№1-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Ковалентті байланысты заттардың: N2 , O2 және алмаздың моделдерін құрастыру Ермексазды (пластилин), сіріңке шиін немесе металл өзектері (шарлар мен өзектердің дайын жиынтығы) пайдаланып, берілген заттардың молекулаларының модельдерін жасаңдар.
Жұмыс барысы Азот молекуласының моделі. Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей екі шар дайындаңдар. Әр шардың бетіне шамамен бірдей арақашықтықта үш нүкте белгілеңдер. Белгіленген нүктелерге өзектерді бекітіңдер.
Оттек молекуласының моделі. Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей екі шар дайындаңдар. Әр шардың бетіне шамамен бірдей арақашықтықта екі нүкте белгілеңдер. Белгіленген нүктелерге өзектерді бекітіңдер.
Алмаздың моделі. Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей жиырма шақты шар дайындаңдар. Әр шардың бетіне бір нүкте белгілеңдер. Шарларды тетраэдр шығатындай етіп нүктелерге өзектерді бекітіңдер.
Тапсырма. 1. Қосылыстардың құрылыстарын салыстырыңдар.
2. Зат құрылысы тұрғысынан олардың қасиеттерін болжаңдар.
1-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау Реактивтер: 1М-тұз немесе азот қышқылдары және 1М-NaOH немесе KOH ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар:қарапайым калориметр.
Қарапайым калориметр көлемі 250-300 мл сыртқы және көлемі 100 мл ішкі стақаннан тұрады. Қабықтан жасалған тығын, бөліктері 0,10С-қа бөлінген термометр, ішкі стақан жылу беруді азайту үшін тығынның үстіне орналастырылады.
Қауіпсіздік техникасы. Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеу ережесін сақтау.
Жұмыстың орындалуы
1. Калориметрдің ішкі стақанын 0,1 г-ға дейінгі дәлдікпен (m1) өлшеп, оған өлшеуірден (бюретка) 25 мл қышқыл ерітіндісін құйып, оны қайтадан калориметрге орналастырыңдар. Басқа стақанға 25 мл сілті ерітіндісін құйыңдар.
2. Қышқыл ерітіндісінің температурасын 0,10С-қа дейінгі дәлдікпен өлшеңдер. Сілтінің температурасын өлшемесе де болады, өйткені қышқыл мен сілті ерітінділерінің екеуі де бір бөлмеде сақталған. Қышқыл ерітіндісінен термометрді шығармастан қышқылға абайлап сілті ерітіндісін құйыңдар. Қоспаны жақсылап термометрмен араластырыңдар. Температура өзгерісін бақылаңдар. Температураның жоғарлауы тоқтаған кезде ерітіндінің жоғары температурасын белгілеңдер.
3. Ерітінді бөлме температурасына дейін салқындағанда калориметрдің ішкі стақанын ерітіндісімен қоса 0,1 г-ға дәлдікке дейін өлшеңдер (m2).