Сабақ жайлы мәлімет



Дата10.12.2023
өлшемі14,48 Kb.
#136231
түріСабақ

«Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының аясында 2 «И» сыныбында өткізілген
ашық сабақ жайлы мәлімет

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №83 жалпы орта білім беретін мектепте 2023 жылдың 21 сәуір күні 2 «И» сыныбында «Саяхатты жоспарлайық» тақырыбында ашық сабақ өттім. Ең бірінші, сабақтың басында оқушылармен психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында “Гүлмен тілек” әдісі арқылы шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтылды. «Тұрғын және үй» ойыны арқылы оқшыларды топқа бөлдім.Оқушылар екеу-екеу қолдарын көтеріп ұстасады,үйдің шатырын жасайды.Шатырдың астына бір оқушы кіріп тұрғын болады.Сәлден соң мұғалімнің нұсқауымен тұрғын екеу болады.Осылай төрт оқушыдан шағын топтар құралды.Және оқушыларға ашық сабаққа қатысу үшін самолетке ұшу билеттері берілді.Оқушылар «Айналмалы шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтарға жауап берді.Шеңбер айналған кезде оқушыға қай сұрақ түссе, сол сұраққа жауап беруі тиіс.Жаңа сабақты меңгеру кезеңінде оқушылар видеоны тамашалап, жаңа тақырып бойынша құнды мәліметтермен танысты.Интербелсенді тақтада берілген тірек сөздер, суреттерге сүйене отырып, жаңа тақырыпты болжады. Оқушылар жаңа тақырып аясында қолданылатын жаңа қазақша сөздермен танысып, олардың аудармасын айтты.Және сөздік дәптерлеріне жазды. «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасады.Оқушылар суретке қарап, іс-әрекетті сипаттады.Сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, әңгімелеп айтты. Оқушыларды сергітіп алу үшін «Қошақаным» өлеңін қазақ тілінде караокеге қосылып айттық. «Адасқан сөздер» әдіссі арқылы оқушылар берілген кестедегі сөздердің ішінен етістік сөздерді тауып, бояды.Және келесі кестеде жасырынған етістік сөздерді тауып айтты. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың қазақ тілінің грамматикасы жайындағы білімдерін қайталап, бекіттік.Және сабақтың соңында «Білім жүлдесі» әдісі арқылы білім алушылардан бүгінгі өткен сабақ бойынша кері байланыс жасалды.Сабақта оқушылар белсенді және көңілді болды.Берілген оқу мақсатына сай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылармен сабақ мақсатына жеттім деп ойлаймын. Деңгейлік тапсырмаларды топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау арқылы орындады.Оқушылардың деңгейі мен жас ерекшелігін ескере отырып, қолданған әдістер сәтті шықты деп ойлаймын.




Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аппаз Назира Меңлібайқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет