Сабақтыңтақырыбы: Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу
Қатысқандар: Қатыспағандар саны:
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты
1.1.6.1* сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
Сабақ мақсаттары
Барлығы: сөйлеу барысында суреттегі заттарды сипаттайды, салыстырады, дыбыстық талдау жасай алады, сөйлем құрастырады.Сөйлеу барысында ым – ишара,дауыс қарқыны, ырғағы, дауыс мәнерін қолданады.
Көбі:Сахналауда ым – ишара орынды қолдана алады.
Кейбірі:Тақырыпқа байланысты мәтінді және диалог құрастыра алады
Бағалау критерийлері
Суреттердің ұқсастығы мен айырмашылығын таба алады.
Ертегі желісі бойынша сахналауды біледі.
Вербалды емес қарым – қатынас құралдарын қолдана алады.
Сабақтың
басы
Ынтымақтас
тық атмосферасын қалыптастыру
МК: Сабақ басында Қане, балалар барлығымыз «Тұрғын үй» ойынын ойнай қояйық.
«Тұрғын үй» әдісі бойынша топқа бөлу.
«Тұрғын үй» тренинг
ОТ:«Қозғалыс» – оқушылар қозғалып жүреді.
«Тұрғын үй» - екі оқушы қолдарын жоғары көтеріп тұрады.
«Тұрғын үй 3 тұрғын» - үйдің астына 3 бала барып тұра қалады.
МК:-Балалар біз алдыңғы сабақтардан білеміз дыбыстарды талдауды , баспана түрлерін білеміз. Өткен сабақты
Ұ:«Ұйқасын тап» ойыны арқылы бекітіледі.
Үй – үй – үй, Атам тартты күй Ме – ме – ме , Біздің үйде төрт бөлме. Зе –зе –зе , Ең әдемі терезе. Мақсат қою. МК: -Біз бүгінгі жаңа сабағымызда өз үйімізді сипаттап
айтатын
боламыз.
Сөйлеу барысында суреттегі заттарды сипаттаймыз.
Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын білетін боламыз.
«Отан», «үй», «мекен» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Қ:Қалыптастырушы бағалау.
«Үй шатыры» арқылы бағалау. 2.Т:Тапсырма. «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі «Кімнің мекені жақсы» ертегі желісін сахнала.
Әр топтан ертегі кейіпкерлері шығарып сахналайды.
Қ:Қалыптастырушы бағалау.
Ертегі мазмұнын түсінеді.
Дауыс ырғағын , мәнерін сала алады.
«Театрдағы әрекет» арқылы бағалайды. «Ұнамаса» - орындарында отырып шапалақтайды.
«Ұнаса» - тұрып шапалақ соғады.
«Өте ұнаса» - қолдарын көтеріп шапалақтайды.
3. Ж:Тапсырма. Жұптық жұмыс. «Менің үйім» тақырыбында диалог құру.
Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы
- Әли сен қайдай үйде тұрасың?
- Мен................ үйде тұрамын.
- Үйлерің неше бөлмелі?
Менің үйім................ .
Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз.
Таныстыру барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын, ым-ишараны қолданады.
« Еркін микрафон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтылады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.
Д әптермен жұмыс. 1.Суретті сал, боя.
2.Суретті толықтыр.
Дескриптор:Білім алушы
- жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады;
- жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;
- тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын,
қимылды, ым-ишараны қолданады.