1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз



Дата25.11.2022
өлшемі20,06 Kb.
#52588

Бекберген Диана 215к-хи
1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.
Қазіргі әлеуметтану ғылымының ең беделді өкілі, Корнелл университетінің
профессоры Джордж Ритцердің “Әлеуметтану теориясы” ғылымының
өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастарды ұштастыра
отырып талдайды.
Өзін-өзі өлтіру (суицид) — өзін өмірден қасақана айыру. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.Суицидтік мінез-құлық девиантты мінез-құлықтың бір түрі болып табылады және суицидтік ойлардың пайда болуын, олардың ойпікірін, суицидтік актінің жоспарын әзірлеуді қамтитын субъектіде патологиялық ойлаудың болуын білдіреді. Суицидтік мінез-құлық сонымен қатар өзін-өзі өлтіру әрекеттерін тікелей орындауды қамтиды. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:
1. Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
2. Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
3. Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);
4.Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру.
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Үндістанда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, КСРО-дашамамен 2324 адамнан келеді. Қазақстан 2014 жыл бойынша жасөспімірдер арасында өзінөзі өлтіру деңгейі бойынша әлемде 100 мың адамға шаққанда 25.6 жас өліп 4-ші орын алған. XXI ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзінөзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген
Қазіргі әлеуметтану ғылымының ең беделді өкілі, Корнелл университетінің профессоры Джордж Ритцердің “Әлеуметтану теориясы” ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастарды ұштастыра отырып талдайды.
Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде модерннен постмодернге дейінгі және одан кейінгі модерннің заманауи теорияларына терең шолу жасайды.
2. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық топ» ұғымдарын салыстырыңыз.
Этникалық бірліктің жоғары көрінісі ұлт болып табылады.
Ұлт - автономды, аумақтық шеңбермен шектелмеген, мүшелері жалпы құндылықтар мен институттарға берілген.
Бір ұлт өкілдерінің қанға ұқсас байланыстардың ешқандай белгілері жоқ, бірақ оларды бір дамыған, әдеби тіл, бірыңғай ұлттық мәдениет, тарихи тағдырдың ортақтығы біріктіреді, ұлттық мақтанышынан ұлттық қайғы-қасірет пен кемсітуге дейін күшті эмоциялар тудыратын оқиғалар туралы тарихи жадыны тудыру. Мәселен, бірыңғай аумақ, тіл, мәдениет және тарих негізінде бірыңғай ұлттық сипат пен психикалық қойма қалыптасады. Өзінің ұлтымен тығыз ынтымақтастық сезімі пайда болады.
Әр этнос өзіндік мәдени ерекшелігін анықтап, сәйкестілігін қалыптастыру, сақтау және дамыту міндетіне ерекше мән береді. Этномәдени сәйкестіліктің құрамдас өлшемдерінің қатарында діни сенімнің алатын орны ерекше.
Қазіргі ғылымда этникалық ұқсатушылық синонимдері ретінде этникалық өзіндік сана-сезім, ұлттық сана-сезім, ұлттық сәйкестендіру, т.б. категориялары қолданылуда. Кеңестік ғылымда “өзіндік сана-сезім” түсінігін қолдану қабылданған еді, ал батыстық және американдық дәстүрлерде бұл құбылыс көбінесе “этникалық бірдейлік” деп аталып келді.
С.Хантингтон атап көрсеткендей, қазіргі кезде әлемде мәдени бірдейліктер (этникалық, ұлттық, діни, өркениеттік) үлкен маңызға ие. Сонымен қатар этникалық бірдейліктер көптеген адамдар үшін, әсіресе қоғамдық дағдарыс кезінде ең тұрақты және маңызды болып табылады.
Этникалық сана-сезім өзекті ұқсатудың этникалық және басқа формаларын қамтитын кең көлемді идентификацияның нәтижесі болып табылады (аумақтық, мәдени, тілдік, діни, әдет-ғұрыптық, нәсілдік, антропологиялық, психологиялық, т.б.). Бұл жерде адам өз қауымына қатыстылығын ғана сезіп қоймай, сонымен қоса этникалық нақтылықтың объективті өмір сүру құрамдас бөліктеріне субъективті әлеуметтік психологиялық байлағанын ұғынады, этникалық әлемде өз орнын анықтайды. Этникалық өзін-өзі ұқсату жайлы этникалық субъект, этникалық сананың пайда болуының бір деңгейі ретіндегі ойдың қалыптасуының факторы болып табылады.
3. «Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы» эссе-негіздемесін дайындаңыз.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік
Біздің бірінші президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталғандығы барлығымызға аян. Елбасымыздың үшінші жаңғыруымен кеңірек таныспастан бұрын, бірінші және екінші жаңғыруларына кішігірім тоқталып, еске түсіре кеткеніміз жөн. Қазақстанның Бірінші жаңғыруы - 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Ал, Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан күннен-күнге алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыртуға да табан тіреді. «Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - деген еді Мемлекет басшысы осы Жолдауында. Осы жаңғырудың аясында бастысы -баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, әлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты белгілегендігі мәлім. Сонымен қандай басымдықтар?
- Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, яғни, бұл тұрғыдағы басты міндет - цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету. - Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Мұндағы көзделген стратегиялық мақсат - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. - Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық. Бірден-бір басты міндет - ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. - Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бұл ретте біріншіден, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, яғни, білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау және де қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады, ал, бұл жоба қарсаңында тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Екіншіден, денсаулық сақтау жүйесіне байланысты, яғни, 2017 жылғы 1 шілде айынан бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайтындығы қарастырылуда.Үшіншіден, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға дейін арттырылатынын, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылатындығын, сонымен қатар, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20 пайызға өсірілетіндігін атап көрсетті. Бұдан бөлек, Елбасы осы ретте ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастырып, оны қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келтіру қажеттігін тапсырды. - Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Бұл ретте Елбасы өз кезегінде, жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру керектігін айтып, Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтық
қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді міндеттеді. Бұдан бөлек, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс екендігін, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу маңызды екендігін басты назарда ұстады. Ал, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытына тоқталған Елбасы оның шығу себептері мен алғышарттарын анықтап, әлі де болса толыққанды түрде аса назар аударылмай тұрғандығын ескеріп, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін атап көрсетті. Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылданжылға толастар емес, керісінше, артуда. Бұл дегеніміз, бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, тек ол үшін Елбасымыз жариялаған жаңа стратегиялық реформаларды жүзеге асыруға баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде ғана алдағы асулар мен белестерді бағындыратындығымыз, алдымызға қойған межеге жететіндігіміз сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет