1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


Аңызда  айтылатын  хабар,  оқиға  еш  кҥмән  туғызбайды,  ӛйткені



Pdf көрінісі
бет72/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   135
Аңызда  айтылатын  хабар,  оқиға  еш  кҥмән  туғызбайды,  ӛйткені, 


 

378 


оның тҥп негізі – тарихи шындық. Бҧл – біріншіден. Екіншіден, аңыздың 

мазмҧнын  растайтын  дерек  ретінде  жердің  аты,  белгілі  қайраткердің 

есімі,  я  болмаса  жыл  мезгілі  аталып  отырады.  Ҥшіншіден,  аңыздың 

айтылу  мәнері тҧрақтанған,  ол  ылғи  ҥшінші жақтан  және  ӛткен  шақта 

баяндалады. 

Аңыздың  тҥпкі  мазмҧны  ҿмірдің  танылған  бір  фактісі  болып  келеді. 

Ҽрине,  ауыздан  ауызға,  біреуден  біреуге  айтылып  жҥргенде  бҧл  фактінің 

кейбір  детальдары,  болмаса  ол  туралы  жалпы  хабар  ҿзгеріске  ҧшырауы 

мҥмкін,  тіпті,  кейде  жалған  болып  шығуы  да  ықтимал.  Бірақ соның  бҽрінде 

де ол факті туралы хабар шын болып есептелінеді, ҿйткені, дҽстҥр бойынша 

айтушы  оны  ғажайыпты  нҽрселермен  тҥсіндіру  керек  деп  ойламайды. 

Басқаша  айтқанда,  аңызда  ешқандай  кереметтілік,  ғажайыптық  сыр 

болмайды, ҿмірден тысқарғы фантастикалық кейіпкерлер кҿрінбейді. 

Аңыздың  тағы  бір  ерекшелігі  –  онда  баяндалатын  оқиға  тек  ҧлттық 

сипатта  болып,  белгілі  бір  жерге  ғана  байланысты  болып  келеді.  Яғни, 

аңызда тек жергілікті тарихтың ғана оқиғасы ҽңгімеленеді.  

Аңыз  дегеніміз  –  бір  мекеннің,  жергілікті  жердің,  я  болмаса  бір  елдің, 

тайпаның,  рудың  ауызекі  шежіресі  (устная  хроника),  бір  аймақта  болған 

оқиға туралы, немесе атақты қайраткер жайында баяндайтын ауызекі ҽңгіме. 

Сондықтан аңыздардың сюжеті кҿп жағдайда ҧлттық қана болады, бір елдің 

аңызы  екінші  елге  ауыспайды,  тіпті,  аңыздың  кҿпшілігі  аймақтық 

(локальный)  қана  болады.  Басқа  елді  былай  қойғанда,  Қазақстанның  бір 

жерінде  болған  оқиға  екінші  жерде  болмаған,  сондықтан  ол  оқиғаға 

байланысты  туған  аңыз  басқа  аймаққа  кең  тарамаған.  Мҽселен,  оңтҥстіктегі 

мекендер  жайлы  аңыздар  солтҥстікте  белгісіз.  Я  болмаса,  керісінше.  Ҽрине, 

бҥкіл  Қазақстанға  белгілі  болған,  яғни  бір  ғана  аймақ  аясынан  асып  кеткен 

оқиғалар  жайлы  аңыздар  барлық  жерге  тарауы  мҥмкін,  бірақ  мҧндай 

оқиғалар  жиі  болып  тҧрмаған.  Соның  ҿзінде  де  бҥкіл  Қазақстанға  тараған 

аңыздар  ҿзінің  пайда  болған  алғашқы  аймақтық  сипатын  жоғалтпаған. 

Мҧндай  аңыздарға  ақтабан  шҧбырынды  оқиғаларына  байланысты  туған 

ҽңгімелер жатады. Ал, Исатай, Махамбет кҿтерілісіне қатысты пайда болған 

аңыздар  да  ҥлкен  тарихқа  белгілі  болғанымен,  ҿзінің  алғашқы  шыққан 

аймағына, яғни Батыс Қазақстанға кеңірек тараған. 

Жалпы,  аңыздың  аймақтық  сипаты  оны  фольклордың  басқа 

жанрларымен  салыстыра  қарағанда  айқын  кҿрінеді.  Мҽселен,  қаһармандық 

эпос  пен  тарихи  жырда  бҥкіл  қазақ  еліне  қатысты  оқиға  бейнеленеді, 

сондықтан  батырлық  жыры  мен  тарихи  жырлар  Қазақстанның  барлық 

жерінде жырланған. 

Ал,  аңызда  ҽңгімеленетін  жағдай  бір  аймақтың  ғана  тарихына 

байланысты  келеді,  сондықтан  ол  шығарманың  мазмҧны  нақтырақ  болады. 

Сол себепті бір аңызды толық тҥсіну ҥшін кейде онда баяндалатын оқиғаны 

білу  аз,  сол  аңыз  пайда  болған  аймақты  да  жете  білуге  тура  келеді,  сонда 

айтылатын  басқа  да  фольклорлық  шығармалармен  танысу  қажет  болады. 

Сҿйтіп,  аңыздың  бҥкіл  «контексін»  біліп  барып  қана  оны  жан-жақты 

талдауға болады. 



 

379 


Аңыздар  бір  халықтан  екінші  халыққа  ауыспайды  дегенде  ескеретін 

нҽрсе – бір аймақта отырған екі халықтың аңызы бір-біріне  ауысуы мҥмкін, 

бірақ ол кең жайылмайды. Сонымен қатар кҿрші тҧрмайтын ҽр жақтағы екі-

ҥш  елдің  де  аңыздары  ҧқсас  болуы  ықтимал.  Алайда,  мҧндағы  ҧқсастықты 

тарихи-типологиялық  деп  білу  керек,  ҿйткені,  тҧрмыс-тіршілігі,  ҿмір  салты, 

наным-сенімдері  ҧқсас  елдерде  бір  типтес  сюжеттер  пайда  бола  беретіні 

белгілі.  Сҿйтіп,  аймақтық  жағдайға  байланысты  туған  сюжет  ҿзінің  тарихи-

стадиялық сипаты жағынан «халықаралық» болып кҿрінеді. 

Сонымен  қатар  бір  замандарда  бҿлініп,  ыдырап  кеткен  туысқан 

халықтардың  кҿне  аңыздары  да  ҧқсас  болуы  мҥмкін.  Мысалы,  кҿп  тҥркі 

жҧртында кездесетін Қорқыт жайындағы ҽңгімелер  – бір кездегі тҥркілердің 

тҧтастығы онша бҧзылмай, аралары алшақтамай тҧрған кезде туған аңыздар. 

Бірақ  кейінгі  дҽуірлерде  ҽр  халықта  ол  аңыздар  ҿзінше  ҿмір  сҥріп,  дамыды. 

Сҿйтіп, бір елде Қорқыт жайлы аңыз болса, екінші елде эпос пайда болды, ал 

ҥшінші  елде  ертегі  туды.  Қорқыт  жайындағы  кҿне  аңыздар  қазақ  арасында 

хикаят жанрына айналды.  

Аңызда  ертегідегідей  тҧрақталған,  бір  типті,  кҿп  шығармаларға  тҽн 

сюжеттік  композиция  болмайды.  Онда  қалыптасқан,  бір  аңыздан  екінші 

аңызға  ауысып  жҥретін  канондық  мотив  пен  сюжеттер  ҿте  аз.  Сол  себепті 

аңыз жанрында   сюжеттік ҿзек (ядро) алуан тҥрлі болады жҽне ол ҽрі қарай 

ҿрби  тҥсуге  бейім  келеді.  Ҽдетте,  аңыздардың  кҿлемі  шағын  болады,  бірақ 

соған  қарамастан  олар  айтылу  мҽнерінің  қызғылықтығымен,  мазмҧнының 

тартымдылығымен, 

сюжетінің 

сонылығымен, 

композициясының 

қарапайымдылығымен тыңдаушыны ҿзіне баурап алады, оған зор ҽсер етеді. 

Фольклорлық  прозаның  басқа  жанрларына  қарағанда,  аңыздың 

танымдық қызметі айқынырақ, ол елдің ҿткен тарихынан, ҿмірінен мағлҧмат 

береді,  яғни  аңыз  жҧрттың  білімін  кҿбейтеді.  Аңыз  –  халықтың  ҿзі  айтып 

берген  ауызекі  тарихы  десе  де  болады.  Олай  дейтініміз  –  қазақ  тарихында 

аты  белгілі  қайраткерлер  мен  ірі оқиғалардың  аңызда  айтылмайтыны  жоққа 

тҽн. Қазақтың жеке ел болу тарихында ҥлкен рҿл атқарған Жҽнібектен бастап 

1916  жылғы  ҧлт-азаттық  кҿтеріліске  дейінгі  аралықтағы  Қазақстанның  ҽр 

жерінде болған елеулі оқиғалар жайындағы аңыздың саны мол. Ол оқиғалар 

жалаң  айтылмайды,  олар  кҿп  жағдайда  белгілі  бір  қайраткерлерге  немесе 

мекенге  байланысты  болып  келеді.  Мысалы,  Ҽз  Жҽнібек  пен  Жиренше 

шешен,  Асанқайғы,  Абылай,  Қазыбек,  Исатай,  Сырым  есімдеріне  қатысты  

айтылатын  ҽңгімелердің  дені  аңыз  болып  келеді.  Сол  сияқты  ақтабан 

шҧбырынды  кезінде  болған  оқиғалар  мен  жер-жерде  болған  кҿтерілістер 

туралы  прозалық ауызекі шығармалар да аңызға жатады. Сондай-ақ ҽртҥрлі 

жер-су,  мекенге  байланыстырылып  айтылатын  да  шығармалар  бар.  Оларды 

да фольклортану ғылымында аңыз жанрына жатқызып жҥр.

1

   



Аңыз  –  халықтың  жадында  сақтап,  ауызша  айтып  келген  тарихы 

дегенде,  онда  тарихи  оқиғалар  еш  ҿзгеріске  ҧшырамаған,  шындық  сол 

                                                

1

  Русское  народное  поэтическое  творчество.  М.,  1971;  Соколова  В.К.  Русские  исторические  предания.  М., 



1970 и др. 


 

380 


қалпында  ҽңгімеленген  деген  ой  тумау  керек.  Аңыз  жанры  да,  бҥкіл 

фольклор  сияқты,  анахронизмнен  қҧр  алақан  емес.  Біріншіден,  ауызша 

тарағандықтан,  екіншіден,  ҽңгімеленген  оқиғадан  кҿп  уақыт  ҿтіп 

кеткендіктен,  ҥшіншіден,  ҽңгімеге  кҿркемдік  элементтері  ҽсер  еткендіктен 

аңызда  баяндалатын  оқиға  кҿмескі  тартады,  ҽңгіменің  нҧсқалары  пайда 

болады,  тіпті,  оқиғаның  мезгілі  шатастырылады.  Ал,  айтушы  мен 

тыңдаушылардың  дҥниеге  кҿзқарасын,  олардың  ҽртҥрлі  мҥддесін  ескеретін 

болсақ,  онда  аңыздық  шығармалардағы  оқиға,  ондағы  адамдар,  олардың  іс-

ҽрекеттері басқаша бағаланып, ҿзгеше сипатталуы мҥмкін. 

Демек, аңыз жанрында да белгілі дҽрежеде кҿркемдік жинақтау болады. 

Сондықтан  онда  фактілер  мен  оқиғалар  айтушы  мен  тыңдаушылардың 

қатынасы тҧрғысынан баяндалып, тарихи жинақталған бағаға ие болады. Сол 

себепті  аңыздық  шығармалардың  ішінде  халыққа  жат  идеялы  ҽңгімелер  де 

кездесіп  қалады.  Алайда,  бізге  белгілі  аңыздардың  басым  кҿпшілігі 

халықтық,  бҧқаралық  сипатта.  Ҽсіресе,  басқыншылар  мен  қанаушыларға 

қарсы  кҥресте  қол  бастаған  адамдар  туралы  аңыздар  халықтың  жадында 

жақсы сақталған. 

Ҽдетте,  фольклортану  ғылымында  аңызды  тарихи  жҽне  мекендік 

(топонимикалық)    деп  екіге  бҿледі.  Рас,  бҧлай  болудың  біршама  шартты 

екенін ескеру керек.  Топонимикалық деп бҿліп жҥрген аңыздарда да тарихи 

негіздер, фактілер болады. Ал, тарихи деп жҥрген аңыздарда топонимикалық 

та мотив кездеседі, алайда, мҧнда шығарманың ҿзі емес, ондағы сарын ғана 

топонимикалық сипатта болуы мҥмкін. 

Сондықтан «топонимикалық аңыз» деген атауды шартты тҥрде ғана алу 

керек  те,  оған  белгілі  бір  жерге,  мекенге  байланысты  оқиғаны  баяндайтын 

ҽңгімелерді  жатқызу    керек.  Екінші  сҿзбен  айтқанда,  топонимикалық  аңыз 

деп  жер-судың,  тау-тастың  пайда  болуы  мен  атын  мифтік  ҧғыммен,  немесе 

мифтік  кейіпкердің  іс-ҽрекетімен  емес,  бір  оқиғамен,  я  болмаса  белгілі 

қайраткер атымен байланысты тҥсіндіретін ҽңгімені айтамыз. 

Сонымен,  қазақ  аңызын  біз  де  тарихи  жҽне  топонимикалық  деп  екіге 

бҿлуді  жҿн  кҿрдік.    Ал,  кҥй  аңызына  келсек,  онда  ҽртҥрлі  жанр  тоғысқан: 

миф,  аңыз,  ҽпсана,  хикаят,  ертегі,  жыр.    Кҥй  тҥрінде  орындалатын  аңызды 

айтар  болсақ,  олардың  басым  кҿпшілігі  тарихи  оқиғаларға  байланысты 

болып келеді. Сондықтан кҥй аңызы белгілі дҽрежеде тарихи аңызға жатады

1

.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет