Билет №1 Мектептен қайтып келе жатып үнемі сабаққа келмейтін сыныптасыңыздың көлік жуып жүргенін көріп қалдыңыз.
Не істейсіз?
Ештеңе көрмегендей сыңай танытып өтіп кетесіз: бұған не істейсің өмір осылай!
Жауабыңызға түсініктеме беріңіз.
Билет №2 Мынадай жағдайды елестетіңіз: Сіз азық- түлік дүкенінде кезекте тұрсыз. Сіздің алдыңызда жасы 6-7жасар бала сауда жасап тұр. Сатушыға келіп саудадан артылған ақшаны. Сатушының ақшаны дұрыс қайтармағанын сіз байқап қалдыңыз.
Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз?
Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз
Билет №3 Сіз қоғамдық көлікте келе жатып, қасыңызда отырған жолаушының сөмкесінен бір адамның әмиян алып жатқандығының куәсі болдыңыз.
Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз?
Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз
Билет №4 Сіздің сыныптастарыңыз жаңадан келген мұғалімнің сабағына саналы түрде кешігіп келді. Сыныптастарыңыз рұхсатсыз кіріп, мұғалімнің ашуына тимекші болды. Мұғалім сәл жымиып, өз орындарына отыруларына рұқсат етті. Оқушылар мұғалімнің мұндай әрекетіне таң қалды.
Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз?
Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз
Билет №5 Сіз тұрған үйде көрші ұл мен қыз бала бір-бірімен дос. Олардың бір-біріне деген қамқорлығы, достығы айналадағы балалардың қалыңдық пен күйеу жігіт деп мазақтауына себеп болады. Сондықтан олар бір-бірінен алшақтай бастады. Мұндай жағдайда не істер едіңіз?
Ештеңе болмағандай кейіп танытасыз.