Дәріс № 1.Картография пәні оның зерттеу әдістемелері
1.1.Картография ғылымы,маңызы мен міндеті
Картография- географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістікте орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т.б. картогафиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтіен ғылым. Картографиялық ұғымдарға аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен белгіленген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.
Картографияның негізгі салалары:
1)картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картография проекциялары теоремасы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шарты белгілер жүйесі) теориялары;
2)картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
3)картографиялық деректану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысты бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері),
4)карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
5) карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.
Картография ғылым мен техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде.
Картогафияның жалпы теоремасы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады.Картография теоремасының негізгі әдістемесі –картатану.
Математикалық картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекциялар теоремасын әзірлейді, картогафиялық тор құрудың әдістерін жасайды., олардағы бұрмалануды талдайды.
Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлейді, әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді.
Картаны безендендіру және картографиялық синоптика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі-түсті безендірумен айналысады. Картографиялық синоптика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді.
Картаны басып шығару –картаны, атласты, т.б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту картаны полиграфиялық безендіруден тұратын технологиялық пән.
Картографиялық. өндірісті ұйымдастыру және экономикасы — салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді.
Картография тарихы картографиялы өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді.
Картографиялық топонимика — географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. Картография салаларын нысанға қарап та жіктейді. Мысалы, Жер бетін (құрлықтар мен мұхиттарды), планеталық және астрономиялық картографиялау.
Картография –бейне белгі моделі, обьектілерді, табиғат құбылыстарын кеңістікке таралу заңдылықтары бойынша зерттеп картаға түсіру.
Әр ғылымның екі жақты байланысы болады..
а)танымдық, пәнді меңгеру танып білу
б)танып білу әдістері
Картографияның өзіндік танымдық обьектілері, олар: материалдық заттар мен құбылыстарының өзара орналасу тәртібінің барлығы; бұл тәртібтің уақытша өзгеруі.
Картографияның танымдылық құралы (пәні) картаға график тілімен түсіру-нақтылы жағдайды бейне белгі моделі бойынша.
Картография –карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады.
Тарихи қалыптасқан картаның екі түрі бар:
1)жалпы географиялық- дүние жүзі құрылымы мен қоғамды көрсетеді;
2)топографиялық, инженерлік, арнаулы карталар күнделікті өмірде, адам қызметінде қолданылады;
3)картографиялық зерттеу әдістері- картадағы құбылыстарды танып білу және талдау