1 дәріс Өндірістік гигиена және санитария


Бериллий және оның бейорганикалық қосылыстары



бет18/26
Дата25.04.2023
өлшемі138,65 Kb.
#86498
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Бериллий және оның бейорганикалық қосылыстары. Бериллий жеңіл металға жатады (м.с. 99,01). Өзінің физикалық және химиялық қасиеттерінің арқасында ол әр түрлі салаларда: ядролық техникада және зымыран жасауда, электроникада, атом энергиясында, газ турбиналары, рентген түтікшелері өндірістерінде, аса қатты ұшқын шығармайтын аспаптарды жасауда, ұнтақтық металлургияда және т.б. кеңінен қолданылады. Бериллийдің әсеріне тек аталған өндірістегі ғана жұмыс істейтіндер емес, сонымен қатар оны өндіру және өңдеу үрдістерімен айналысатын жұмысшылар да ұшырайды.
Өндіріс жағдайында бериллий және оның қосылыстары негізінде бу және шаң түрінде тыныс жолымен және тері арқылы, сонымен қатар аз мөлшерде – асқазан-ішек жолы арқылы түседі. Ағзада бериллий және оның қосылыстары: нашар еритіндері – өкпеде, жақсы еритіндері – сүйектерде, бауырда, бүйректе, көк бауырда қорға жиналады. Бериллий мен оның қосылыстары гематоэнцефалды бөгет және баланың жолдасы арқылы өтуге қабілетті. Ағзадан бериллий негізінен ішек және бүйрек арқылы шығарылады.
Бериллий және оның қосылыстары жоғары улылыққа, сенсибильдеуші, канцерогенді, эмбриотропты және фиброгенді әсерлерге ие. Жедел уланулар кезінде жоғарғы тыныс жолдарының және көздің шырышты қабаттарының қатты тітіркенуі және ісінуі байқалады, мұрыннан қан ағуы байқалады, «құйма қызбасы (литейная лихорадка)» дамиды, ауыр жағдайларда бронхоспазм құбылысы бар жедел бронхеоальвеолит қатар жүреді.
Созылмалы улану кезінде бериллийдің жиірек аз және нашар еритін қосылыстарының әсерінен өкпеде таралған фиброздың фонында гранулематозды үрдіс – бериллиоз дамиды, оған өкпе қызметі жеткіліксіздігінің тез дамуы және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі қосылуы тән. Сондай-ақ жиі туберкулез және алапес ауруларына дифференциалды диагноз жасауды қажет ететін, жара, терінің қабынуы, гранулемалар пайда болуы түріндегі терінің зақымданулары байқалады. Бериллийдің ағзаға сіңуі нәтижесінде ұлпалы мүшелер мен орталық жүйке жүйесіне улы әсері пайда болады. Әсіресе бауырға улылық әсерінің эффектілері айқын байқалады. Бауырда берилийден улануға тән гранулемалар мен өліеттенген өзгерістер анықталады.
Бериллиймен жұмыс істеу кезіндегі маңызды алдын алу шараларына өндіріс үрдістерін автоматтандыру және механикаландыру, жабдықтарды саңылаусыз етіп тұмшалау, қашықтықтан басқаруды, арнайы кабиналарды қолдану жатады. Міндетті түрде желдеткіш қондырғылармен жабдықтау, арнайы жұмыс киімдерін, респираторларды, ал қажет болған жағдайларда пневмокостюмдерді қолдану. Арнайы жұмыс киімдері өз киімдерінен бөлек сақталынуы тиіс, және де арнайы мамандандырылған кір жуатын орындарда механикаландырылған түрімен жуылуы керек. Арнайы жұмыс киімдерін және басқа да тұрмыстық заттарды үйге алып кетуге болмайды, себебі бериллиймен жұмыстық байланысы жоқ адамдарда бериллиоз дамуы мүмкін. Жұмыстан кейін душта жуыну керек.
Бериллидің қауіптілігі туралы, ал ол қауіптілігі 1класс заттарға жатады,оның ШРЕК-і өзі білдіреді. Мысалы, ШРЕКм.б.р. 0,003 мг/мтең, ал ШРЕКо.а. – 0,001 мг/мтең болады. Бериллийдің кез келген көзі қоршаған ортаның нысандарының қауіпті ластануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан бериллийдің ауадағы концентрациясына, жабдықтардың, терінің, киімдердің ластанғандық дәрежесіне тұрақты түрде бақылау жасау керек.
Бериллиймен байланыста болатын жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер тыныс мүшелерінің, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің, бауырдың, бүйректің, орталық жүйке жүйесінің, қанның және қантүзуші мүшелердің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулар жатады. Жұмысқа жаңадан түскендерге аурудың алдын алу шаралары жөнінде міндетті түрде нұсқау берілуі тиіс. Кезеңдік медициналық тексерулер, 6 айда бір рет, міндетті түрде терапевт пен рентгенологтың қатысуымен, және де қажет болған жағдайларда оторинларинголог, дерматолог, окулист, невропатологтың қатысуымен жүргізіледі. Жұмысқа жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет