Күрделі етістіктің бірінші етістігі негізгі етістік деп аталады, ал екінші етістігі көмекші етістік болады. Мысалы, бара жатыр / бара (негізгі етістік) жатыр (көмекші етістік).
Күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ол етістік құранды етістік деп аталады. Мысалы, жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, жақсы көр, қабыл ал, бас и, естен тан, еңбек сіңір т.б.
Сөйлемде бір етістік бірде негізгі етістік болып, бірде көмекші етістік болып ауысып келе берді. Мысалы: Ол орындықта отыр екен. Ол орындықта кітап оқып отыр. деген екі сөйлемдегі «отыр» етістігі бірінші сөйлемде негізгі етістік қызметінде болса, екінші сөйлемде көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр.
Ескерту: отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жалаң нақ осы шақ жасағанда, негізгі етістік болады. Мысалы: Мен тұрмын. Сен жүрсің т.б. Ал күрделі нақ осы шақ жасағанда, көмекші етістік болады. Мысалы: Мен айтып тұрмын., Сен ойнап жүрсің. т.б.)
ЕТІС Етіс іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Оның 4 түрі бар:
1)аудар-ыл-ды
2) ал-ын-ды
шөп шаб-ыл-ды, киім іл-ін-ді, өлең айт-ыл-ды.
Ортақ етіс
Адам іс-қимылды
біреумен бірлесіп, ортақтасып істейді.
-ыс, - іс, -с
жаз-ыс-ты,
бөл-іс-ті.
оқы-с-ты.
жер қазыс-ты, телефон арқылы сөйле-с-ті.
Қосымша:
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын береді. (ақылдас, қоштас, тілдес, пікірлес, сырлас т.б.)
-лын, -лін, -ныл, -ніл жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді. (алма же-лін-ді, жоқ ізде-лін-ді, ат байла-ныл-ды т.б.)
-лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнағымен жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мағынасында жұмсала береді. (әуре-лен, қату-лан, шат-тан, қаһар-лан, мейір-лен, әл-ден т.б.) Сондай-ақ -ырқан, -іркен, -сын, -сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мәнін береді. (шім-іркен, тұш-ырқан, аз-сын, көп-сін, жер-сін, бәл-сін т.б.)
Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. (Орынбасар сөз табы деп те аталады.)
Есімдіктің мағынасына қарай төмендегідей 7 түрі бар:
ереже
мысал
Жіктеу
Белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі
мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.
Сілтеу
Нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді
сол, мынау, аналар, міне т.б
Сұрау
Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.)