1. Сіз күнделікті өміріңізде қандай экологиялық мәселелермен беттесесіз?
2. Сіз тұратын жерде қандай экологиялық мәселелер бар?
3. Экологиялық проблемалардың алдын-алу үшін Сіз немесе жергілікті тұрғындар қандай іс-шараларды істегені жөн?
өндеу кезінде улы заттардың бөлінгені ауа топырық судың ластануы көбінесе металдардың ашық әдіспен алынғандықтан жердің жарамсыз болып қалатыны метал өндірісі адам денсаулығына зиянды әсері.
2.Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
3. Қышқылды жаңбыр мен басқа да ластануды мына жолдармен жеңуге болады: электр станциялары мен көліктерде сүзгілерді орнату; жаңартылатын энергия көздерін пайдалану; заманауи тыңайтқыштарды қолдану; өнеркәсіптік шығарындылар мен қалдықтарды азайту.
тапсырма. Берілген табиғи ресурстардың түрлерін кесте түрінде көрсетіңіздер: балықтар, өсімдіктер, күн энергиясы, теңіз тасуының энергиясы, жел энергиясы, көмір, атмосфералық ауа, құстар, мұнай, мұхит сулары, тұщы сулар, топырақ, темір, мыс, никель, табиғи газ, ас тұзы, ормандар, күн сәулесі, сүт қоректілер, шымтезек, меруерт.