1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет1/2
Дата22.12.2023
өлшемі72,8 Kb.
#142620
  1   2



ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Дәріс жоспары:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. .
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихының қалыптасуы мен дамуы.
3. Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасуы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қазақ тілін оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері

Өзге тілді мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны - қазақ тілін оқыту үдерісі. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде “Қазақ тілін оқыту әдістемесі” пәнінің мақсаты – қазақ тілінің әлеуметтік, танымдық, практикалық қызметтерін түсінетін, мемлекеттік тілді қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан деңгейлік оқытудың әдістемесін меңгерген кәсіби білікті, интеллектуалды маман дайындау.


Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының міндеттері:

  • студенттерге қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін деңгейлік меңгерту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту;

  • студенттердің лингвистикалық, педагогтік, психологиялық білімдерін жетілдіру, оны мектеп қабырғасында пайдалануға дағдыландыру;

  • тілдік қатынас теориясы бойынша алған білімдерін қазақ тілін үйрету үдерісінде қолдануға төселдіру;

  • тілдік және қатысымдық бірліктерді меңгертудің ұтымды жолдарын игерту;

  • қазақ тілін үйретуде тиімді жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға үйрету;

  • болашақ мұғалімдерге өзге тілді мектепте қазақ тілін деңгейлік оқыту жүйесін меңгерту;

  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білуге дағдыландыру;

  • оқу-әдістемелік құралдарды оқу, тіл үйретуге тиімділігі тұрғысынан саралай білу, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру;

  • педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білуге дағдыландыру;

  • мектеп мұғалімінің озық тәжірибесін жинақтауға, талдауға, таратуға дағдыландыру.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы, қалыптасуы және даму жолдары қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар – Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлынан бастау алып, , Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев, Ы.Маманов т.б. еңбектерімен жалғасады.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі – өзге тілді мектепте оқылатын негізгі пәндердің бірі. Өзге тілді мектептерде қазақ тілі пәнінің мемлекеттік тіл ретінде оқытылады.

Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:


1. "Қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі" пәнінің мақсаты мен міндеттері:
2. Зерттеу обьектісі;
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскерлер.

1

№ 2
дәріс

Дәріс жоспары:
1. Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін оқытуда негізге алынатын теориялар.
2.Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін оқытудың тенденциялары.
3.Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін оқытудың парадигмалары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қазақ тілін деңгейлік оқытудың теориялары мен жаңа тенденциялары
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді заманауи талаптарға сай оқыту қажеттігіне орай айқындалды. Бұл әлемдік тәжірибедегі екінші тілді оқыту әдістемесінің басым бағыттарымен сәйкестендірілді.
Тілдік қатынас – тіл үйренушінің ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, пікірлесу және т.б. әрекеттерінің жиынтығы. Тілдік қатынас – ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік бірліктердің таңбалық жүйесі мен дыбысталуы нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық бірліктердің түрлі мағыналық реңктері арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі қоғамдық-әлеуметтік үдеріс. Тілдік қатынас теориясы тілді оқыту барысында сөйлесім әрекетінің түрлерін: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім процестерін кешенді жүзеге асыруға ғылыми негіз болады.
Тілдік қатынас Қатысымдық-танымдық теория тілді қоршаған ерекшелігінен туындайтын сөйлесім әрекетінің түрлерін: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттерін кешенді жүзеге асыруға негіз болады. әлеммен, адам факторымен тұтастықта игеруге, тіл болмысын халықтық таным тұрғысынан зерделеуге, сөйлесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғатын ашуға, оның ішкі иірімдерін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің бірліктерін тілдік әрі қатысымдық тұрғыдан меңгерте отырып, оның мәденитанымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтеріне сай жұмсалу жолдарын игертуді көздейді.

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:



  1. тілді меңгертуге негіз болатын теорияларды көрсету;

  2. олардың тілді меңгертудегі маңызын дәлелдеу;

  3. парадигмалар мен тенденцияларға талдау жасау.




№ 3
дәріс

Дәріс жоспары:
1. Лингводидактиканың дамуындағы психологиялық тұжырымдар.
2. Ойлау мен сөйлеудің байланысы.
3.Тіл үйрену процесінде жүретін психологиялық, физиологиялық ерекшеліктер.
4.Тіл үйретудегі мотивтердің (әлеуметтік және танымдық) маңызы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиялық негіздері
Тілді меңгертуде үйренушінің психофизиологиялық ерекшеліктерін ескергенде оң нәтижеге жетуге болады. Сондықтан кез келген тілді үйрету әдістемесі психология ғылымымен тығыз байланысады. Тіл үйрену адам бойында болатын психикалық процестердің нәтижесінде іске асады. Тіл туа бітпейді, адам тілді қарым-қатынастың құралы ретінде игереді. Тілді үйрету адамның туа біткен қабылдау, зерделеу, ойлау тәрізді ментальды қабілеттерімен тікелей байлынысты. Адам айналадағы шындықта көру, есту сезімдері және ойлау қабілеті арқылы танып біледі. Ой тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізетін құралдың қызметін атқарады. Ойлау мен сөйлеу – күрделі психикалық құбылыс. Ойлау мен сөйлеудің арақатынасын зерттеуші ғалымдар тіл үйретуде алымен сол тілде ойлауды үйрету керек пе, әлде сөйлеуді үйрету керек пе деген мәселе төңірегінде түрлі тұжырым жасайды. Ойлау мен сөйлеу өзара байланысты. Олардың негізгі байланыстырушысы – іштей сөйлеу. Психологтар сөйлеуді сырттай сөйлеу және іштей сөйлеу деп бөледі. Іштей сөйлеу – көру, есту, сипап-сезу, иіс сезу, дәм сезу тәрізді адамның туа біткен қабілеті. Сырттай сөйлеуді игеру үшін балалар үлкендердің тілін игере отырып, өзінің ішкі сөзін соған лайықтау нәтижесінде қалыптастырады.
Ойлау мен сөйлеудің нәтижесінде тілдік тұлғалар мен олардың дыбысталу қасиеті және қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы іске асатын, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін қағамдық-әлеуметтік құбылыс тілдік қатынас жүзеге асады.

Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:



  1. ойлау мен сөйлеудің өзара байланысы;

  2. тіл үйретудегі мотивтердің маңызын дәлелдеу;

  3. сөйлеу біліктілігіне анықтама беру;

  4. сөйлеу дағдысына анықтама беру;

  5. сөйлеу дағдыларының сатыларын атау және мысалмен дәлелдеу.




№ 4
дәріс

Ддәріс жоспары:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогикалық дидактика ғылымының бір саласы.
2. Қазақ тілін меңгертудің жалпыдидактикалық ұстанымдары.
3. Қазақ тілін меңгертудің арнайы ұстанымдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері
Педагогика – тұлғаның дамуы мен қалыптасуына бағытталған жүйелі әрі арнайы ұйымдастырылған тәрбие, білім беру және оқытудың мазмұны, формасы және әдістері туралы ғылым. Педагогиканың салалары көп: дидактика, арнайы педагогика, әскери педагогика, пед. тарихы, тәрбие теориясы, әлеуметтік пед., кәсіби пед. т.т.
Педагогиканың дидактикасаласы білім беру мен оқытудың теориясын, яғни заңдылықтарын, ұстанымдарын және оқыту құралдарын зерттейді. Білімді меңгерудің заңдылықтарын, білік пен дағдының қалыптасуын, білімнің мазмұны мен көлемін айқындайды. Яғни дидактика оқыту мен білім берудің мәселелерін зерттейді.
Дәстүрлі білім беруде педагогика «нені оқыту?» (берілетін білім мазмұнын нормалау), «қалай оқыту?» (оқыту үдерісін ұйымдастыру) деген мәселелерді қарастырса, НБББ моделіне көшуге байланысты «не үшін оқыту?» (оқу нәтижелерін анықтау), «оқушыны оқуға қалай үйрету?» (оқу үдерісін ұйымдастыру) деген сұрақтарға жауап береді. ҚТОӘ жалпы дидактиканың тармақтарының бірі. Осыдан педагогика мен ҚТОӘ байланысы туады. Педагогика – дидактика – ҚТОӘ. Оқу үдерісі – адамның ерекше әрекеті арқылы жүзеге асатын арнайы әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ал кез келген жүйенің ұстанымдар деп аталатын жалпы ережелерге негізделетіні белгілі.
Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді.
Қазақ тілі әдістемесі – қазақ тілін үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.

Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:



  1. қазақ тілін оқытудың жалпы ұстанымдарын жіктеп көрсету;

  2. қазақ тілін оқытудың арнайы ұстанымдарын жіктеп, сабақ үрдісінде қолданылуын дәлелдеу.




№ 5
дәріс

Дәріс жоспары:
1.Лингвистикалық негіздерінің құрамы.
2. Лексикалық минимум, оны іріктеудің ұстанымдары.
3. Грамматикалық минимум, оны іріктеудің ұстанымдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің лингвистикалық негіздері
Жалпы екінші тілдерді оқыту әдістемесінде тілдің лексикасын минималдау екі кезеңді қамтиды: меңгерілетін тілдің сөздік құрамының шегін анықтау; минимумды жасаудың критерийлерін анықтау.
Тілші әдіскер-ғалымдар лексикалық минимумды іріктеуде төмендегідей лингвистикалық талаптар басшылыққа алыну керек деп санайды:
- сөздің өмірмен үйлесімділігі, шынайы қарым-қатынастық жағдаятта қолданылу мүмкіндігі;
- сөздердің стильдік тәуелсіздігі – жазбаша әрі ауызша тілдесімдегі қолданылу аясының шексіздігі;
- сөздің үйлесімділігі, басқа сөздермен үйлесу қасиеті;
- сөз құрау мүмкіндігі: түбірден сөз құрау мүмкіндігі неғұрлым кең болса, лексикалық минимум қатарына ілігу мүмкіндігі де солғұрлым мол болмақ;
- сөздердің мағыналық (семантикалық) құндылығы, оқу әдебиеттерінде кездесетін түсініктер мен құбылыстарды жеткізе алуы, коммуникация үдерісіндегі мәнділігі;
- әр сыныптағы лексикалық тақырыптарға сәйкес сөздік қордың аясындағы сөздердің сол формада ұсынылмай, мағынасының кеңеюі;
- оқу-әдістемелік мақсатқа сәйкестігі болуы тиіс деп ойлаймыз.
И.В. Баранников әдістемеде сөздік қордың минимумын құрастыру туралы ғылыми негізделген деректер жоқ, негізінен лексиканы іріктеудің басты әдісі тәжірибе мен сезімге (интуицияда) сүйену болып отыр деп жазады.

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:


1. лексика және лексикалық минимум ұғымдарын талдау;
2. лексикалық минимумды іріктеудің ұстанымдары және оларды мысалмен дәйектеу;
3. актив және пассив сөздер, оларға мағыналық талдау жасау.




№ 6
дәріс

Дәріс жоспары:
1.Әдістемелік жүйенің құрамы;
2. Қазақ тілін меңгертуде ұсынылатын білім мазмұны.
3. Қазақ тілін оқытудың әдістері;
4. Қазақ тілін оқытудың формалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет