1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы



бет10/57
Дата29.04.2022
өлшемі127.46 Kb.
#32763
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Өкпеден қан кету. Өкпе іріңді ауруларында, туберкулезде, өкпе қатерлі ісігінде, кейде крупты өкпе қабынуында кездеседі. Қанның түсі ашық қызыл, иіссіз, көпіршікті болады. Негізінде жөтелгенде шығады. Осы қансыраудың белгілерімен бірге жоғарыда айтылып кеткен клиникалық белгілер көрінеді.

Асқазаннан қан кету. Асқазан жара ауруында, асқазанның әртүрлі химиялық және кейбір дәрілік заттармен улануында кездеседі. Қанның түсі қоңыр – қызыл, “кофе” тәрізді. Иісі жағымсыз, құрамында тағам химиялық және қалдықтары байқалады. Негізінде құсқанда шығады. Шұғыл көмек. Біріншіден қансырауға әкеп соққан себепті табып, жою керек. Жарақаттанып, тамырлардан қан аққан жағдайда қан ағуды уақытша немесе біржолата тоқтату керек. Өкпеден, асқазаннан қан кеткенде науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп (отырғызып немесе жатқызып басын бұру), дәрігерге дейін шұғыл көмек көрсету керек. Ол үшін кеудесіне (өкпеден қан кеткенде) немесе ішіне (асқазаннан қан кеткенде) мұзды мұйық қояды. Науқасты сөйлеткізбей су, тамақ ішкізбейді. Мейіркеш деміл – деміл науқастың ауыз қуысын тазартып, демін, тамыр соғуын, қан қысымын анықтап отырады. Дәрігер келгенше системаны толтырып, керекті қан тоқтататын дәрілерді әзірлеп қою керек. Қансырауды жою үшін тамырларды тарылтатын дәрілер қолданылады: дицинон ерітіндісі, кальций хлор ерітіндісі, аминокапрон қышқылы т.б. Сонымен қатар қансырауды тоқтату мақсатымен аз мөлшерде көк тамырға қан, сары су, тромбоцитарлық, эритроцитарлық массалар құйылады.

3. Апикальды және жүрек соққысы. Систолалық және диастолалық діріл ("мысықтың бұралуы"). Анықтау әдістемесі және диагностикалық маңызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет