Сабақтың тақырыбы Тасымал. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата18.10.2023
өлшемі59,56 Kb.
#118096
түріСабақ
Байланысты:
Тасымал қмж


Сынып: 1

Ана-тілі

Сабақтың тақырыбы

Тасымал.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1. Сөздерді дұрыс тасымалдай білу
2. Тыңдалған материал бойынша сұрақтар қоя білу
3. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту



Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.



Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Дұрыс тасымалдай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі, математика сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
2 минут

Бесік жыры
Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым
Әлди,балам,әлди-ай

Өлеңді тыңдау,жатқа айту

Миға шабуыл

-Дыбыс деген не?
-Әріп деген не?
-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Жуан дауысты дыбыстарды ата?
-Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?






Өткен сабақ

-Балалар біз өткен сабақта буын туралы өткен болатынбыз. Олай болса ережені еске түсірейікші.

Сөз буынға бөлінеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: ақ,уа-қыт,жү-рек.



Тапсырма: «Буын санын анықта»


«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Слайд
Суреттер



Жңа сабақ
8 минут

Бүгінгі сабақта тасымал туралы үйренетін боламыз.


Оқулығымызға назар аударайық.
І топ: Шырағым
ІІ топ: Құндызым
ІІІ топ: Жұлдызым
1-жаттығу
Өлеңді тыңдау.
Құрақ,жұлдыз,бала сөздері жаpып келе жатқан жолға сыймаса,қалай жазасың?

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң, сызықша (дефис) қойылады.

2-жаттығу


Сөздерді тасымалдап жаз. Жылқышы,бұзау,құлыншақ,түйелер
Үлгі:жыл-қышы,жылқы-шы

«Бас бармақ» әдісімен бағалау



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Слайд



Сергіту сәті
1 минут








3-жаттығу
Мына сөздерді тасымалдауға бола ма?
Ай, күн, тай, бұлт, жент.


Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды: 
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, күрт, жұрт т.б. 
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия т.б. 









Шығармашылық тапсырма: әр топ топтың атауын тасымалдап көрсетеді.
І топ: Шырағым
ІІ топ: Құндызым
ІІІ топ: Жұлдызым
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау






Аяқталуы
16 минут



https://wordwall.net/ru/resource/62078443


Алған білімдерін қорытындылайды.



АКТ


Сабақтың соңы


2 минут



Рефлексия


Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.





Микрофон


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет