Тақырып: Менің мамандығым менің болашағым



Дата19.09.2022
өлшемі44,29 Kb.
#39456
түріНұсқаулар

Тақырып: Менің мамандығым - менің болашағым
БІЛІКТІ МАМАН

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі экономика саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен докторантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.


Қазіргі заман талабына сай, бүгінде экономика саласы даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде білімді мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан-жылға көбейіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген жастарға жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.
Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.
Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.
Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.
Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Елбасының жолдауында бүгінгі күннің талабы бойынша, білікті маман болу болашақтағы кәсіби мамандықты игеру, мемлекеттік тілді және шетел тілін меңгеру басты мақсат болу керек.


Сөздік минимум



маман

специалист

үлес

доля

ізденіс

поиск

қабілетті

способный

шәкіртақы

стипендия

сұраныс

спрос

насихат

пропаганда

білікті

квалифицированный

Мәтін бойынша тапсырмалар




1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, 5-6 сұрақ-жауап құраңыз.
Лексика-грамматикалық жаттығулар
1-жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

1. Өзара, мақұлдайтын, шартына, ендік, Болон, сөйтіп, оқу орындары, жоғары, дипломды, берген.


2. Етті, ғылым, министрлігі, Білім, осы, бағытта, және, тәуекел, қадам, батыл, жасауға.

  1. Оқу, жүйеге, орындары, Қазақстандағы, көшті, көптеген, несиелік.



2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді, сөз тіркестерін қойыңыз.

1.Отандық жоғары мектептің басты міндеттерінің бірі ... төтеп бере алатын студенттер контингентін қалыптастырып, олардың ... арттыру болып табылады. 2.Аралық тест арқылы мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған бақылау ... да, онда оқитын ... да жауапкершілігін арттырып, сапалы білім ... негізін қалай алады. 3.Қазақстанның білім саясатындағы ұстанған бағыты елдің ..., санаткерлікті ... көмектеседі. 4.Мәселенің маңызын Болон процесіне ... ғана байланыстыруға болмайды. 5.Оқу пәнінің ... бүтіндей несие санын құрауы керек. 6.Бұл іс жүзеге асып жатса, әрбір студенттің ... алуына мүмкіндік беретін ... ұсынылады.


Қажетті сөздер, сөз тіркестері: жоғары оқу орнының, бәсекеге, болашақ мамандардың, қосылғандығымен, көлемі, тиянақты білім, жеке оқу жоспары, білім сапасын, көрсеткішінің, беделін көтеруге, арттыруға.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет