1 практикалық сабақ:Этнопедагогика жалпы педагогикалық ғылымдардың құрамды бір бөлігі. Мақсаты: этнопедагогиканың ғылымының орны туралы түсінік беру.
Сабақ мазмұны– пікірталас, дөңгелек үстел.
Этнопедагогиканың мазмұны, мәні.
2 практикалық сабақ: Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы. Мақсаты: педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы туралы түсінік беру
Сабақ мазмұны – педагогикалық мәдениет ұғымына кесте толтыру:
Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік.
Халық – педагогикалық мәдениетті жасаушы.
3 практикалық сабақ: Халықтық педагогикадағы кемелденген адам идеалы. Мақсаты: кемелденген адам идеалы туралы түсінік беру.
Сабақ мазмұны – ғалымдардың пікірлерін кестеге түсіру, «Эссе» жазу:
Кемелденген адам жайлы ғұлама ойшылдардың ой-тұжырымдары.
Абайдың «Адам бол» тұжырымдасы.
4 практикалық сабақ:Халықтық педагогиканың негізгі құралдары (мақал-мәтелдер, жұмбақтар). Мақсаты: студенттерге халық өмірінде мақал-мәтел, жұмбақтардың маңыздылығын айту.
Сабақ мазмұны – мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқа айтып, сайыс ұйымдастыру.
Мақал-мәтелдер және олардың халықтық педагогикадағы ролі.
Мақал-мәтелдердің айтылу формалары.
Жұмбақтар – санаға ықпал ету құралы.
5 практикалық сабақ: Ән – халықтық педагогиканың құралы. Мақсаты: Ән туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақ мазмұны – төмендегі тақырыптарға жеке ауызша жауап беру.
Ән - эстетикалық тәрбие құралы.
Халықтық педагогикадағы ән-жырлар – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі.