1. Қазақ мәдениетінде фольклордың алатын орны неге санша маңызды деп ойлайсыз? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі19,77 Kb.
#143607
  1   2   3
Байланысты:
7 апта арт


Қорытынды сұрақтар:
1. Қазақ мәдениетінде фольклордың алатын орны неге санша маңызды деп ойлайсыз? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
Қазақ әдебиеті – жанрлық тұрғыда сан салалы дамыған, мазмұндық, пішіндік тұрғыдағы көркемдік биік деңгейдегі көптеген тамаша туындыларына қоса, ертеден қалыптасқан бай фольклорға ие, түрленіп дамыған әдебиет болып саналады. Қазақ фольклорының жүз томдық жинағы құрастырылып, жарық көруінің өзі – осының дәлелі.
Фольклор – кез келген халық әдебиетінің қайнар көзі болумен қатар, сол халықтың өткен тарихының, жүріп өткен жолының бағдары, куәсі. Тіпті сол халықтың жан дүниесінің айнасы. Әлемдегі қай халықтың болмасын, фольклор туындыларының сипат-ерекшелігі жағынан сол жұртқа тән өзге жанрлармен ұқсастығы да, өзіне ғана тән болып келетін біршама ерекшеліктері бар екені белгілі. Шығармалардың ауызша айтылып, ел есінде ауызша сақталатыны, айтушының ой-қиялына орай түрлі өзгеріске ұшырап, көп вариантты болатыны, тұрақты, дәстүрлі тіркестердің жиі кездесетіні – ауыз әдебиетінің барлық жанрына тән, бірегей ортақ нышандар. Сонымен бірге фольклор туындыларының тарихи шындық негізінде қорытылып, суреттелуі де әр жанрларға байланысты әр түрлі деңгейде болатындығын білеміз. Қазақ фольклорына да осы қағидаттар тән.
Фольклор - XV-XVIII ғасырларда ұлы дала ауыз әдебиетіндегі ақындық шығармашылықтың керемет даму кезеңіне айналған тұста көшпенділердің жанына, үмітіне, қуанышы мен көңілінің мерекесіне айналды. Қазақтар басына түскен қуаныш па қайғы ма бәрін фольклор арқылы қарастырған. Дүниеге сәби келгенде қуаныштан әндеткен, ойын немесе қызмет барысында бойжеткендер қалжыңдасып әндеткен, сонымен қатар мақал-мәтелдерді де қызығушылықпен тыңдаған. Үйлену тойда бет ашар, жар-жар, сыңсу айтылған. Қаза кезінде жоқтау айтқан. Қайтыс болған адамның өлімін жақындарына естірту ретінде жеткізген. Қазақтар үйлену той ма соттасу рәсімі ма бәрін фольклор арқылы шешіп отырған. Келісімін бермеген ата-аналарға әзілдесе отырып Қозы-Көрпеш пен Баян-сұлуды мысалға келтірсе, ал соттасушылар қазыға бабалардың үлгілі оқиғаларын айтып тарихтан мысал келтіруге тырысқандығы, жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы дерлік қазақ мәдениетінде фольклордың алатын орнының ерекше екенін айқындап, дәлелдеп тұрғандай.
Қазақ халқының бағзы заманнан бергі негізгі рухани азығы, мәдениеті, әдебиеті, философиясы, даналығы – ауыз әдебиеті болғандығы мәлім. Фольклор – жазба әдебиеттің іргетасы. Онсыз ешбір елдің әдебиеті кемел болмақ емес. Бүгінгі күні фольклор мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып, барған сайын оған деген жан-жақты қызығушылық артуда. Этнография, тарих, тіл білімі, тіпті әдебиет тарихы сияқты гуманитарлық ғылымдардың ешқайсысы фольклорсыз өмір сүре алмайды. Яғни, ол – халықтың сан ғасырлық көркемдік ақыл-ойының жемісі, жазу білмеген тұстағы халықтың көркем тарихы. Фольклор қай замандардың көшінен өтсе де, әрбір кезеңнің жанды эстетикалық құралы ретінде талай уақыт сынынан да, талай ғасырлар асуынан да мүдірмей, шашырамай осы күнге жетіп отыр. Жалпы, фольклор халықты біріктіретін мәдени-интегралды жүйе ғана емес, этностық, тұтас халықтың дүниетаным ерекшеліктерін айқындайтын философиялық-адами феномен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет