1-БӨлім. ӘЛеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы негіздері



бет1/18
Дата15.11.2023
өлшемі412,5 Kb.
#123430
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
слайды СПТ соц-педагог.тренинг

1-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ.

  • 1-ДӘРІС. Әлеуметтік-психологиялық тренинг жайлы жалпы түсінік.
  • Жоспар:1. Психологиялық жұмыстың топтық пішінінің құрылу тарихы.2. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің ортақ анықтамасы.3. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің аспектілері және тренингтік топтардың жұмыс ерекшелігі.
  • Негізгі түсініктер: Т-топтар, тренинг, әлеуметтік-психологиялық тренинг, сөйлесу, сөйлесудегі біліктілік, сөйлесудегі біліктілік құрамы.

Дәрістің мазмұны:

  • 1. Психологиялық жұмыстың топтық пішінінің құрылу тарихы.Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер өз жұмысында әрбір тұлғамен жеке жұмыс істеу қажеттілігімен ғана емес, сондай-ақ бір мезгілде шағын топтағы адамдармен (отбасы, оқу тобы, спорт командасы, өндірістік бөлімшелермен) де жұмыс істеу қажеттілігімен бетпе-бет келеді. Психологиялық тәжірибенің даму тәжірибесінде адамдармен психологиялық жұмыс жасауда тәжірибедегі психологияда жеке бағытта ерекшеленген топтық жақындау құрылды. Психологиядағы кез-келген бағыт сияқты топтық жұмыстың да өзіндік пайда болу мен даму тарихы бар. Топтық жұмыстың теориясы мен тәжірибесінің даму кезеңін қарастырып көрелік:Алғашқы кезең – қолданбалы медицина шеңберінде топтық жұмыстың қалыптасу пішіндері. Адамзаттың тарихында әр түрлі топқа бірігуге ұмтылушылық ежелден болған. Қоғамның ежелгі даму кезеңінде-ақ адамдар өзінің өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ету үшін топқа бірлескен. Бірақ соңғы екі жүзжылдықта ғана топтарды адамдар жеке тұлғаға әсер ету үшін мақсатты түрде пайдалана бастады. Және бұл ғылыми-психологиялық зерттеудің пәніне айналды. Антон Месмер (1734-1815) – алғашқылардың бірі болып психикалық және сомантикалық ауруларды емдеуге қадам жасаған австриялық дәрігер. Ол өзінің түрлі соматикалық және психикалық ауруларды емдей алуының арқасында халықаралық танымалдылыққа ие болған. Месмердің ойы бойынша, адамның денсаулығы жұлдыздардан шығатын көзге көрінбейтін магниттік флюидтерге байланысты. Ол өз емделушілерін суы бар ағаш күбінің айналасына жинап, сосын қолындағы сиқырлы темірімен айналған мантиясымен сахнаның ортасына шыға келеді. Емделушілер күбіден шыққан арнайы темір стержендерден бірінен соң бірі ұстап жатқан уақытта емдеуші олардың әрқайсысын өзінің темірімен тиіскілеп шықты. Топ болып жатқан оқиғаның сезімтал ортаның әсеріне жеңіл беріле салады. Олар күліп, кейбіреулері жылап тіпті Месмер жүргізіп жатқан «сиқырдың» елесіне ере бастады. Нәтижесінде кей аурулардың жағдайы жақсара бастаған. Месмердің «Жануар магнетизмі» теориясы топтағы болып жатқан үрдістерге ғылыми-теориялық түсінік беруге тырысқан алғашқы теория болды.
  • Бұған қоса ХІХ-ХХғғ. дейін топтағы адамдардың өзін-өзі ұстауы, топтардың құрылу заңдылықтары, топтардың емделу әсері жүйелі түрде зерттелмеген. Өйткені тәжірибелі психология тәжірибелеуші дәрігерлердің ғылыми ізденісінен құрылатын. Осыған байланысты топтық жұмыстарды жүргізу олардың қызметімен байланысты болған.Джозеф Пратт – аурулар өзімен-өзі бір-біріне психотерапевтік әсер береді деп ойлап топтарға топтастырған американдық фтизиатр. 30-жылдардың басында Пратт бір адамның басқа адамға жағымды әсерін психотерапияның негізі деп есептеп, топтық терапия сеанстарын соматикалық бұзылулары аса байқалмаған ауруларға жүргізуді жоспарлайды. Зигмунд Фрейд те топтар феноменіне жүгінген. Бірақ ол оның көпшілік психологиясына деген қызығушылығы мен топтардың өздерін көшбасшы, мықты тұлға ретінде бағалауға бейімділігімен байланысты болған. Фрейдтің өзі топтық терапияны аса құптамаған. Бірақ оның ізбасарларының бірі Альфред Адлер жеке терапия әдісін топтармен жұмыс жасауға бейімдеуді жүргізіп көрген. Ол тұлғаның әлеуметтік өсуі мен оның құндылықтары мен өмірлік мақсаттарының қалыптасуына көп көңіл бөлген. Оның пікірінше, топ - адамның мақсаты мен құндылықтарына әсер етіп, оның жүзеге асырылуына әсер етеді. Адлер емделушілерімен топтық жұмыс сеансын жүргізген. Ол сондай-ақ жалпы пікірталас пен ата-аналардың қатысуымен мәселелерді талқылаған балалардың терапевтикалық топтарын ұйымдастырған.Топтағы психоанализді алғаш қолданған психотерапевтер Л.Уэндер мен П.Шильдер болды. Ғылыми ортада белгілі Т.Барроу 1925 жылы «топтық анализ» терминін ұсынды. Ол жеке тұлғаны түсіну үшін тұлға жататын әлеуметтік топтарды зерттеу қажет деген тұжырымға келеді.
  • Левиннің пікірінше, тренингтік топтардағы тұлғааралық қарым-қатынаста осындай мүмкіндіктер пайда болады. 1947ж. К.Левин Мэн штаты, Бетел қаласында Ұлттық зертхана тренингін құрады. Осы уақыттан бастап жаңа теориялық және тәжірибелік құрылымдарға негізделе отырыпадамдармен топтық психологиялық жұмыс жасау кең қанат жая бастайды. Т-топтар әр түрлі міндеттерді шешу үшін қолданыла бастады. Бірақ ол көбінесе тұлғааралық өзін-өзі ұстау аспектісіне бағытталған болатын. Т-топтар қазіргі уақытта әлеуметтік-психологиялық тренинг деген жалпы атаудың астарында көбінесе адамдармен топтық психологиялық жұмыс жасаудың ісін жалғастырушы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет