1. Тұрақты тіркес a бүгін бару



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі153,41 Kb.
#20716
түріОқулық
  1   2   3   4

Қазақ тілі

1. Тұрақты тіркес

A)бүгін бару

B)тез жүру

C)қатты қорқу

 D)басы қату

E)қолына беру

2. Омоним бола алатын сөз

A)қағаз

B)мұқаба


C)қара

D)оқулық


E)кітап

3. Ашық дауысты дыбыстар қатары

A)Ұ,Ү

B)И,У


C)У,Й

D)Е,Ә


E)Ы,І

4. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер қатары

A)өсімтал, арбакеш, емхана

B)шекара, баспасөз, баспана

C)көзқарас, бүгін, жүрек

D)отағасы, тасбақа, Алматы

E)ешқашан, кейбір, әлдеқайда

5. Сөздің сыртқы түрі өзгермей, жаңа мағынаға ие болу арқылы жасалған туынды сөздің жасалу жолы

A)қосарлану жолымен жасалған туынды сөз

B)бірігу жолымен жасалған туынды сөз

C)лексикалық жолмен жасалған туынды сөз

D)тіркесу жолымен жасалған туынды сөз

E)жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөз

6. Етістіктен сын есім тудырушы жұрнақтар

A)-лық, -лік, -дық, -тік

B)-ғыш, -гіш, -шақ, -шек

C)-лы, -лі, -ды, -ді

D)-сыз, -сіз

E)-ғы, -гі, -қы, -кі

7. Күрделі одағай қатысқан сөйлем

A)Туһ, сені көрмегелі қанша болды?!

B)Е-е-е, сенің ойың сол екен ғой.

C)Түу, сен балаға обал болды-ау!

D)Қап, айырылып қалғаным.

E)Пай-пай! Шіркін, қазақтың келіндері-ай!

8. Көңіл күйді білдіретін одағайдың қатысуымен жасалған лепті сөйлем

A)Паһ, олжа деп осыны айт!

B)Осы сенің қалжыңың бар болсын!

C)Жауласуға емес, алдасуға келіпті бұлар!

D)Ардақты арысым, қош келіпсің еліңе!

E)Ұйқыны бұзды-ау, тұқымың өскірлер!

9.


10. Сөйлемнің стилі

Сағаттың тіліндей айналған күн сырғып өте берді.

A)ғылыми стиль

B)публицистикалық стиль

 C)ресми ісқағаздары стилі

D)ауызекі сөйлеу стилі

E)көркем әдебиет стилі

11. Көнерген сөз қатысқан нұсқа

A)Кендірмен байлама, жыңғылмен айдама.

B)Алты құлаш ақ найза, ұмсынып шаншар күн қайда?

C)Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

D)Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса.

E)Қоғалы көлдер, қом сулар – қонысқа қонған өкінбес.

12. Буын үндестігі сақталмаған араб тілінен енген сөздер

 A)алгебра, бап

B)күнәһар, озбыр

C)театр, арена

D)қазір, құдірет

E)рәсуа, жазмыш

13. Тұлғасы өзгеріп біріккен сөзі бар нұсқа

A)Монумент авторы – Шота Уәлиханов.

B)Қаланың басты құндылығы – Көктөбе.

C)Биыл Жастар жылы деп тағайындалды.

D)Шыққан тегі – Дулат тайпасынан.

E)Алматы – Тянь-Шань тауларының етегінде.

14. Топтау сан есімге жалғанатын септік жалғауы

A)шығыс


B)жатыс

C)көмектес

D)барыс

E)табыс


15. Қарсылықты салаластың жалғаулықтары

A)және, да, де, әрі

B)не, немесе, я, яки

C)бірде, біресе, кейде

D)сондықтан, сол себепті, өйткені

E)бірақ, алайда, дегенмен

16. Жеке адамдардың алыс-берісін деректейтін құжаттар қатары

A)ереже, нұсқау

B)іс хаттары, хаттама

C)шағым, келісім

D)бұйрық, мінездеме

E)сенімхат, қолхат

17. Мақалдың жалғасын анықтаңыз

Бақа – көлінде патша, балық – суында патша, ...

A)торғай – тоғайда патша

B)аң – орманда патша

C)елі – халқына патша

D)адам – еліне патша

E)жігіт – елінде патша

18. Қосымша жалғанып, буын жігі ауысқан сөз

A)оғы


B)бұғы

C)бұрғы


D)дүрбі

E)сүзгі


19. Бастауыш қызметінде тұрған етістік

A)Ол тоғыз жасында оқуды, жазуды үйренді.

B)Мерекелерде, тойда бәйге жариялау – қазақтың ежелгі дәстүрі.

C)Сарыарқаның сары саумал ауасын жұтқым келді.

 D)Қонақ аяқкиімін оң босағаға шешкен.

E)Тілмен түйгенді тіспен шешпес.

20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлем

A)Қапан: «Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр?» деді қайыңның діңін нұсқап.

B)Қапан «Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр?» деді қайыңның діңін нұсқап.

C)Қапан: Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр? деді қайыңның діңін нұсқап.

D)Қапан: – Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр? – деді қайыңның діңін нұсқап.

E)Қапан: – Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр? деді қайыңның діңін нұсқап.

21. Mәтіндегі «тәңірқұтылар» сөзін алғаш қолданушы

Дарын иелері

1. Өркендеу үшін, қажетті дүниелерді жасау үшін адамның озық ойы керек. Ғылымды, жаңалықты дүниеге келтіру үшін адам керек. Сол адам кім? Олар – дарындар. Ал сол дарын иелерін құрметтеген елдер өздерінің де абыройын көтеріп отыр.

2. Қазақ халқы «әкеден өте туғандар», «әкеге жете туғандар», «әкеден кейін кете туғандар» деп халықты үшке жіктейді. Ал қытайлар «алдын ала ойлап, бұрын шешетіндер», «артын ойлап, артынан шешетіндер», «түк ойлап, түк шешпейтіндер» деп үшке жіктеген. Әл-Фараби бабамыз: «Бұрын ойлап, бұрын шешетінді – Адам, артынан ойлап, артынан шешетінді – құл, ал түк ойлап, түк шешпейтінді – ойсыз жан» деген.

3. Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамды, яғни алдын ала жылдам ойлап, шешім қабылдайтындарды данышпандар, даналар, дарындылар, тәңірқұтылар деп атайды», – деген.

4. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда кейбір мемлекет дарын иелерін іздеу, дарын иелері бола қалса, оларға көңіл аудару, оларға жан-жақты мүмкіндіктер жасау ісін қолға алды. Соңғы ғасырда дарын иелеріне ерекше көңіл аударғандар – америкалықтар. Олар өз еліндегі дарындарға қажет деп табылған барлық мүмкіндікті жасады. Әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дарын иелеріне көңіл аударуды іске қосқан – орыстар, немістер, жапондар, қытайлар, ағылшындар, француздар, кәрістер, үндістандықтар, пәкістандықтар, ирандықтар.

5. Ұлтқа көсем бола алатын, халыққа қамқор бола алатын адамды тәңірқұты дейміз. Қазақтың тәңірқұтылары – Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Қаныш Сәтбаев. Енді біз өзге жұрт сияқты өз тәңірқұтыларымызды іздеуіміз керек. Мүмкін, ол бесікте жатыр, мүмкін, ол жүгіріп жүр... 

A)Қ.Сәтбаев

B)М.Шоқай

C)Ә.Бөкейхан

D)А.Құнанбайұлы

E)Әл-Фараби

22. Mәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі

A)Бірыңғай мүшеге байланысты

B)Айқындауышқа байланысты

C)Қаратпа сөздерге байланысты

D)Құрмалас сөйлемге байланысты

E)Оқшау сөздерге байланысты

23. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дарын иелеріне көңіл аударуды іске қосқан елдер қатарына кіргендер

A)жапондықтар мен арабтар

B)француздар мен кәрістер

C)ағылшындар мен өзбектер

D)еврейлер мен ағылшындар

E)француздар мен дүнгендер

24. Халықты үш жікке бөліп, түсінік беретін азатжол(-дар)

A)2,5


B)4

C)3,4


D)5

E)2


25. Mәтін мазмұнына сай сөйлем

A)Топты бастай алмайтын адамды «тәңірқұты» деп атайды.

B)Әл-Фараби «алдын ала ойлап, бұрын шешетіндер» деп бөлген.

C)Қазақ халықты «әкеден өте, жете, кете туғандар» деп жіктейді.

D)Қытайлар «алдынан ойлап, алдынан шешетінді – құл» деген.

E)Соңғы уақытта америкалықтар дарын иелеріне көңіл бөлмеуде.

26. Тіркесу арқылы жасалған неологизм сөз(-дер)

A)сөздің түйіні

B)оқыған адам

C)әл-ауқат

D)кеден бекеті

E)жан сақтау бөлімі

F)төлқұжат

G)ескі досы

H)әлеуметтік желі

27. Қазақ жазуында ең алғаш бас әріппен жазуға көшкен кезең(-дер)

A)араб әліпбиі кезінде

B)түркі жазбалары кезінде

C)кириллицаға көшкенде

D)руна жазуы кезінде

E)сақ дәуірінде

F)латын әліпбиіне көшкенде

G)орыс әліпбиіне көшкенде

H)төте жазу кезінде

28. Негізгі үстеу(-лер)

A)кешке


B)жөнімен

C)ақырын


D)шетінен

E)текке


F)жылдам

G)шикілей

H)адамша

29. Қатар келген қаратпа сөзді сөйлем(-дер)

A)Алақай! Апа! Соғыстың аты өшті!

B)Ауырып тұрған жоқсың ба, қарағым?

C)Ия, Әсем, бірақ кейде асты анам дайындайды.

D)Жолдастар, алдағы бесжылдықтың жоспары жасалды!

E)Әй, қыз-ау, саған қаладан хат келіпті дейді.

F)Айналайын, балам, көмектесіп жіберші.

G)Шымыр болам десеңдер, шынығыңдар, балалар!

H)Сендерге сенемін, мектептің 2019 жылғы түлектері!

30. Соңына тыныс белгілері қабаттаса қойылатын сөйлем(-дер)

A)– Баянауылдың жері жетеді жыртуға

B)– Қайран жеңеше-ай, қадіріңді білмей жүріппін-ау

C)– Дәу жігіт-ау, бұл заман не боп барады

D)– Бәлі, мына сәттілікті қараңыз

E)– Үндеме... Енді қоя тұр

F)– Кешке таман келесің бе

G)– Шәкірттің ұлдан, ұстаздың әкеден кемдігі бар ма

H)– Несі бар, көмектесіп жіберейік

31. Тарихи сөздер қатысқан сөйлем(-дер)

A)Үгітті ұққанға айт.

B)Бақа – көлінде патша.

C)Наурыз мерекесі құтты болсын!

D)Қымыз киелі асқа саналады.

E)Халық – көл, хан – құс.

F)Бекіренің саны азаюда.

G)Ханның қырық уәзірі болыпты.

H)Шаруа қожалығын аштым.

32. Еліктеу сөзден жасалған зат есімі бар сөйлем(-дер)

A)Маңайы ығы-жығы толған адам.

B)Күрк-күрк жөтелген баламды дәрігерге апардым.

C)Асқазанымның қыжылы басылмай қойды.

D)Қыстың сықырлаған аязынан тоңып барамыз.

E)Жылтыңдап бір кіріп, бір шығып әбден жүйкеге тиді.

F)Ауыз үйдегі тарсылдан оянып кеттім.

G)Қабаған азулы итінен қорқып тұрып қалдым.

H)Шығайбай томпаңдап үйінен шыға жөнелді.

33. Тыныс белгісі қойылмаған қаратпа сөз(-дер)

A)Айта ғой құлағым сенде шырағым.

B)Еліміздің тыныштығы қымбат.

C)Мен өз тілегімді айттым.

D)Алыстан жастардың салған әні естілді.

E)Көргенді көпті жеңеді.

F)Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда.

G)Бері кел балам қасыма отыршы.

H)Достық ең қымбат ұғым.

34. Есімдік қатысқан мақал-мәтел(-дер)

A)Екі қораз ен қораға сыймас.

B)Ананың басқан жерінде бейіш бар.

C)Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.

D)Анасын сүйгеннің – баласын сүй.

E)Кіші үлкенмен кіріспес.

F)Күлме досқа, келер басқа.

G)Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.

H)Кең болсаң, кем болмайсың.

35. Шартты бағыныңқылы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңардың баяндауышының тұлғалық белгісі (белгілері)

A)етістіктің түбіріне -ысымен қосымшаның жалғануы арқылы

B)-а,-е,-й жұрнақты көсемше арқылы

C)етістіктің түбіріне -са, -се жұрнағының жалғануы арқылы

D)есімшеден кейін сайын, соң шылауларының келуі арқылы

E)ашық райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркесуі арқылы

F)есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы

G)есімшеге септеулік шылауларының тіркесуі арқылы

H)есімшеге -ша, -ше жұрнақтары жалғануы арқылы


Қазақ әдебиеті

1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қандай өлең түрімен жырланғанын  табыңыз.

A)16-18 буынды өлең үлгісімен.

B)5-6 буынды өлең үлгісімен.

C)14-16 буынды өлең үлгісімен.

D)Қара өлең түрімен.

E)7-8 буынды өлең үлгісімен.

2. «Махамбет Исатайды әрі көтеріліс көсемі, әрі батыр, қайыспас берік, әрі ақылды, халық тілегін жеке басының мақсатынан жоғары санайтын ... шоқтығы биік жан етіп көрсетеді». Берілген пікір авторы

A)Қ.Жұмалиев

B)Е.Ысмайылов

C)Ә.Марғұлан

D)Х.Досмұхамедұлы

E)З.Ахметов

3. «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеген» жауынгер жыршы

A)Ш.Қанайұлы.

B)Д.Бабатайұлы.

C)Жиембет жырау.

D)Ақтамберді жырау.

E)М.Өтемісұлы.

4. Төмендегі үзіндінің авторы

Білімді сол кісіден ізденелік,

«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге» делік...

A)А.Байтұрсынов.

B)А.Құнанбаев.

C)М.Жұмабаев.

D)Ж.Аймауытов.

E)Ш.Құдайбердіұлы.

5. Шәкәрімнің поэмасы

A)«Ақан сері – Ақтоқты».

B)«Айман – Шолпан».

C)«Қыз Жібек».

D)«Ләйлі – Мәжнүн».

E)«Медғат – Қасым».

6. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея

A)«Ботагөз»

B)«Ақын аға»

C)«Тар жол, тайғақ кешу»

D)«Абай жолы»

E)«Абай аға»

7. Үзінді Ж.Жабаевтың қай өлеңінен алынғанын табыңыз.

Шып-шып етіп молданың

Қолындағы тобылғы,

Қозғалтпайды жон жағым,

Талай дүре соғылды.

A)«Кәдірбайдың төбеті».

B)«Әділдік керек халыққа».

C)«Ленинградтық өренім».

D)«Шағым».

E)«Жылқышы».

8. Дала қандай!

Даладағы ат қандай!

Шалғын шөпке белшесінен батқандай...

Көз алдымда аунап бара жатқандай.

Үзіндідегі фигураның түрі

A)дамыту


B)элипсис

C)арнау


D)инверсия

E)шендестіру

9. «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының авторы

A)М.Әлімбаев.

B)Қ.Бекхожин.

C)Қ.Жұмалиев.

D)М.Әуезов.

E)С.Мұқанов.

10. Фариза Оңғарсынованың Халқымыздың мәдени ұлттық құндылықтарын қастерлеуге арналған өлеңі

A)«Теңіз аласапыран»

B)«Оюлар»

C)«Жас ананың әндері»

D)«Қыз сөзі»

E)«Өлеңге»

11. Рабғузидің Лұқман хакім туралы екінші әңгімесінде Лұқманның жауабы

A)Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық.

B)Егер мақтағың келсе, жомарт ерді мақта.

C)Жұпар қалтадан жұпар кетсе де, иісі қалар.

D)Адалдық ойлап едің, пайда таптың.

E)Тәтті болмақ та, ащы болмақ та тіл мен жүректен.

12. Қожанасырға тән нұсқа

A)Шайтанды алдап кетеді

B)Тапқырлық пен ақылдылық танытады

C)Шығайбайдың сараңдығын әшкерелейді

D)Хан, бай, саудагерлерді алдап кетеді

E)Байдың қызы Бізбикені алдап алып кетеді

13. Жиембет жыраудың өлеңдерінде кездесетін географиялық атаулар

A)Еділ, Жайық, Іле

B)Арқа, Көкше, Бұланты

C)Өзен, Арал, Дендер

D)Түркістан, Отырар, Шу

E)Қызылжар, Өстепке, Бұлақ

14. «Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деп оқу-білімге шақыратын Абайдың өлеңі

A)«Әсемпаз болма әрнеге»

B)«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

C)«Жаздыгүні шілде болғанда»

D)«Интернатта оқып жүр»

E)«Жазғытұры»

15. «Менің атым – Қожа» повесінің кейіпкеріне жатпайтын қатар

A)Қожа, Ахметов.

B)Жантас, Жанар.

C)Сұлтан, Анфиса Михайловна.

D)Дәулет, Шеген.

E)Майқанова, Оспанов.

16. Құбылтудың түрі

«Әкежан» деп қалмақтар

Бенде боп қолға түседі.

Түртіп өтіп кеткені

Тақиядай ұшады,

Екпініне шыдамай,

Атының жалын құшады...

A)метафора

B)кейіптеу

C)әсірелеу

D)литота

E)алмастыру

17. XVII ғасырда екпінді, өжет жырларымен тарихта аты қалған, Есім хан тұсында өмір сүрген атақты жырау

A)Жиембет

B)Қазтуған

C)Шалкиіз

D)Үмбетей

E)Доспамбет

18. Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал» туындысына қай орыс қаламгерінің шығармаларының қазақша нұсқасын кіргізгенін табыңыз

A)И.Крылов.

B)Л.Толстой.

C)А.Фадеев.

D)М.Горький.

E)Т.Шевченко.

19. Үзінді алынған М.Әуезовтің шығармасы мен кейіпкері

«...Арада екі жұмадай уақыт өтті. Бұл кезде ... елден, жұрттан безіп шығып, тау ішінің жайын тағысы сияқтанып жүрген қашқын...»

A)«Жетім» әңгімесі, Қасым

B)«Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты, Бақтығұл

C)«Қилы заман» романы, Жәмеңке

D)«Қорғансыздың күні» әңгімесі, Ғазиза

E)«Абай жолы» романы, Базаралы

20. Егіздеу, яки параллелизмнің анықтамасы

A)сөйлем ішінде атап айтпаса да, түсінікті кейбір сөздерді әдейі тастап кету

B)ақынның өзіне не өзгеге қайырыла сөйлеуі, іштей кеңесуі

C)алдыңғы сөзден соңғы сөзді асыра, асқақтата түсу

D)әдеттегі орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру

E)екі ұдай нәрсені, құбылысты қатар қойып суреттеу

21. 1. Ат тұяғынан құм сауырын ойып түскен дөңгелек шұңқыр лезде қайта толады. Алдындағы оқ бойы озық өңшең құла ат мінген күзет сарбаздарынан тау-тау шағылдың беткейінде шашырап қалып жатқан көп із көзді ашып-жұмғанша-ақ ғайып болады. Сусыма құм баянсыздықтың тылсым құдіретін танытқысы келгендей, құп-қу жүзіне жолап кеткен сәл таңбаны жалмап жұтып жатыр.

2. Әмірші ұлы шөлге келгелі бері оппа құмның осы бір обыр мінезінен назарын қанша алып қашса да, құтыла алмай-ақ қойды. Сары ала күйменің ішінде сусылдақ құмаққа шашасын қаптырып, малтыға жорғалап келе жатқан көп аттың тұншыға шыққан жапа-тармағай дүсірін тыңдай-тыңдай мезі боп кетіп, тұсындағы селдір пердені ысырып, сыртқа қарады-ақ, көзіне ылғи сол түседі.

3. Шаңылтақ көктем. Қыста қар көріп жарымаған жабырқаңқы шөл көзіңді қажытады. Жүзген мен сексеуіл әлі бүр жармапты, сояу қалпы.Төңірек түгел мүлгіп тұр. Деңкиген шағылдар да, тырбық құм бұталары да ғұмыры қыбыр-қимыл көрмегендей, жер тістеп жатып алыпты.

4. Тасбақаның дауылы басылғаны таяуда ғана емес пе еді? Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей бет шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған. Әлдеқандай долы дүлей қара жерді тас-талқанын шығарып, күл қып уатып, сосын бір алапат табаққа салып ап, елеп, кебегін желпіп ұшырып жатқандай, жер мен көк түгел шаңға айналып кеткен-ді. Қара құрым қалың қол бірін-бірі көре алмай, кеуделерінен төмпештей ұрғылап кері итеріп баққан қызыл желді бетке ұстап ілбіген де отырған. Күллі дүние түлен тигендей тулап шыға келген-ді. Аспан қайда, жер қайда – ешкім ажырата алмастай... Құлақ сарсытып ұлып тұрған жел... Күллі кеңістікті бір өзі иемденіп, асыр салып ойнақтап жүрген шаң-тозаң... Енді дүние қайта орнына келместей... Сол бір шаң-тозаңға айналған қалпы біржола күлі көкке ұшатындай. Әумесер жел бұл мініп келе жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап, төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің әлдебір тұңғиығына жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды.

5. Аттар әбден титықтап болдырды; жұрт көздеріне құм құйылып, желге қарай жүре алмай, ит зықылары шықты. Сонда да шеруді кідіртпеген-ді. Тоқтағанда да, қара құрым қалың қол тырдай жалаңаш тұлдыр шөлде ықтасын таба ала ма?

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романынан үзінді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет