1. Жарнама, атқаратын қызметтерi, түрлерi Жарнама әрекетiн жүргiзудiң негiзгi сатылары



бет1/5
Дата02.04.2022
өлшемі288,4 Kb.
#29654
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5 апта Маркетинг


Маркетингтегi коммуникация жүйесi









1. Жарнама, атқаратын қызметтерi, түрлерi

2. Жарнама әрекетiн жүргiзудiң негiзгi сатылары

3. Жарнаманы тарату құралдары

4. Арнайы сату әдiсi

1. Жарнама, атқаратын қызметтерi, түрлерi

Жарнама дегенiмiз белгiлi тапсырыс берген демеушiнiң атынан тауарды тар-тымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. "Жарнама" латын тiлiнен аударғанда "айқайлау" ұғымын сипаттайды.

Жарнама ерекшелiктерi мыналар:

- қоғамдық сипаттама алады;

- үгiттеуге қаражат қабiлеттiлiгi бар сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарлан-дыруын бiрнеше қайталай алады;

- мәнерлiк-түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;

- иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады.

Нарықтағы жарнама қызметтерi мыналар:

- экономикалық қызметi - сұранысты қалыптастыру, өтiмдi ынталандыру, тұтынушыларға тауарды алғызуды тездету арқылы "сату-алу" процесiн тездетедi;

- ақпараттық қызметi - тұтынушыларды өндiрушiлер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етедi;

- коммуникациялық қызметi - маркетинг зерттеулерi кезiнде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пiкiрлерiн жинау, тауар өтiмiн талдау арқылы жарнама нарықпен және тұтынушымен байланысын қамтамасыз етедi;

- бақылау қызметi - нарықтағы өнiмдердiң жылжуын бақылауға мүмкiндiк бередi;

- түзетiм қызметi - өткiзу саясатын және жарнама қызметiн ұтымды жағына өзгертуге мүмкiндiк жасайды;

- сұранысты басқару қызметi - нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигiзу жолдарын табуға мүмкiндiк ашады.

Жарнаманың түрлерiн топтауда көптеген белгiлер қолданылады. Ол төменгі кестеде көрсетiлген:

кесте - Жарнама түрлерiнiң негiзгi белгiлерi



Жарнама түрлерiн айыру

белгiлерi



Жарнама түрлерi

Жарнаманы жеткiзу әдiсте-рiне қарай

"Қатаң жарнама“ - қысқа мерзiмдi жарнама;

"Жайлы“ жарнама - тауар айналысында қолайлы жағдай құратын жарнама

Мияткер түрiне қарай

Өндiрушiнiң атынан жүргiзiлген жарнама көбiнесе коммер-циялық әрекетке байланысты;

Жеке адамдар атынан жүргiзiлген жарнама көбiнесе хабар-ландыру сипатын алады.



Тұтынушыға әсер ету әдiсi-не қарай

Оңтайлы жарнама - тұтынушының ақыл-ойына әсер ететiн жарнама

Эмоционалды жарнама - тұтынушылардың сезiмiне эмоция-сына ассоциация арқылы әсер ететiн жарнама.

Жарнама түрлерiн айыру

Белгiлерi



Жарнама түрлерi

Мақсатты аудиторияның түрiне қарай

Бизнес саласына арналған жарнама - тауарды өндiрiс проце-сiнде қолдану үшiн сатып алатын тұтынушыларға және делдалдарға арналған жарнама

Жеке тұтынушыларға арналған жарнама

Коммуникация стратегиясына қарай

Таңдамалы жарнама - нақты нарық сегментiне арналған жарнама

Жалпылама жарнама - жалпы нарыққа арналған жарнама

Компания мақсатына қарай

Ақпаратық жарнама - тұтынушыларды жаңа тауармен және жаңа фирмамен таныстыратын жарнама

Ескерту жарнамасы - тұтынушылар есiне тауар туралы ақ-паратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске түсiретiн жарнама

Кеңесшi жарнамасы - таңдамалы сұранысты қалыптастыру-ға арналған жарнама

Жарнама затына қарай

Тауар жарнамасы - тауарға сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама

Фирма жарнамасы - кәсiпорынның жұмысын жағымды көрсететiн жарнама

Тигiзетiн әсерiне қарай

Тiкелей жарнамасы - жеке тұлғаға арналған жарнама

Жанама жарнама - көпшiлiкке арналған жарнама

Жарнама түрлерiн айыру

Белгiлерi



Жарнама түрлерi

Әсер ету жолына қарай

Көз жарнамасы (баспа және сырт жарнамасы) Акустикалық жарнама (радиожарнама)

Иiс сезу қабiлетiне әсер ететiн жарнама (хош иiстi буклет немесе т.с.с. заттар арқылы)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет