Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп



Дата17.10.2023
өлшемі18,8 Kb.
#117406

Армысыздар құрметті қонақтар. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,


Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын ақсақал аталарымыздан,улкен кісілерден бата сұрап алайық:
Батаңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда «ән немесе би немесе т,б» ***шақырамыз

Уа, халайық, халайық!


Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады)

Қашанда құт – береке орнасын деп,


Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік!

Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізге арналған ұлттық ойындарымызды сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда 2 ауыл, «Бәйшешек» және «Қызғалдақ»
Ойынымызды бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейін: ,,,
1. Арқан тартыстан жарыс
2. Қол күрестен жарыс
3. Наурыз көже ішуден жарыс.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке! - дей отыра Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап берейік!

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)


Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)
Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)
Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)
Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)
Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)
Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)
Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)
Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)
Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)
Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)
Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)

Шыға келді сыланып сылаң келер,


Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.
Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында
Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

Би: « ,,,»

Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Кезекті қазақша күйге берейік.
« ,,,»

Наурыз құтты болсын!


Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет