1 Пәннің академиялық сипаттамасы



бет1/24
Дата18.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#118457
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24





1 Пәннің академиялық сипаттамасы
Модуль пәндері қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу тұрғысында білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастырады, болжайды қоғамды және оның кіші жүйелерін зерттеудің негізгі әлеуметтік, саяси және гуманитарлық ұғымдарын, теориялары мен тәсілдерін игеру кәсіби қызметте әлеуметтануды, саясаттануды, мәдениеттануды меңгеру процесінде алынған білімді пайдалану дағдыларын үйретуге ықпал етеді.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты
–«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру;
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері

  1. негізгі саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;

  2. қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;

  3. заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;

  4. студенттердің саяси ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;

  5. саяси білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;

  6. сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.

1.3 Пререквизиттер: Мектеп бағдарламасына сәйкес
- тарих;
- адам және қоғам;
1.4 Постреквизиттер: Жастар саясаты, Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Философия.

    1. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері

Әлеуметтану пәні бойынша:

  • Педагогтың кәсіби құзіреттілігі, педагогикалық мамандықтың қоғамның рухани құндылықтарына әсері.

  • Студенттерді мәтінді сыпайы түсіндіруге, яғни, проблеманы қарастырғанда, әлеуметтанудың өз ауқымындағы, сол сияқты ғылымның басқа салаларындағы қазіргі түсінікке жақындамай, мәтіндегі проблеманың мәніне зер салуға үйрету;

  • Социологтар қарастырған проблемаларға студенттің өз көзқарасын қорыту қабілетін қалыптастыру;

  • Басқа адамдардың көзқарастарын бағалауға, құрметтеуге үйрену.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет