10 семинар: XIX-XX ғ. басындағы қазақ зиялылары еңбектеріндегі жер мәселесі туралы көзқарастар



бет1/2
Дата04.04.2023
өлшемі75,55 Kb.
#79158
түріСеминар
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Факультеті: Шығыстану
Кафедрасы: Қиыр шығыс

СӨЖ
Тақырыбы: 8 семинар: Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарының Қазақ хандығымен қарым-қатынастарының (сыртқы, саяси, сауда және т.б.) сипаты. 10 семинар: XIX-XX ғ. басындағы қазақ зиялылары еңбектеріндегі жер мәселесі туралы көзқарастар.

Орындаған: Жумабекова Жансая
Тексерген: Абикенова Г.Е.

Алматы, 2023 ж.


8-семинар
18 ғасыр Батыс елдерінде әлемдік держава болуға қадам жасап жатқан кезінде, өндіріс алдыға шығып, соғыс тәсілдері өзгерген уақытта, қазақтың даласында яғни Орта Азия даласындағы сол бұрынғы жағдай мен саяси шиеленістер орын алып жатты. 18 ғасырда Қазақстанның геосаяси жағдайы күрделі болды. Себебі солтүстік және солт-шығыста Ресей империясының иеліктерімен, оңтүстік және оңт-батыста Бұхара, Хиуа және Қоқан хандықтарымен шектесті. Сонымен қатар, Хиуа мен Бұқара хандықтарында ішкі сяаси тұрақсыздықтар мен өзара қақтығыстар орын алды. Және үлкен қиындықтарды туғызған Жоңғар хандығы да болды. Жоңғар хандығының шапқыншылық істері тек сыртқы мәселелерді ғана емес, ішкі саясаттың шиеленісіп, құлдырауына алып келді. Ал 1723 жылғы шапқыншылықтың кезінде Кіші жүздің қазақтары Хиуа мен Бұқараға да көшкен еді.
Жоңғарлардан бөлек, көшпелі қазақтар айтып кеткендей оңтүстікте Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен шектесті. 18 ғасырдың 20-30 жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігін Қоқан хандығы жаулап алып, орта жүз жерін алуға да ұмтылды. Ал Сырдарияның төменгі ағысы, Үстірт, Маңғыстау ауданындағы қазақ қонысын Хиуа басып алды. Хиуа мен Қоқан хандықтары саяси, экономикалық шараларымен қоса, қазақтарға идеологиялық жағынан ықпал еттіп, мюридизм діни ағымды енгізді. Олар феодалдық езгі жүйесін орнатты.
Хиуа хандығы 19 ғасыр басында өзінің шабуыл саясатын анық жүргізді. Мерв түрікмендердің жерін жаулау арқылы шекарасы кеңейтілді. Ал Елтүзер ханның мирасқоры Мұхаммед Рахим тұсында ірі мемлекетке айналып, саяси біртұтас мемлекет болып саналды. Оның тұсында Арал иеліктері мен қарақалпақ қоныстары біріктірілді.
Мұхаммед Рахим Сырдарияның төменгі ағысында қазақтарға өз билігін жүргізді. 1812, 1816, 1820 жылдарда шабуыл жасап, қазақ қонысының ойранын шығарды. Әсіресе 1820 жылғы шапқыншылығы үлкен ауыртпаушылықтарды алып келді. 7 мыңнан астам жылқы, 65 мың қой, 15 мың түйе әкетіліп, мыңдаған әйел тұтқынға түсіп, бірнеше жүз қазақ қаза тапты. Сол уақытта Арынғазы сұлтанның хандықты нығайту жолындағы істері де нәтижесіз болды. Кейін Аллақұл тұсында Сырдария маңындағы қазақтармен қайта соғыс басталып, 19 ғасырдың 20-30 жылдарында Шекті, Табын, Төртқара, Байұлы руларының бір бөлігі Хиуа билігінің астында болды. Данилевскийдің айтуынша, отырықшы халықтың ішінде қазақтың 500 отбасылары болды, ал көшпелі халықтар туралы деректер келтірілмеді. Е.Килевейннің дерегі бойынша Хиуа ханының қол астындағы қазақтар 10000 шамасы болды. Бірақ шын мәніңде қол астындағы қазақтар саны әлдеқайда көп болды. Сонымен қатар, Хиуалықтар халықтан үлкен зекет жинады; көптеген салықтарды төйлей алмай, кейбір қазақ кедейлері өз балаларын құлдыққа сатуғада мәжбүр болды. Хиуалықтардың қазақ жерін басып алу олар үшін баюдың, өз дәулетін арттырудың басты көзі болды. Сондықтан олар өз жорықтарын феодалдық тоңау шапқыншылғы түрінде жүргізді. Ал 19 ғасырдың 20-30 жылдарында басқаншылық саясаттарының стратегиялық мақсаты өзгере бастады. Хиуа ханы енді патша шабуылының жолына бөгет қою мақсатында қазақ үшін күресті.
Қоқан хандығының саясаты Хиуа хандығының саясатынан кем түскен жоқ. Әлім хан тұсында өз жаулап алу саясатын Орта жүз қазақтарының қоныстарына басып кіруімен бастады. Ең алдымен Шымкент, Сайрам және Құрамды басып алды. Әлім ханның қатігездігін деректерде көптеп сипаттаған. Оған «Залым», Шир Гара деген ат қойылған. «Таарих Шахрохидың» авторы: «Дешті Қыпшақ даласына еніп алып, кең даланы қазақтар үшін тар қапасқа-тозаққа, көрдей қараңғы зыңдаңға айналдырды...» деген. Ал кейін Омар хан болды. Ол өз дәуірінің саналы адамдарының бірі еді. Оның тұсында Түркістан қаласы басып алынды. Сонымен қатар, Сырдария, Шу және Сарысу өзендері бойымен көшіп-қонып жүрген қазақ руларына Қоқан ықпалын күшейту мақсатында Жаңақорған, Жүлек, Күмісқорған т.б бекіністері салынды.
Қоқан ханының қол астында орта жүз руларының көбі болды. Ю.Южаковтың мәліметі бойынша: Бестаңбалы, Сиқым, Шымыр, Жаныс т.б болды. Ал Ұлы жүзді жаулап алушылық саясаты сәл өзгешелеу болды, негізінен сауда-саттық мақсатында болды. Сонымен қатар, сол уақытта қазақтардан малдан-зекет, егістіктен-харадж салығы алынып отырды. Және қоқандықтар қазақтарды әртүрлі себеп-сылтаулармен тоңайтын. Салықтан бөлек, қазақтар жер жыртуға, бау-бақша өңдеуге, қамал қабырғаларын жөңдеуге т.б мәжбүр болды. Әскери іс-қимыл кезінде әрбір қазақ өзі жеке Қоқан бегіне келуге міндетті болды, және әскерде қызмет еткен кезде оларға мүлде ешқандай теңге төленбеді. Ауыр езгіні бастан кешкен қазақтар Қоқандықтарға қарсы көтерілістерге шығып отырды. Көтерілісшілерге Шымкен, Әулиеата және тағы басқа қалалардың қазақтары қосылды. Осындай көтерілістің бірін Тентектөре басқарған еді.
Сондықтан, Қазақтардың 30-40 жылдардағы негізгі мақсаты өзінің мемлекеттілігін сақтап қалу үшін күресу болды, мұның өзі екі бағытта, майданда Ресей патша өкіметіне және ортаазиялық хандықтарға қарсы болды. Қорытындылай келе, біз қазақ жерінің сол уақытта геосаяси жағдайы күрделі болғанын көре аламыз. Ең басыңдағы Жоңғар шапқыншылығы елімізге үлкен ауыртпалықтарды алып келді, және Ресей империясының да жүргізген саясаты оңай болмады. Сонымен қатар, Хиуа, Қоқан хандықтарының өздерінің тигізген ықпалдарының кері әсерлері көп болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет