1. Толқындық оптика. Гюйгенс принципі. Юнгтің интерференция және дифракция құбылысын түсіндіруі. Гюйгенс принципі



бет1/5
Дата19.05.2023
өлшемі409,8 Kb.
#95309
  1   2   3   4   5

№ 15 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1.Толқындық оптика. Гюйгенс принципі. Юнгтің интерференция және дифракция құбылысын түсіндіруі.
Гюйгенс принципі.
Жарықтың толқындық теориясы Гюйгенс приципіне негізделген. Ол былай тұжырымдалады: толқын таралғанда жететін нүкте келесі (екінші ретті) толқындардың көзі болады. Ал осы толқындардың таралғанда пайда болатын беті толқындық фронт деп аталады.
Г юйгенс принципін пайдалана отырып, жарықтың шағылу және сыну заңдары қорытып шығаруға болады.
Айталық, екі ортаның бөліну шегарасына I бойымен бағытталған жазық толқын түссін (АВ – жазық толқын). (t - уақытында) жарық фронты ВС қашықтығын жүрсе, екінші ретті толқындардың фронты А нүктесінен АD қашықтығын жүреді. Жарық шағылғанда: , сәйкесінше .
Жарық сынғанда: t – уақытында түскен толқынның фронты ВС=v1t жол жүреді, ал сынған толқынның фронты - AD=v2 t.
қатынасынан келесі қатынастар шығады:

Л азерлер ойлап табылғанға дейін барлық құралдарда когерентті жарық шоғын толқындарды бөлу арқылы алатын. Ол толқындар бір жарық көзінен таралып екі бөлікке бөлініп, әр түрлі оптикалық жол жүргеннен кейін бір-бірімен қабаттасу нәтижесінде интерференциялық сурет бақыланатын.
1. Юнг әдісі. Жарық S саңылаудан шығып когерентті жарық көздерінің міндетін атқаратын екі S1 және S2 саңылауға түседі. ВС интерференциялық суреті Э экранда бақыланады.
Толқындардың жолдарында кездесетін кедергілер мен бөгеттерді орап, айналып өту құбылысы дифракция деп аталады. Кең мағынада, дифракция деп жарықтың түзу сызықты жолдан бұрылу құбылысы айтылады. Яғни, толқынның түзу сызықты таралуынан, геометриялық оптиканың заңдарынан ауытқуы дифракция деп аталады.
Дифракцияны Гюйгенс принципі түсіндіреді - екінші ретті толқындар бірінші ретті толқындардың алдындағы кедергілер мен бөгеттерден бұралып айналып өтеді.
Френель Гюйгенс принципін екінші ретті толқындардың когерентті болуымен және олардың интерференциясымен толықтырды.
Гюйгенс – Френель принципі бойынша S жарық көзінен шыққан жарық толқыны екінші ретті когерентті толқындардың суперпозициясы (қосындысы) ретінде өрнектеледі, екінші ретті толқындар болса, екінші ретті жарық көздерінен таралады. Ал, екінші ретті жарық көздері дегеніміз S жарық көзін қамтып жататын кез келген тұйық беттің шексіз аз элементері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет