1. «Әдіснама» ұғымын түрлі тұғырлар тұрғысынан қарастыру. Әдіснаманың негізгі деңгейі және оның сипаттамасы



бет1/4
Дата06.09.2022
өлшемі30,08 Kb.
#38533
  1   2   3   4


Тапсырма 1

1. «Әдіснама» ұғымын түрлі тұғырлар тұрғысынан қарастыру.

2.Әдіснаманың негізгі деңгейі және оның сипаттамасы.



1. «Әдіснама» ұғымын түрлі тұғырлар тұрғысынан қарастыру.

Педагогика әдіснамасы дегеніміз не? Осыған тоқталайық.


  • Біріншіден, ол әрқашанда өзгеріп отыратын педагогикалық шығармашылықтың алынатын ғылыми білімдер әдістерін анықтайды (М.А.Данилов);

  • Екіншіден, ғылыми-зерттеу мақсатына жеткізетін бағыттар мен негізгі жолды анықтайды (П.В.Коппин);

  • Үшіншіден, зерттеліп жатқан процесс пен құбылыс туралы ақпараттың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (М.Н.Скаткин)

  • Төртіншіден, педагогика теориясының қорына жаңа ақпаратты енгізуге көмектеседі (Ф.Ф.Королев);

  • Бесіншіден, педагогика ғылымындағы түсініктер мен терминдерді түсіндіреді, жинақтап қорытындылайды және жүйелейді (В.Е.Гмурмин);

  • Алтыншы, ғылыми танымның обьективті және логикалық, аналитикалық құралдарына сүйенетін жүйелік ақпарат құрады (М.Н.Скаткин).

Әдіснама – (әдіс және логос) қызметтің логикалық ұйымдастырылуы, әдістері және құралдары, құрылымы жөніндегі ілім (Кеңестік энциклопедиялық сөздік).


Әдіснама – теориялық және практикалық қызметі ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдары жүйесі жөніндегі ілім (филосифиялық энциклопедия сөздігі).
Әдіснама – қандай да бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;


  • Әдіснама – гректің әдіс және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.

  • Мағынасы – әдіс туралы ілім. Әдіснама – теориялық ойлаудың философиялық негізі.

Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.


  • Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.

  • Әдіснама – іс-әрекеттің құрылымы, қисынды ұйымдастыруы, әдістері мен құралдары туралы ілім.

  • Әдіснама – теориялық және тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мен құрудың қағидалары жүйесі мен тәсілдері, сонемен бірге, сол жүйе туралы ілім.

  • Әдіснама – дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты танып- білудің жолы, философиялық ұстанымы.

  • Әдіснама – таным және дүниені өзгертуге бағытталған тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдары мен шарттарын зертейтін білімдер саласы.

  • Әдіснама – іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім.

  • Әдіснама – адамның кез-келген іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет