Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті. Алып –Ер Тұңға Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі19,6 Kb.
#108893
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сабақ жоспары Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып –Ер Тұңға


Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып –Ер Тұңға
Сабақтың мақсаты: Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы оқушыларға жаңа білім беру. «Алып- Ер Тұңға» жоқтау жырының мазмұнымен таныстыру. Жоқтау жырының идеясы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасату.
Тәрбиелік маңызына талдау жасата отырып, ел есімінде мәңгілік қалған тарихи тұлғаларды дәріптеуге, үлгі- өнеге алуға шақыру.
Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақ әдісі: мәнерлеп оку, топтық жұмыстар, салыстыру, дәлелдеу
С.барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, үйге берілген Ежелгі дәуір әдебиеті туралы жинастырған материалдарын сұрау, қорытындылау.
ІІ Жаңа теориялық білім беру . Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы білгендерін ортаға салу, толықтыру.
Ой шақыру. 1. Қандай жазу-сызулар мен аңыз –жырларды білесіздер?
2. Аңыз дегенді қалай ұғынамыз?
3. Жоқтау деген не? Кімдерге арналған жоқтау түрлерін білесіздер? (оқушылар түсінігін ортаға салу)


Оқушыларға берілетін қосымша мәліметтер
Жоқтау – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Жоқтаудың ежелгі үлгілері шумерлердің Гильгамеш туралы жырларында да, үнді эпосы “Махабхаратада” да, Гомердің поэмасы “Илиада” да, Мысыр жырларында да кездеседі. Жоқтау үлгісіндегі жырларды ежелгі грек трагедияшылары, Рим ақындары Катулл мен Вергилий де жазған. Түркі әдебиетіндегі жоқтаудың ең көне үлгілерінің бірі – “Алып Ер Тоңғаны жоқтау”. “Бөрідей ұлып жылады, Жоқтады жыртып жағасын” дейді жырда.
Махмұт Қашқаридың жазуы бойынша, жоқтау – ежелгі түркі тайпаларының ерлік тұрмысынан туған жырлардың бір түрі. Алып Ер Тоңға (қ. Афрасиаб) түркілердің арғы тегі сақ ұлысының аты аңызға айналған билеушісі, жауларын тізе бүктірген алып батыр. Жыр мазмұнынан батырдың бейнесі, ерлік өмірі анық байқалады.
Жоқтау жырлары мен оның үлгілері
Жоқтау жырлары ежелгі түркі халықтарына ортақ басқа әдеби мұраларда да кездесіп отырады. Соның бірі – оғыз-қыпшақ дәуірінің (8 – 9 ғасырлар) ескерткіші “Қорқыт ата кітабындағы” Дирсеханның жалғыз ұлы Бұқашты анасының жоқтау жыры. Осындай жоқтаулар ауыз әдебиетіндегі “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр”, “Ер Тарғын” сияқты қаһармандық эпостарда, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек” сияқты ғашықтық жырларда да ұшырасады.
Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша, жоқтауды марқұм болған адамның артында қалған әйелі, қызы, қарындасы, келіні, басқа да туыстарының әйелдері айтады. Ел ішіне кең тараған жоқтау жырлары негізінен айтар ой сарыны, ұйқасы, образды сөз кестесі жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Елге қадірлі, беделді адамның қазасын лайықты жырмен жоқтау оның артындағы қалған ел-жұртына салмақты сын болған. Әдетте, жаттанды сөздермен көпке белгілі жоқтау үлгілері ондай кезде жаңаша айтылып, мазмұны жағынан толығып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет