркердей жарқыраған жарқын 
шоғырының келбеттi өкiлдерiнiң бiрi. Оның өмiрi өз 
халқына деген, ел-жұртының мəдениетi мен əдет-ғұрпына 
деген айнымас махаббаттың айқын үлгiсi. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет