1. Р. Сыздық, Б. Шалабай, А.Әділова Көркем мәтінді лигвистикалық талдау. Алматы, 2002



бет1/3
Дата16.10.2023
өлшемі14,53 Kb.
#116564
  1   2   3

1. Р. Сыздық, Б. Шалабай, А.Әділова Көркем мәтінді лигвистикалық талдау. Алматы, 2002

1.Р.Сыздық, Б.Шалабай, А.Әділова Көркем мәтінді лигвистикалық талдау. Алматы, 2002.
XX ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап мәтін сөзі
антропоцентристік ғылымдарда ең жиі қолданылатын терминге айналды.
Мәтін кез келген әлеуметтік, лингвомәдени кеңістікте ақпараттық,
коммуникативтік, кумулятивтік, эстетикалық, генерациялық қызмет
атқарады. Соған байланысты мәтіндер функционалды тұрғыда төрт түрге
бөлінеді: ресми, публицистикалық, ғылыми және көркем мәтіндер. Бұл
мәтіндердің әрқайсысының шартты түрде қалыптасқан тілдік, құрылымдық-
семантикалық ерекшеліктері бар.
Қазіргі ғылыми айналымда мәтін терминінің 300-дей дефинициясы
болса да, оның ғалым-зерттеушілер ұстанған бірыңғай анықтамасы жоқ. Ол
осы сөзді түрліше түсінуден, ұстанған зерттеу методологиясынан туындап
отыр. Түзілу заңдылықтары, типологиялық ерекшеліктері, вербалды-
құрылымдық айырмашылықтары мен нормалары тұрғысынан мәтіннің
қандай түрі болса да, ғалымдар қызығушылығын тудырғанмен, көркем
мәтіндер айрықша назар аудартады. Көркем мәтінді зерттеуші ғалымдар
оның негізгі санаттары ретінде концептуалдылықты, мағыналық
байланыстылықты, ақпараттылықты, біртұтастықты, бірігушілікті,
бөлшектенушілікті, континуум мен дисконтинуумды, интегративтілікті,
аяқталғандықты, интертекстуалдылықты атайды. Бұлардың кейбірі міндетті,
кейбірі факультативті болуы мүмкін және оларды формалды немесе
мазмұндық деп ара жігін ажыратып, бөлек-бөлек сипаттаудың қисыны жоқ,
себебі олар бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста.
Көркем мәтін - түрлі эксплицитті және имплицитті санаттар арқылы
түзілетін күрделі семантикалы коммуникативті-прагматикалық жүйе. Мәтін
санаттары бірімен бірі лексикалық, логикалық, грамматикалық, синтаксистік
байланыста келіп, мәтіннің біртұтас мағынасын қамтамасыз етіп, оның
тиянақталған бітімін танытады. Көркем мәтіндегі мазмұндық-нақты ақпар
бір тақырыптық өріске қатысты сөздермен түзіліп, мағыналық ұйытқы
сөздер парадигматикасы және синтагматикасы арқылы вербалданады. Оның
вербалды құрылымында лингвистикалық горизонтал контекспен қатар
вертикал контекст те көрінеді. Олардың өзара әрекеттесуі, диалогке түсуі
арқылы көркем мәтіннің мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы
ақпары қалыптасады.Автор стилистикасын көбіне дәстүрлі стилистика
зерттесе, оқырман стилистикасын қабылдау стилистикасы деуге болады.
Қабылдау стилистикасын негіздеушілердің қатарында Л.В. Щербаны, М.
Риффатерді, Ю.С. Степановты, И.В. Арнольдті атау керек.
Оқырман үшін көркем мәтіндегі ұсыну қағидатының үлкен маңызы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет