№ 10 дәріс тақырыбы. Келер шақ көсемше формалы етістіктің (-а, -е, -й) қатысуымен құрылатын СабҚС-ның семантикалық, грамматикалық сипаты, басқа типті сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы Көсемшенің –ғалы, -гелі формаларының СабҚС құруға қатысы, сөйлемнің бұл түрінің семантикалық, грамматикалық сипаты. Басқа типті сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы
1. Көсемшенің –а/-е, -й тұлғасының тілдегі қызмет аясы –ып/-іп, -п тұлғасының қызметімен бірдей дәрежеде болғанымен, оның тілдегі қолданылу жиілігі өте төмен. Профессор Н.Т.Сауранбаев көсемшенің –п формантты түрін үнемді түрі деп, ал –а, -е тұлғасын үнемсіз түрі деп атайды. Аталған жұрнақ өткен шақ көсемше сияқты бірыңғай баяндауыштық, бірыңғай пысықтауыштық қызметте кездеспейді. Сонымен қатар –п тұлғасының қатынасуымен жасалатын сабақтастың түрлерін жасауға түгел қатыса алмайды. Әсіресе, сыңарлары бір-біріне тұлғалық жағынан тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап тұратын –п тұлғасы арқылы құрмаласқан үлестес сабақтас сөйлем жасауға мүмкіндігі жетпейді. Өйткені көсемшенің бұл түрі –ып, -іп, -п тұлғасына қарағанда әлдеқайда тиянақсыз. Сондықтан баяндауышы –а, -е, -й тұлғасынан болған бағыныңқы сыңарлар негізінде тек тұлғалық жағынан ғана емес, сонымен бірге мағыналық жағынан да тиянақсыз болады. Ол басыңқы сөйлемдегі белгілі бір мүшеге меңгеріліп, соны түрлі жағынан сипаттап, пысықтауышқа қойылатын бір сұрауға жауап болып, онымен қалыпты тұрлаусыз мүше тәрізді қатынаста тұрады. Тізгінді тапал сары Сейітке бермей, өзі алып жүрді.