1. Педагогика әдіснамасының мәні туралы көзқарастардың ерекшеліктері неде?



бет1/6
Дата20.10.2022
өлшемі22 Kb.
#44445
  1   2   3   4   5   6

1.Педагогика әдіснамасының мәні туралы көзқарастардың ерекшеліктері неде?
Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анықталады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді.
Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді.
Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады.
Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі.
В.В.Краевский педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды.
Педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.
Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнына мына білімдер енеді:

  • педагогикалық білім құрылымы мен әрекеттері туралы білім;

  • жалпы ғылымдық мазмұндағы ағымдағы, негізгі, іргелі педагогикалық теориялар,

  • тұжырымдамалар, болжамдар;

  • педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;

  • тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет