Морфема туралы түсінік
Жұмыс жоспары:
Кіріспе бөлім: Морфема туралы түсінік
Негізгі бөлім: Морфема түрлері
Қорытынды бөлім.
Морфема (гр. morphe – түр, тұлға) – сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі, грамматикалық ұғым. Ұғымға алғаш И.А. Бодуэн де Куртене (1881) енгізген. Морфема негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі морфемаға дербес лексикалық мағынасы бар, сөздерге ұйтқы болатын түбірлер (ақ, ек, ұқ, ас, ұр, үр, ер, т.б.) жатады. Қосымша морфемаға жеке лексикалық мағынасы болмайтын, тек грамматикалық мағынаға ие қосымшалар мен қосалқы Морфемалар (-ның, -нің, -ға, -ге, -ын, -ін, -ар, -ер, т.б.) жатады. Қосымша морфема сөз түрлендіруші, сөзжасамдық тұлғаларға және жалғауларға бөлінсе, қосалқы сөздер құранды атауларда жұмсалады. Қосымша морфемалар кез келген түбір морфемаға жалғана бермейді, синтагматикалық және парадигматикалық заңдылықтарға бағынады, араларында мағыналық және тұлғалық мәндестік болады. Қосымша Морфеманың түбірге жалғануында ішкі иерархиялық заңдылық бар. Айталық, зат есім тұлғаларының жалғануы түбір морфема + көптік + тәуелдік + септік жалғаулары болып келеді, мысалы: бала+лар+ымыз+дың. Бір мағына беретін морфема бірінің үстіне бірі жалғанбайды, етістік тұлғаларында да осындай заңдылық сақталады. Есімше тұлғасының үстіне көсемшенің жұрнағы жалғанбайды, жіктік жалғауы соңынан жалғанады: кел+іп+ті, бар+ған+быз. Түбір морфемаға бірнеше қосымша морфема жалғана алады:
Тілімізде түбір морфема көп, қосымша морфеманың саны әлдеқайда аз.
Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау үшін, ең алдымен негізгі морфологиялық ұғымдарды біліп алуымыз керек. Ол ұғымдар: морфема, түбір морфема, аффикстік морфема - дегендер.
Достарыңызбен бөлісу: |