1.Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар. Нәруыздар — мономерлері аминқышқылдары болып табылатын биополимерлер.Нәруыз негіздік және қышқылдық қасиет көрсететін амфотерлі қосылыс болып табылады.
Нәруыздар әр түрлі қызмет атқарады: құрылымдық, қорғаныштық,тасымалдау, жиырылу, катализдік, реттеуші, қоректік, электротрансформациялау.
Құрылымдық қызметі– нәруыздар өсімдіктердің, жануарлардың,микроорганизмдердің құрылымын қамтамасыз етеді.
Қорғаныштық қызметі – организмнің қорғаныштық қызметін негізінен иммундық жүйеатқарады.
Тасымалдау қызметі – нәруыздар суда ерімейтін заттарды қан ағысымен тасымалдау арқылы оларды нысанаоргандарға апарады.
Жиырылғыштық қызметі –организмге үйлестірілген қозғалыс мүмкіндігін береді.
Катализдік қызметі - яғни толып жатқан ферменттер атқарады
Реттеуші қызметі - – жеке жасушалардағы және тұтас организмдегі зат алмасуын реттейді,оның үдеуіне жағдай жасайды.
Қоректік қызметі – бұл қызметтіқоректік нәруыздар атқарады.
Электротрансформациялау қызметі - Нәруыздар осмостық және электрлік энергиянымакроэргиялық АТФ энергиясына айналдыра алады.
Нәруыздардың жалпы қасиеттері:
Элементтік құрамының ұқсас болуы.
Нәруыздардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы.
Амфотерлік қасиет
Буферлік қасиеті 7. Оптикалық қасиеті
8. Тұрақтылық.
Құнды белоктарға құрамында барлық 8 алмастырылмайтын амин қышқыл бар белоктар жатады. Егер белок молекуласында алмастырмайтын амин қышқылдарының ең болмағанда біреуі болмаса, онда ондай белок құнсыздеп аталады
Алмастырылмайтын АҚ – треонин, метионин, валин, лейцин,изолейцин, лизин, фенилаланин, триптофан.
Алмастырылатын АҚцистеин мен тирозин аминқышқылдары жатады.