Тақырыбы: Саяси мәдениет, саяси мінез-құлық және саяси қатысу.
Факультеті: «Туризм және тілдер»
Тексерген:Исаева Ләззат
Орындаған: Сүндетбай Ақбота КЯЛ 23/1
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениеттің жіктелуі – Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы.
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды.
"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
жеке тұлғаларға, топтарға, ұйымдарға қатысты айтылады. Оның мәні, бағыты, құндылығы, сипаты мен ерекшеліктері адамның дүниетанымына тәуелді.
жеке азаматтармен, топтармен мемлекеттік немесе қоғамдық саясатқа, мемлекеттік істерді басқаруға я болмаса саяси басшылықты, саяси биліктің барлық деңгейіндегі жетекшілерді таңдауға ықпал ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.