1 мектеп-лицей Сынып: «В»



Дата07.04.2023
өлшемі20,06 Kb.
#80252

41 мектеп-лицей
Сынып: 5 «В»
Машықкерлер: Габдилахат Ақнұр, Қадыржанова Шұғыла, Мырзағалиева Амангүл
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Төрлет, төрлет Наурыз!»
Мақсаты:
- Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
- Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру.
- Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Көрнекіліктер: постер, нақыл сөздер, ойын, ұлттық бұйымдар, суреттер көрмесі.
1-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
2-жүргізуші:Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, Күн ұзарып,түн қысқарады.Сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды топқа қораптағы қағазды таңдау арқылы бөлу әдісі.
1-жүргізуші: Басы барлық ырыстың
Басы барлық ұлы істің
Құтты болсын наурыз той
Ұлы күні Ұлыстың!
Ұлыстың ұлы күні наурыз келді ағайын!
Наурыз-ел мен елді бірлікке, ынтымаққа шақырған күн!
Наурыз-татулықтың, достықтың мейрамы.


2-жүргізіуші: Ендеше оқушыларға тапсырма: Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызға байланысты топ бойынша постер қорғау.
1-топқа: Қазақ халқының салт-дәстүрлері
2-топқа: Қазақ халқының ұлттық ойындары
3-топқа: Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы жазу
1 - жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз – дей келе келесі ойынымызға кезек берсек. «Сұрақ-жауап» бөлімі. 
1-сұрақ: Наурыз дегеніміз қандай күн? Не үшін тойланады?
2-сұрақ: Наурыз көже қалай дайындалады? Құрамын ата.
3-сұрақ: Жылқының сүті қалай аталады?
4-сұрақ: Қазақ халқының ұлттық киімін ата.
5-сұрақ: Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?
6-сұрақ: Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық той.
7-сұрақ: Наурыз күні табиғатта қандай өзгеріс болады?
8-сұрақ: Наурыз айында тойланатын мерекелерді ата.
9-сұрақ: Киіз үйдің құрылысын ата.
10-сұрақ: Қазақ халқындағы қыз киетін аса бағалы ұлттық бас киімі.
2 -жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше оқушылар ортаға шығып сергіту сәтін ұйымдастырайық.
1-жүргізуші:Бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.
2-жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!
Құрметті оқушылар! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет