1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет1/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63


1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. 
Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша 
материалдар, қалдықтар. 
Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен 
құралдары туралы ғылым. 
Технология 2-ге жіктеледі: химиялық және механикалық.
Химиялық технология - шикізатты химиялық өңдегенде табиғаты жағынан күрделі процесс, құрамы мен 
ішкі құрылыстары өзгереді.
Механикалық технология - шикізатты өңдегенде бастапқы заттардың құрамы жəне ішкі құрылыстары 
өзгермейтін процесс.
Химиялық технологияның негізгі ұғымдары 
Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған 
машиналар мен аппараттарда жүзеге асырылатын процестер мен операциялардың жиынтығы. 
Технологиялық процесс – шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен 
үдерістердің жиынтығы. 
Химия-технологиялық процесс – бастапқы затты өнімге айналдыру кезіндегі химиялық жəне физико-
химиялық процесстердің тізбегі. 
Шикізат – өндіріс өнімдерін өндіруге пайдаланатын табиғи заттар жəне жартылай өнімдер. Шикізат – 
өндірістің экономикасын көрсететін, өндірілетін өнімнің технологиясы мен аппараттарының таңдалуы мен 
сапасы тəуелді болып келетін өндірістің ең негізгі элементі. 
Реагент — химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай 
да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де реактив деп атайды. 
Мақсатты өнім (дайын өнім) - кəсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) жəне 
өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер. 
Жанама өнімдер – өңдеу кезінде мақсатты өніммен қатар алынатын, бірақ берілген өндірістің көздегеніне 
жатпайтын өнімдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет