1. Жүйке жүйесінің басты қызметтері қандай?



бет1/3
Дата10.03.2022
өлшемі26,01 Kb.
#27516
  1   2   3

3 дәріс «Жүйке жүйесінің дамуы» тақырыбы бойынша дәріс сұрақтары 1. Жүйке жүйесінің басты қызметтері қандай? 2. Орталық жүйке жүйесінің қандай бөлімдері бар және олардың даму ерекшеліктері қандай? 3. Нерв клеткасы – нейронның құрылысы қандай?

1. Жүйке жүйесінің басты қызметтері қандай?

Жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология (гр. neurologianeuron — жүйке, жүйке жасушасыlogos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Жүйке жүйесінің ең қарапайым түрі төменгі сатыдағы ішек қуыстыларды (гидра) диффузиялы түрде болады. Бұл жүйеде қозу барлық бағытта тарала алады. Еркін қозғалып тіршілік ететін ішек қуыстыларды жүйке жасушалары топтанып, жүйке түйіні (ганглий) түзелген және олар бір-бірімен ұзын өсінділері (жүйке талшықтары, нервтер) арқылы жалғасады. Мұндай диффузиялы түйінді Жүйке жүйесінде маманданған қабылдағыштар - рецепторлар қатар дамиды және жүйе қозуды бір бағытта ғана өткізетін қасиетке ие болады.

Буылтық құрттар, буын аяқтылар, тікен терілілер, моллюскілерде Жүйке жүйесінің түйін құрылысты түрі пайда болған. Түйіндердегі жүйкежасушалары, жүйке талшықтары арқылы бір-бірімен және тиісті рецепторлармен, орындаушы органдармен байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, дистантты рецепторлармен - сезім органдарымен байланысты болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене, ерекшелене түседі.

Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің



  • орталық бөліміне ми және жұлын,

  • ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік)парасимпатикалық (ішкі мүшелік)симпатикалық (тамырлық).

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет