1. Пневмония дегеніміз: а өкпе тінінің қабынуы в плевраның қабынуы



бет1/9
Дата27.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#103584
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 тақырып


1-нұсқа
1.Пневмония дегеніміз:
а) өкпе тінінің қабынуы
в) плевраның қабынуы
с)бронхының қабынуы
д) көмейдің қабынуы
е)кеңірдек кілегей қабатының қабынуы
2. Пневмонияға тән емес белгі:
а) ошақ орналасқан жерде өкпе дыбысының тұйықталуы
в)акроционоз ,ентігу
с) дымқыл,ұсақ көпіршікті сырылдар,крепитация естілу
д) теріде этапты түрде бөртпе шығу
е) ылғалды жөтел, дене қызуы 38-39 градус болу
3. Пневмония ауруы жиі тудыратын асқынуы:
а) өкпеден қан кету
в) өкпенің ісінуі
с) тыныс жетіспеушілігі
д)өкпенің қатерлі ісігі
е)өкпе туберкулезі
4.Ағзаның сенсибилизациясын тудыратын факторларға жатпайды:
а)өкпеден қан кету
в)өсімдік,ағаш,шөп шаңы
с)жануарлардың қайызғағы,шаш
д)бактериялар,вирустар,саңырауқұлақтар
е)үй шаңы
5.Бронх демікпесі науқасы қақырығында байқалатын ауруға тән белгі:
а) Куршман спиралі
в)«Дат» тәрізді қақырық
с) ірің аралас қақырық
д)қан аралас қақырық
е) аталғандардың бәрі
6.Бронх демікпесі күтімі:
а) зәрін,нәжісін бақылау
в)пикфлоуметрді пайдалана білуге үйрету
с)небулайзер мен спейсерді пайдалануды үйрету
д)гипоаллергиялық диета тағайындау
е) аталғандардың бәрі
7. Пневмания түріне жатпайды:
а) Крупозды.
в) Сегментарлы.
с) Аралас
д) Ошақты.
е) Интерстициалды
8.Өкпенің бір немесе бірнеше сегментінің зақымдалуы,сегмент бронхосының
бітеліп қалуы пневманияның қандай түріне жатады?
а) Ошақты пневмания
в) Сегментарлы пневмания
с) Крупозды пневмания
д) Интерстицальды пневмания
е) Деструктивті пневмания
9.Науқастың арқасына қыша қойғанда,қышаны қандай температурадағы суға маламыз?
а) 30-32 градустағы
в) 34-36 градустағы
с) 37-38 градустағы
д) 40-45 градустағы
е) 46-50 градустағы
10.Бронх демікпесінің асқынуы:
а) асфикция,эмфизема
в) жедел жүрек жетіспеушілігі
с) ателектаз
д) пневмоторокс
е) жоғарыда айтылғандардың бәрі
11.Бронх демікпесіндегі тұншығу белгісі жойылғанда тағайындалатын ем:
а) гистаглобулин егу
в) иммундық жағдайды көтеруші препараттар
с) психотерапия
д) угу,гимнастика
е) аталғандардың бәрі
12.Астма статусында тағайындалатын дәріге жатады,біреуінен басқасы:
а) тері астына алупент немесе адреналин егу
в) эуфуллинді тамшылатып жіберу
с) кортикостероидтар
д) қақырықты жібітетін дәрі мен инфузионды ем
е) дицинон
2-нұсқа
1.Пневмонияның дамуына әсер ететін қосымша факторлар:
а)дұрыс тамақтанбау
в) эпидемиологиялық ережелерді сақтамау
с)ағзаның салқындауы
д)дене тәрбиесінің ,шынықтырудың жеткіліксіздігі
е)аталғандардың бәрі
2. Жедел пневмонияның ұзақтығы:
а)6 аптаға дейін
в)6-8 аптаға дейін
с)8 айдан жоғары
д) 1 жылдан жоғары
е) 2 жылдан жоғары
3, Пневмонияның алдын алу шаралары:
а) вакцинация жасау
в)сарысу егу ,Безредко әдісімен
с) шынықтыру,иммунитетін күшейту
д)бактериофаг қолдану
е)СЭС ке хабарлау
4.Бронх демікпесінің клиникалық көрінісіне жатады,біреуінен басқасы:
а) тұншығу
в)экспираторлы ентігу
с)кеудесінде тарылу сезімінің пайда болуы
д) ауа. жұту уақыты ұзарып, дем шығарудың қысқаруы
е)ысқырық сырыл
5.Бронх демікпесінің базисті еміне жатады:
а)кромогликат натрий ( интал)
в)ингаляциялық кортикостероидтар
с)бронхыны кеңейтетін дәрілер
д)недокромил натрий (тайлед)
е) аталғандардың бәрі
6.Бронх демікпесінің өршуіне әсер ететін қолайсыз факторларға жатады:
а) физикалық күш түсу
в)көңіл-күйдің төмен болуы
с)сыртқы ортаның ластануы
д)ауа-райының қолайсыз жағдайлары
е)аталғандардың бәрі
7.Пневмония ауруын тудыратын қоздырғышқа жатады,біреуінен басқасы
а) вирустар
в) бактериялар
с) саңырауқұлақтар
д) микоплазмалар
е) спирохеталар
8.Пневмонияға тән емес белгі:
а) ылғалды жөтел,акроцианоз
в) өкпенің екі жағынан да құрғақ сырылдардың естілуі
с) қабыну ошағы үстінде ұсақ,орта көпіршікті сырылдардың естілуі
д) қабынған ошақ үстінде өкпе дыбысының тұйықталуы
е) ентігу,тынысының жиіленуі
9.Пневмонияның негізгі емін атаңыз:
а) антибактериалды
в) витаминотерапия
с) ферментотерапия
д) оксигенотерапия
е) фитотерапия
10.Бронх демікпесінің өршуіне әсер ететін қолайсыз факторларға жатады:
а) ауа-райының қолайсыз жағдайлары
в) физикалық күш түсу
с) көңіл-күйдің төмен болуы
д) сыртқы ортаның ластануы
е) аталғандардың бәрі
11.Бронх демікпесінің тұншығу белгісінде тағайындалатын дәрі:
а) сальбутамол
в) супрастин
с) кофеин
д) кокарбоксилаза
е) папаверин
12.Бронх демікпесінің алдын алу шараларына жатады:
а) үгу,гимнастика
в) тазалық сақтау
с) конденционерлерді пайдаланбау
д) өсімдіктердің гүлдейтін уақытында далаға шығуды шектеу
е) аталғандардың бәрі

Есеп № 1
1 жас 6 айдағы ер бала. Ауырғанына 3 күн. Анасының айтуынша температурасы 37,5ºс, мұрнынан көп мөлшерде бөлініс бөлінеді. Тамақ ішуі нашарлап, бала тітіркенгіш болды. Кешегі кештен бастап жөтел пайда болды. Бүгін қарағанда температурасы 37,4 ºс, баланы ылғалды қиын шығатын жөтел мазалайды. Тынысы шулы, ысқырықты, тыныс шығаруы ұзарған. Тыныс алғанда мұрын қанаты керілген және қабырға аралық кеңістік ішке тартылған. Өкпеге перкуссия жасағанда екі жағында да қорап дыбысы естіледі, ал аускультацияда тынысы қатқыл, ысқырықты құрғақ және әр түрлі калибрлі ылғалды сырыл естіледі. Тыныс жиілігі минутына 40 рет, пульсі 120 рет соғады минутына.


1. Сіздің диагнозыңыз. Негіздеңіз.
2. Баладағы тыныс тарылуының негізгі механизмін атаңыз.
3. ерте жастағы баладағы тыныс жүйесінің АФЕ-рін атаңыз.
4. Тыныс жетіспеушілігі симптомдарын атап беріңіз.
5. Сіздің іс - әрекетіңіз.

Есеп № 2
Сіз жедел жәрдем бригадасында қызмет атқарасыз. Түнде сізге шақыру түсті.


8 айлық бала, анасының айтуы бойынша түннің ортасында кенеттен бала масасызданып, жылаған, қатты жөтеліп, қолын ауызына сала береді дейді. Жөтелі үрлемелі, тынысы қиындаған, шулы, дауысы қарлыққан, эпигастрий аймағы керілген. Тері жамылғысы бозғылт, ерінінде цианоз белгілері бар. Сіздердің жедел көмектеріңізден кейін баланың тынысы біртіндеп тұрақталып, дауысы қалпына келе бастады.

1. Қандай ауру жөнінде ойлайсыз? Диагноз қой.


2. Тағайындауыңыз қандай болмақ ?
3. Қандай аурулармен ажырату жүргізесіз?

Есеп № 3
Қабылдауға келген 2 жасар баланың шағымдары: Анасының айтуы бойынша баланың ауырғанына 2 күн болған, ауруы мұрынынан серозды бөліністердің бөлінуімен басталып, жөтел қосылған. Жөтелі құрғақ әсіресе түнге қарай күшейіп, бала мазасызданады.Тамаққа тәбеті төмендеген. Дене қызуы 38,0 С-ге жоғарлаған.


Объективті қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Көңіл күйі енжар. Тері жамырғысы бозғылт. Араны қызарған.
Аускультацияда өкпеден құрғақ және әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.

1. Сіздің диагнозыңыз.


2. Диагнозды негіздейтін клиникалық белгілерді ата.
3. Қосымша тексеру әдістері.
4. Қандай аурулардан ажырату керек.

4-есеп
Балаға 5 ай. Анасы тұмаумен ауырған. Бала жөтеліңкіреп жүрді, дене қызуы қалыпты, емуі белсенді болатын. Бірнеше күннен кейін дене қызуы 38,7 С-ге дейін көтерілді. Бала мазасызданып, жиі жөтел баланың емуіне кері әсерін тигізеді.


Объективті қарағанда: ауыз-мұрын үшбұрышында көгеру, мұрын қанаты керілген. Тыныс жиелігі минутына 50 рет, пульсі 120 рет соғады минутына. Өкпесінде оң жағында әлсіз тыныс фонында крепитация естіледі. Жүрек тондары аздап тұйықталған.
Бауыр қабырға доғасынан 3,0 см шығыңқы. Үлкен дәреті мен зәр бөлуі қалыпты.
1. Сіз қандай ауру туралы ойлайсыз.Негіздеңіз.
2. Осы аурудың дамуына қандай жағдай әсер етті.
3. Жалпы қан анализінде қандай өзгерістер болу мүмкін.
4. Осы аурудың негізгі диагностикалық критерилерін атаңыз.
5. Диагнозды негіздеу үшін тағы қандай тексерулер жүргізу керек.

5-есеп
6 айлық балаға шақырту жасалды. Ауырғанына екі күн болған, дене қызуы 38ºС жоғарлаған, құрғақ жөтел, тәбеті мен түнгі ұйқысы нашарлаған, құсық пайда болып, енжарлана бастаған. Танертеңгілік кенеттен есін жоғалтып, дене &spes 40ºC болып, аяқ-қолдарында құрысу көрінісі болған.



    1. Бұндай жағдайда қандай ауру жөнінде ойлауға болады?

    2. Аурудың даму себебі неде?

    3. Ем тағайындаңыз.

6- есеп
9 жасар балаға жедел жәрдем шақыртылды. Бала бір аптадан бері тұмаулатып ауырып жүргені анықталды. Шағымдары; дене қызуының жоғарлауы, жалпы әлсіздік,тынысты терең алғанда, жөтелгенде кеудесінің оң жағындағы ауырсыну, ол әсіресе сау жағына бұрылғанда күшейеді екен.Науқас бала ауырған жағына жатуды қалайды. Аускультацияда плевра үйкеліс шуы естіледі, ол фанендоскопты басқан кезде күшейеді, жөтелден кейін жоғалмайды.





  1. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

  2. Тексеру әдістері

  3. Ем тағайында.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет