Мекемені басқару құрылымы. Мекемені басқарудың үш деңгейі



бет1/13
Дата06.01.2022
өлшемі264 Kb.
#11390
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Дәріс №1
Тақырып: Ақпараттық жүйелердегі басқару құрылымының ролі
Дәріс сұрақтары:
  • Мекемені басқару құрылымы.

  • Мекемені басқарудың үш деңгейі.

  • Ақпараттық жүйе мысалдары.


Басқарудың ақпараттық технологиясы

Басқарудың ақпараттық технологиясының мақсаты болып, барлық фирма қызметкерлерін ақпараттық қажеттіліктермен қамтамасыз ету табылады. Бұл басқарудың барлық деңгейінде пайдалы болуы мүмкін.

Бұл технология басқарудың ақпараттық жүйе ортасындағы жұмысқа бағытталған және мәліметті өңдеудің ақпараттық технологиясымен шешілетін тапсырмалармен салыстырғанда, шешілетін тапсырмалардың құрылуы төмен жағдайларда пайдаланылады.

Басқарудың ақпараттық жүйесі фирманың әртүрлі басқару деңгейіндегі немесе функционалдық бөлімшелердегі жұмысшылардың ұқсас ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес келеді. Оларға ұсынылған ақпарат фирманың болашақтағы, қазіргі және өткендегі мәліметтерінен тұрады. Бұл ақпарат реттеуші немесе арнайы басқарушылық есеп түрінде болады.

Басқарушылық бақылау деңгейінде шешім қабылдау үшін ақпарат шоғырланған түрде болуы керек, себебі мәліметтердегі өзгеру тенденциялары анық көрінуі керек. Бұл кезеңде мәліметтерді өңдеудің келесідей мәселесі шешіледі:


Басқарудың ақпараттық технологиясы есептің әртүрлі түрлерін құруға бағытталады.

Жүйелі есеп (регулярные) оның құру уақытын анықтайтын графикке сәйкес құрылады, мысалы, кәсіпорын сатуларының айлық талдауы.

Арнайы есептер басқарушылардың сауалы бойынша немесе кәсіпорында жоспарланбаған жұмыстар болған кезде құрылады.

Жинақталған есепте мәліметтер жеке топтарға біріктіріліп, жеке жолдар бойынша соңғы және аралық қортынды түрінде ұсынылады.

Салыстырмалы есептер әртүрлі көздерден алынған немесе әртүрлі белгілер бойынша жіктелген, салыстыру мақсаты үшін пайдаланылған мәліметтерден құрылады.

Төтенше есептер төтенше сипаттағы мәліметтерден тұрады.

Негізгі компоненттері:

Кірген ақпараттар операциялық жүйеден түседі. Енгізілген ақпараттар шешім қабылдауда тиімді болуы үшін басқарушылық есеп түрінде қалыптастырылады. Көрсетілген ақпаратты алу үшін пайдаланылатын мәліметтер қоры екі элементтен түрады:

1) фирмада жүргізілген операцияларды бағалау негізінде жинақталған мәліметтер;

2) басқарудың жоспарланған жағдайын сипаттайтын жоспарлық, стандарттық және нормативтік құжаттар.

Мәліметтер қоры



2-сурет. Басқарудың ақпараттық технологиясының компоненттері

Басқарма ақпараттың маңызды құрамдас бөлігі болып экономикалық ақпарат табылады. Бұл халық шаруашылығының салалық және аймақтық басқарманың барлық деңгейлерді жоспарлау, есепке алу, бақылау, талдау процесінде өзгеруге сақтау мен пайдалануға болатын экономикалық сипаттағы түрлі мәліметтер шығыны.

Ұйымдастырушылық басқарма сферасында қолданушылар 3 категорияға бөлінеді:

1. жетекшілер;

2. Жетекші персонал;

3. қызмет ету персоналы.

Бұл категориялар берілгендерді беру түрлерімен ерекшеленеді.

Басқарма міндеттерін қамту деңгейіне байланысты:

- берілгендерді электрондық өңдеу;

- басқарма функциялары;

- шешімдерді қабылдауды қолдау;

- электронды офис;

- эксперттік қолдау.

Қазынашылықтың экономикалық ақпараты-қосылған ақпаратты бағдарламалық жүйенің құрамдас бөлігі. Жеке ақпаратты технологиялық құрамдарын барлық деңгейлі қазынашылық органдар «локальді» есептеуіш желілер және экономикалық ақпарат жәнетерминалдар; коммуникациялық компьютерлік жүйелер) жүйесін біріктіреді.

Басқармадағы экономикалық ақпараттардың басты мақсаты - қаржылық қатынастарды реттеу, барлық деңгейлі бюджет орындалуына бақылау жасау.

Басқарудағы экономикалық ақпараттардың басты міндеттері:

- кірістердің нақты және оперативті есебін жүргізу;

- барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеттілігін қамтамасыз ету;

- бюджет қаржыларын сатып алушыларға тез және нақты түрде жүргізу;

- бюджет қаржыларының рационалды және мақсатты пайдалануына ағымдағы толық оперативті және қатаң бақылау жүргізу;

- бюджет орындалуына оперативті және обьективті талдау болжау жасау;

- мемлекеттің ішкі қарызын қызмет етумен басқару істерін күннен асыру және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет