1-жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! 2- жүргізуші



Дата28.11.2023
өлшемі15,61 Kb.
#130443


1-жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2- жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
1-жүргізуші:

Ана! - десем ана тілі ойға оралар. 

Баладай қуанарсың тойға барар. 

Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл 

Олжам да қанжығама байлап алар. 

Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, 

Неше миллион інжу-маржан шамамен?! 

Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, 

Қандай дана өлшер қандай бағамен?» Тілдер апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

Сахнада балалар өлең оқиды



  1. Сапар Бақытберген

  2. Сипат Мөлдір

  3. Альмуханова Адель


2-Жүргізуші:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ордабай Ақниет –Қасиетті домбыра

1-жүргізуші.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,-дей отырып, 4 Г-сынып оқушыларының орындауында «Маңмаңгер» күйі


2-жүр.

Ана тілің арың бұл,


Ұятың болып тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. 6 «А» -сынып оқушысының орындауында күй


1-жүргізуші.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Ән кәрісше_________________

2-жүргізуші.
Тілдер мерекесіне арналған іс- шарамыз түрлі сайыстармен өткізілді. Сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні бізге мәлім. Сол сайыстарда жақсы өнері мен тілге деген құрметімен алға ұмтылып жеңіске жеткен оқушылар өте көп. Марапаттау
1-жүр.

Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі,-деп


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, ғажайып тілімізді әрқашан қадірлей, қастерлей білейік ағайын! Бүгінгі апталығымыздың қорытынды кеші осымен тәмам, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет