1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы– «Әлемдік мұра географиясы»



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі141,5 Kb.
#132722
түріБағдарламасы
  1   2   3


1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы– «Әлемдік мұра географиясы»
Кредит саны–5
Курс, семестр – 2/3
Оқу жылы 2023 /2024 жж.
Білім бағдарламасының атауы және шифры– 6В05203-география
Институт – Жаратылыстану және география
Кафедра – География және экология
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі – Жандосова Гүлім Өмірханқызы,
магистр, аға оқытушы
Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) – 8 7474640810/ Zhandosova1974@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)
Бағалау критериялары:
Үй тапсырмаларының немесе БӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
5. БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс


Бақылау формасы (жазбаша, ауызша немесе тест түрінде емтихан, топтық немесе жеке жоба, оқу-шығармашылық жұмыстарды ұсыну және т. б.)
Бағалау шкаласы *Қосмшада
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4


3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының түрі: МК/ВК/ТК
"Дүниежүзілік мұра географиясы" пәнінің мақсаты студенттердің дүние жүзінің, оның өңірлері мен ірі елдерінің дүниежүзілік табиғи мұрасымен таныстыру арқылы танымдық қызығушылықтарын дамытуды қалыптастыру; ЮНЕСКО халықаралық ұйымының тізіміндегі дүниежүзілік мұра нысандарын тұтас зерделеу; әлем халықтарының құндылықтарына толерантты қатынасты, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу; адамзаттың мәдени, табиғи және аралас нысандарды қорғауға деген ұмтылысын, сондай-ақ географиялық және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
«Әлемдік мұра географиясы» курсының негізгі міндеттеріне:
- әлемдік мұра нысандарының әлемдегі аймақтары мен елдері бойынша таралуының географиялық ерекшеліктерін, қорғалатын табиғи мұра нысандарын сақтаудың маңызын сараптауды меңгеру;
- Дүниежүзілік мұра, дүниежүзілік табиғи мұра нысандарын әлемнің өңірлері мен елдері бойынша орналастырудың географиялық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру;
- қоршаған әлемдегі сұлулық пен үйлесімділіктің көрінісіне жеке-құндылық қатынасты қалыптастыру;
- зерттелетін табиғи мұра нысандарының сипаттамаларын жіктеу және анықтау;
- өз елінің табиғи және аралас нысаны бойынша туристік маршрутты әзірлеу және туристік маршрут туралы жарнамалық құжатты рәсімдеу жөніндегі жобалау қызметі мен басқа нысандарды тізімге енгізу туралы жоба-ұсыныс әзірлеуді меңгеру;
- Қазақстанның аумақтарының табиғи-ресурстық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және рекреациялық әлеуетін бағалау және жинақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет