1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі



бет18/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

Аделаида Семеновна Симонович (1840 - 1933) 1866 жылы ерімен бірлесіп Петербургте интелегенция балаларына арналған ақылы балалар бақшасын ашты және Ресейде мектепке дейінгі тәрбие жөнінде «Балалар бақшасы» деген тұңғыш журнал шығара бастады. Балалардың ерекшеліктерін зерттей отырып, ол Фребель жүйесі бойынша баланы дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес екендігіне көзі жетті де К. Д. Ушинский ұсынған халықтық тәрбие идеясын қолдана бастады.

А. С. Симонович былай деп есептеді: 3 жасқа дейінгі балалар анасының белсене қатысуымен отбасында тәрбие алуға тиіс, ал 3-тен 8 жасқа дейінгі тәрбиелеуде ата-аналарына бала бақшасы көмектесуге қажет.

Балалар бақшы жұмысының табысты болуы көбіне-көп тәрбиешінің жеке басына байланысты, ал А. С. Симонович оған зор талаптар қойды. Оның айтуына қарағанда, «Балалар баулаушысы» білімді, ширақ, сергек, көңілді, қатаң, бірақ кекшіл емес, талап қойғыш, бірақ қазымыр емес болуға тиіс. Ол балалардың табиғатын тани білуі тиіс. А. С. Симоновичтің пікірі бойынша, балалар бақшасының сипаты мен бағыты баулаушының ақыл-ой және адамгершілік жағынан даму дәрежесіне байланысты.

Апталық кесте бойынша 5-7 жастағы балалармен жүргізілетін ойын мен оқудың белгілі бір жүйесін белгілей отырып, А. С. Симонович сөйте тұра жаңа оқиғаларға немесе тәрбиеленушілердің көңіл күйіне байланысты оқу кестесінен кейбір ауытқу жасау мүмкін деп есептеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет