1. Атомдық ядролардағы заттың тығыздығын бағалаңыз



бет1/27
Дата17.04.2022
өлшемі1,11 Mb.
#31276
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

2.1.2. Есеп шығару үлгілері

Атомдық ядролардың негізгі қасиеттері.

1. Атомдық ядролардағы заттың тығыздығын бағалаңыз.



Шешімі: Массалық саны А ядроның радиусы мына формуламен анықталады:

(1)

мұндағы Ф – ферми – ядролық физикада қолданылатын ұзындық бірлігі, ол бір фемтометрге тең (1 фм =10-15 м). Осы формуланы ескеріп ядроның көлемін табамыз:



Егер протон мен нейтронның массаларындағы айырмашылықты елемесе, онда ядро массасын мына формуламен анықтауға болады:



Демек, атомдық ядролардағы заттың орташа тығыздығы



2. Нуклонның массасы 1,67·10-27 кг. 1) Ядролық материяның тығыздығын табыңыз; 2) егер Жер өзінің нақты массасымен (5,98·1024 кг) ядролық материяның тығыздығындай тығыздыққа ие болса, онда Жердің радиусы қандай болар еді?



Берілгені: М= 5,98·1024 кг; mH = 1.67·10-27 кг.

Шешімі: 1) Атомдық ядроны сфера пішінді деп есептеп, ядролық материяның тығыздығын мына формуламен анықтауға болады:

 (1)

мұндағы mH –нуклонның массасы; А – массалық саны; – ядроның радиусы (есептеу үшін R0= 1,3 фм = 1,3·10-15 м). Ядроның радиусы үшін өрнекті (1) формулаға қойып, ядролық материяның тығыздығын табамыз:



(2)

кг/м3

2) Жердің массасы



 (3)

мұндағы ρ – оның тығыздығы (есептің шарты бойынша ол ядролық материяның тығыздығына тең); R1 – Жердің радиусы.

Жердің радиусы осы берілген шарттар және (3) формула бойынша мынаған тең болады:

(4)



м

Жауабы: ρ = 1,82·1017 кг/м3; R = 199 м.

3. Әр атомында Z=79 электроны бар атомдар кинетикалық энергиясы Ек=5 МэВ α–бөлшектермен атқыланады, атом ядросының мөлшерін табыңыз.

Шешімі:

Ең алдымен, α – бөлшектердің атом ядросына мүмкін болғанша жақындай алатын ең аз кіші Rmin қашықтығын табайық. Rmin ара қашықтықта α – бөлшектердің кинетикалық энергиясы электростатикалық тебілу потенциалдық энергиясына айналады.

Электростатикадан екі нүктелік зарядтың әсерлесуінің потенциалдық энергиясы мынадай теңдеумен анықталатыны белгілі:

немесе

(ε = 1 деп есептейміз).



болғандықтан, болады.

Осыдан,



Rmin аралықта EП = Ек болады, сонда .

м

Есептей келе, Rmin ≈ 10-14 м шығатынын көреміз, яғни, α – бөлшектердің радиусы мен атомның радиусының қосындысы Rmin ≤ 10-14 м болады, ендеше атом ядросының диаметрі 10-14 м- ден кіші екендігі шығады.

4. Бейтарап уран атомының қанша пайызын оның электрондық қабықшасы құрайды? Уранның салыстырмалы атомдық массасын массалық санға тең деп есептеу керек.

Шешімі:

Есептің шарты бойынша, уранның салыстырмалы атомдық массасы массалық санға тең: А= 238. Бейтарап атомның электрондар саны, ядродағы протондар санымен анықталады Ол, Менделеев кестесіндегі атомдық нөмірге сәйкес келеді Z = 92.

Уран атомының массасы кг.

Электрондық қабықшаның массасы кг

Екеуінің бір – біріне қатынасы

Сонымен, электрондық қабықшаның массасы уран атомының жалпы массасының 0,02 пайызын ғана құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет